Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет98/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Кірпіш үй сыртынан қораш еді, ішіне енгенде бұған да көңілі тойып қалды (Мұстафин). Құтыла алмайтынын көрген Ыбрай Мұстафаға келіп айтып еді, ол мені жазалаған жоқ (Мұқанов). Марфа жалма-жан терезеге ұмтылып сырт жаққа қарап еді, көшеде ешбір бейсауат жүріс те, қимыл да көзге түспеді (Есенжанов). Көп балалы үйдің шаң-шұңы көп болушы еді, бұл үйде бір бала қыңқ еткен жоқ (Мұстафин). Жаз ортасы боп қалды, мал әлі тойынған жоқ (Мұқанов).
4. Қарсылықты мағына компонент баяндауышы қызметіндегі етістіктердің бірінің болымды, екіншісінің болымсыз түрде айтылуы арқылы да жасалады. Мыс:
Күлпаш, мен сенімен сөйлесіп тұрғаным жоқ, мына Әйтекеңмен сөйлесіп тұрмын. Маған балаң мен келінің аянышты емес, мына сен аяныштысың. Хакім бұл оңай әдісті молдалардан естіген жоқ, мұны оған Әмір айтып еді (Есенжанов). Бұның бірі де сүлу келіншектің қуанышы емес, келіншектің өзі қуаныштың жемісі (Мұстафин). Мол жарық қазақ терезесінен түскен жоқ, сол келіп жүрген жұмыскер жолдастары түсірген жарық еді (Мүсірепов).
Компоненттері жалғаулықсыз байланысатын қарсылықты сала-| лас сөйлемдердің көпшілігіне қарсылықты жалғаулығын қосып айта беруге болады, бірақ мұндай өзгерісті жалғаулықсыз қарсылықты салаластың кез келген түрі көтере бермейді. Мыс.:
Сейттің жаңағы ыңғайын жігер лебі деп ұққан жоқ, ояна бастаған кек салқыны деп түйді (Мүсірепов). «Қара әулиенің» үңгірі біреу емес, бүйірлеп кететін бірнеше қалтарыстар бар еді (Әуезов). Мені ешкім жұмсаған жоқ, өзім кеттім (Есенжанов).
Компоненттері мағыналарының бір-біріне қайшы келіп тұрғанына қарамастан бұл мысалдағы, сол сияқты жоғарғы төртінші тармақта келтірілген сөйлемдердің де ешқайсысына қарсылық жалғаулығын айтуға болмайды.

Түсіндірмелі салалас сөйлем


Түсіндірмелі салалас сөйлемде бірінші компонент жалпылық мәнде айтылады да, кейінгі компонентте я компоненттерде оның мәні я себептері сараланып ашылады, талданып түсіндіріледі. Мыс.:


Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады, біреу-лері оның атын атап айғайлады. Күн бесіндікке келген кезде Көр-кемтайдың аулы астан-кестен болды: кемсеңдеп кемпір-шал жылады, қанын тартып сұрланып сең соққан балықтай мең-зең болып жастар тұрды (Майлин); Көкөзек Ушаковты алдап ұрды: нәлі бар да, бақыры болмай шықты (Мүсірепов). Олардың төбесі төмен төңкерілген судағы көлеңке елесі түрлі-түрлі: кейбіреуі суға шаншыла құлаған шоп-шошақ көк сәукеле сияқты да, енді біреулері жүнін сілкіп тірілткен үлкен-үлкен сеңсең бөріктерге-
187


ұқсайды (Есенжанов). Балалар ол ұяға барудың да әдісін табады: сирағын қияққа тілдірмеу үшін олар аяғына жас қоғажайдан етік өріп алады, қолына қоғажайды қолғап өріп киеді (Мұқанов).
Келтірген мысалдағы бірінші сөйлемнің алдыңғы компоненті жұрттың дүрліккенін ғана айтып қойса, кейінгі компоненттер сол дүрлігудің қалай болғандығын, дүрліккен жұрттың не істегендігін талдап түсіндіреді. Ал мысалдың ең соңғы сөйлеміндегі бірінші ком-понентте балалардың үяға барудың әдісін тапқандығын ғана айта-ды, бірақ оның қандай әдіс екендігі, оны қалай тапқандығы белгісіз, сол белгісіз жайттар кейінгі компоненттерде сараланып ашылған. Мысалдағы басқа сөйлемдер де осылар тәрізді.
Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан алғанда бі-рінші жай сөйлем баяндауышы сол, сонша, соншама, сон-шалық, сондай деген есімдіктер мен үстеу сөздерден болған сөйлемдер де осы түсіндірмелі салалас сөйлемге жатады, өйткені мұнда да бірінші компоненттің сыры кейінгі компоненттерде ашылады, түсіндіріледі. Дегенмен салалас сөйлемнің бұл түрінің өзіндік біраз өзгешеліктері де жоқ емес. Ол өзгешеліктер мыналар:
Бірінші жай сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарушы және сол арқылы екі жай сөйлемді құрмаластырушы больш тұрған с о л, сонша, соншалық, сондай, соншама сөздері өз бастауыштарының іс-әрекет, жай-күйлерін өздері ашпайды, сол баяндалатын әрекетке, жағдайға ерекше мән беру, көңіл аударту мақсатымен соған сілтейді де, оның сыры кейінгі сөйлемде ашылады. Соның нәтижесінде кейінгі жай сөйлем тұтасымен алдыңғы жай сөйлемнің баян-дауышы орнына қолданылады да, соның білдіруге тиісті мағынасын білдіреді. Мысалы: Менің де ойлап жүргенім с о л, енді біз татула-сайық,— деген сөйлемдегі енді біз татуласайық деген екінші компонент бірінші компоненттің баяндауышы білдіруге тиісті мағынаны білдіріп тұр. Сөйтіп, бір пікір екі рет айтылады. Бірінші ретте оның сыры нақтылы ашылмай, соған меңзеу, сілтеу түрінде ғана айтылса, екіншісінде ол талданьш ашылады.
Ал енді, бірінші компонентінің баяндауышы сонша, соншалық, сондай, соншама сөздерінен болатын құрмаластағы жай сөйлемдердің мағыналық қатынасында с о л сөзі арқылы жасала-тын құрмаластан гөрі біраз өзгешеліктері болады. Оны байқау үшін мына мысалдарды талдап көрейік:
Жұрттың бәріне өлең сөздерінің қазіргі жағдайға үйлесімді кө-рінгені с о н ш а л ы қ, өлеңді олар сақ-сақ күліп қарсы алды. Ақы-рында хутордың іруінің қатты етек алғаны с о н д а й, жалаң аяқ. сымбатты, білімді балаларға хутор қыздарының сызылған назы да әсер етпеді (Макаренко). Мұндай санасыз қондырыла салатын тәртіптен тартқан азабым с о н ш а м а, ақыры, тіпті, Россияға қайта қашып кетпек болдым (Козлов).
Мысалдардан байқалып тұрғанындай, бұл сөйлемдердің барлы-ғында да бірінші компонентте сол коммпоненттің бастауышы болып тұрған сөздің мағынасы арқылы байқалатын әрекеттің, жай-күйдің ерекше мәнді, әсерлі, күшті болғандығына назар аудартып, соған ой салмағын түсіре сілтесе, екінші компонент біріншідегі сол ерекше жағдайдың нәтижесінде не болғанын баяндайды.

Салыстырмалы салалас сөйлем


Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің бұл түріне бір-біріне антитеза немесе аналогия ретінде алынған екі түрлі субъектінің іс-әрекеттерін


188

қасиеттерін, жай-күйлерін салғастыра баяндайтын сөйлемдер жата-ды. Салыстырмалы салалас сөйлем мақал, мәтелдерде өте жиі кезде-седі. Мыс.:


Саналы адам сағыңды сындырмас, санасыз адам жағыңды тын-дырмас. Білген адам тауып айтады, білмеген адам қауып айтады. Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер. Ынтымақты елге еш-кім жетпес, ынтымақсыз елдің өкініші кетпес. Тозар елдің жанжалы бітпес, озар елдің арманы бітпес.
Мысалдағы сөйлемдердің бір компонентінде жақсылықтың, ізгі қасиеттің жақсылығы, артықшылығы айтылса, екінші компонентте оған жамандықтың жағымсыз нәтижелері, кесапат қылықтары қа-рама-қарсы қойыла салғастырылған.
Бірақ салыстырмалы салалас сөйлемнің барлық түрі бірдей бұлай болып келе бермейді. Ол кейде бір-біріне аналогия ретінде алынған екі түрлі заттың, құбылыстың іс-әрекетін, жай-күйін жай ғана баяндайды. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет