Омбыға оқуға бару үшін маған болыстан к у ә л і к қ а ғ а з керек, с о н ы бергісі келмеген Сайтақты Боржабай жалынып әрең көндірді (Мұқанов) деген құрмалас сөйлемде куәлік қағаз туралы бі-рінші жай сөйлемде де, екінші жай сөйлемде де айтылған. Бірақ екінші жай сөйлемде ол сөздің өзін қайталамай, оның орнына соны деген сілтеу есімдігі қолданылған.
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемнің бірінші компонен-тінде айтылған белгілі бір сөзді я сөздер тіркесін екінші компонентте де қайталап айту, сол арқылы жай сөйлемдердің магыналық бірлігін, күрделілігін байқату, негізінде, ауыз әдебиетіне жататын шығармаларға тән қасиет деуге болады. Сол сияқты, бірнеше жай сөйлемдердің бір ғана бастауышқа ортақтасып барып құрмаласуының нелер көлемді түрлері де ауыз әдебиетіне жататын — ертегілер мен жырларда, халық дастандарында жиі кездесіп отырады. Мыс.:
1. Беліне садақ байланады, қолына темір таяқ алады, аяғына те-мір етік киеді, ай жүреді, жыл жүреді, талай елді, талай жерді аралайды («Ер төстік»).
2. Ақмоншақ атқа мінеді,
Беліне семсер іледі,
Денеге сауыт киеді,
Төбеге шашты түйеді,
Ноғай бөркін киеді,
Қобыландының соңынан
Дөңгеленіп келеді («Қобыланды батыр»).
3. Таяқ тайға жеткізер,
Тай құнанға жеткізер,
Құнан атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер (мақал).
Мысалдың бірінші тобындағы алты жай сөйлем Ер төстік деген бір ғана бастауышқа ортақтасып тұрса, екінші тобындағы алтын жай сөйлем Қарлыға деген бір бастауышқа ортақтасып тұр. Үшінші шумақтағы әр жай сөйлемнің өздеріне меншікті бастауыштары бар. Мұндағы жай сөйлемдердің бірлігін көрсетіп, оларды өз ара құрма-ластырып тұрған — жеткізер деген бір сөздің төрт жай сөйлемнің төртеуіне де баяндауыш болып, қайталап айтылуы.
Баяндауыштары қайталап айтылған бір сөзден болған жалғау-лықсыз салалас сөйлемнің компоненттері кейде ықшамдалып, өз ара сыйыстырылып айтылады. Ондай ықшамдалулар алдыңғы компо-ненттің баяндауышы айтылмай, түсіріліп қалдырылу арқылы жаса-лады. Мұндай жағдайда баяндауышы түсіріліп, ықшамдалып айтыл-ған компонент сөйлемдік қасиетінен айрылады да, кейінгі компо-нентпен бірігіп, бірыңғай мүшелі (бастауышты) жай сөйлемге айналады. Мыс.:
Сағынған елін аңсайды, Сары ала қаз көлін аңсайды. Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас. Ел жасымен көрікті, тау тасы-мен көрікті, аяқ асымен көрікті (мақал).
Бұл мысалда компоненттерінің баяндауыштары бір сөздің қай-талап айтылуынан болған үш түрлі жалғаулықсыз салалас сөйлем
182
бар. Жоғарыда көрсетілгендей, мұндағы әр салаластың алдыңғы компоненттерінің баяндауыштарын тусіріп, ықшамдап айтсақ: Сағынған елін, сары ала қаз көлін аңсайды. Елінен безген ер, көлінен безген қаз оңбас. Ел жасымен, тау тасымен, аяқ асымен көрікті деген бірыңғай мүшелі үш жай сөйлем болып шығады.
Бірақ бұлар құрылысы жағынан жай сөйлем болғандарымен, мағыналары жағынан әрқайсысында бір-бір күрделі ойдың барлығы, компоненттер баяндауыштарының жасырын екендігі байқалып тұ-рады.
Жалғаулықсыз салалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен байла-ныстыруда компонент баяндауыштарының жақтық, шақтық, сан-мөлшерлік жағынан бірыңғай, бір тектес болып келулерінің де елеулі мәні болады. Мыс.:
Мұның өзін де а т п а й ы н, атын да атпайын, тек мұның қорамсақтағы жүз алпыс кез оғын жалғыз доғал оқпен атып уатайын («Ер-Тарғын»). Баласына билік бермейді, ол әкесінен шыға алмайды, мен одан шыға алмаймын (Мұқанов).
Компонент баяндауыштарының жақтық, шақтық жағынан бір-тектес болып келуі прозадан гөрі поэзияда жиі және күрделі больш жездеседі. Ол — поэзияның ритмикалық қасиетіне де байланысты болар. Мысалы:
Құбылып бурыл г у л е д і,
Табаны жерге т и м е д і,
Тау менен тасты к ө р м е д і,
Төрт аяқты с е р м е д і,
Тер шыққан соң ө р л е д і,
Достарыңызбен бөлісу: |