Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет91/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Өйткекі, себебі жалғаулықтары арқылы жасалатын себептес салалас сөйлемдер
Ө й т к е н і, с е б е б і деген жалғаулықтар арқылы құрмаласа- тын жай сөйлемдердің соңғысы іс-әрекеттің себебін білдіреді де, ал- дыңғысы сол себептен туған нәтижені, салдарды білдіреді. Мысалы: Оның бұл толқығанын Әмір байқаған жоқ , ө й т к е н і ол аң-таң болып барлық назарын Әбдірахманның түрінің жан танымастай өзгеріп кеткеніне аударды. Деревняға кештетіп кірген отрядтың Белов бастаған ат, азық жинаушы топ екеніне ол шек келтірген жоқ, ө й т к е н і сол маңда бұлардан басқа қарулы солдаттар болмайтын (Есенжанов). Сәдірбайға мен жақтым, ө й т к е н і құранды бір сындырғы әдемі оқитын даусым бар. Бүл кезде Шәйім ағай киім тігумен ғана шұғылданды, ө й т к е н і ол ел ішінде құдайдан безген атанды (Мұқанов). Оның бұл сөзді не үшін егіле айтқанын, не үшін оның дір ете қалғанын Тайман сезген жоқ, ө й т- к е н і ол Сәуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді (Әбішев).
Мысалдағы салалас сөйлемдердің барлығында да әуелі, болған, істелген іс-әрекет, жай-күй айтылады да, соңынан оның солай болу себебі, ненің нәтижесінде, неліктен солай болғандыгы баяндалады:
Оның бұл толқуын Әмір неліктен, не себептен байқаған жоқ? Оның байқамауының себеб і- барлық назарын Әбдірахманға аудар- ғандығынан. Деревняға кештетіп кірген отрядтың Белов бастаған топ екеніне ол неліктен, не себептен шек келтірмеді? Оның бұлай ойлауының себебі бұл маңда Белв е бастаған топтан басқа қарулы солдаттардың жоқтығы. Мысалдың кейінгі сөйлемдерінің мағыналары да осылар сияқты.
Сөйтіп, ө й т к е н і, с е б е б і жалғаулықтары болған, болатын я болып жатқан іс-әрекет, жай-күйдің солай болу себебін білдіретін жай сөйлем алдында келеді де, соның құрамына енеді. Сондықтан бұл жалғаулықтар с е б е п жалғаулығы деп аталады. Кейде себеп жалғаулығы мағынасында олай б о л а т ы н с е б е б і, о л а й д е й-т і н себебі, неге десең, олай дейтінім (дейтінің, дейтіні) дегендер тәріздес тіркестер де, болмаса алдыңғы компонент баяндауышының есімше формалы түрде қайталанып айтылған түріне с е б е б і жалғаулығының тіркесіп айтылған түрі де қолданылады. Мыс.:
Олар қанша асыққанмен де бүгін жүре алмайды, жүре а л м а й -т ы н с е б е б і жолды қар басып қалыпты. Мен қорықпаймын, қ о р ы қ п а й т ы н ы м әжем кеше сұрап алған (Майлин). т. б.
174

Сондықтан, сол себепті жалғаулықтары арқылы жасалатын себептес салалас сөйлем


Жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясы жағынан бұл екі жалғаулық осының алдында ғана сөз болған себеп жалғаулығымен бір топқа жатқызылады. Дегенмен бұлардың себеп жалғаулықтары-нан өзгеше, өзіндік мағыналық ерекшеліктері де жоқ емес.


Сондықтан, сол себепті жалғаулықтары да екі жай сөйлем арасында қолданылады да, өзінен кейінгі жай сөйлем құрамына енеді. Бұл жалғаулықтар құрамына енген компоненттер алдыңғы компоненттегі іс-әрекет арқасында туатын немесе туған нәтижені, салдарды білдіреді. Мыс.:
Менің кім екенімді қысқаша түрде Жұмабайға әкесі айтып берді, сондықтан ол менен қымсынбай сөйледі (Мұқанов). Үлкен еңбегі әперген беделі де үлкен еді, с о л с е б е п т і қарауындагы жұ-мысшылардың барлығы оның айтқанын заң көретін-ді. Өткен түні Шалтайды түсінде көрген еді, сондықтан сол күдік көңілінен, әсіресе, бүгін кетпей қойды (Әбішев).
Бұл мысалдағы бірінші жай сөйлемдер екінші жай сөйлемдердегі іс-әрекеттің солай болу себебін білдіреді де, екінші жай сөйлемдер сол себептен туған нәтижені, салдарды білдіреді. Ол неліктен, не себептен менен қымсынбай сөйледі? Оған себеп менің кім екенімді әкесінің алдын ала айтып қоюында. Қарауындағы жұмысшылардың оның айтқанын заң көретін себебі — қартта үлкен еңбегі әперген үлкен беделдің барлығы. Көңілінен күдіктің кетпей қоюына себеп болған жагдай — Шалтайды түсінде көруі, т. б.
Сонымен, өйткені, себебі деген жалғаулықтар бірінші сөйлемдегі іс-әрекеттің себебін, неліктен олай болғандығын білдіретін жай сөйлем құрамында айтылса, сондықтан, сол себепті жалғаулықтары бірінші сөйлемдегі іс-әрекеттің себебінен туған нәтижені, салдарды білдіретін жай сөйлем құрамында айтылады. Сөйтіп, бұл екі топ жалғаулықтың бір-бірінен өзгешелігі — бұлар араласқан салалас сөйлемдегі себепті білдіретін компонент пен сол себептен туған нәтижені, салдарды білдіретін компоненттің орналасу тәртібінде: өйткені, себебі жалғаулықтары арқылы жасалатын салалас сөйлемде бірінші компонент нәтижені білдіреді де, екінші компонент сол нәтиженің себебін білдіреді, ал сондықтан, сол себепті жалғау-лықтары арқылы жасалатын салалас сөйлемде алдыңғының тура керісінше бірінші компоненті себепті, екінші компоненті с о л себептен туған нәтижені білдіреді.
Бұл жалғаулықтардың әр топтағысы бірінің орнына бірі талғаусыз қолданыла береді. Одан сөйлемнің не мағыналық жағына, не құ-рылысы жағына ешкандай нұқсан келмейді. Мыс.:
Оның қыңыр қылықпен тұрып кеткенін отырғандар тегіс түсінді, ө й т к е н і бастан-ақ сабындай бұзылып, құдашамен әңгімесінің жараспағанын, қатар өсіп келе жатқан Нұрымның жиын жерде одан әлдеқайда базарлы екенін, мүны Жартайдың көрер көзге күндеп, тіл тигізе сөйлеп отырғанын бәрі де байқаған-ды, (Есенжанов). Қарт оның не ойлап отырғанын сезген жоқ, с о л с е б е п т і бұл екеуіне ол көз де салған жоқ (Әбішев), — деген сөйлемдердегі ө й т к е н і жалғаулығының орнына с е б е б і жалғаулығын келтіріп, сол себепті жалғаулығының орнына сондықтан жалғаулығын келтіріп айтудан сөйлемге ешқандай нұсқан келмейді. Бірақ бір топқа жататын жалғаулықтың орнына екінші топтағы бір жалғаулықты қойып айтуға болмайды. Ондай ауыстырулар компоненттердің орналасу тәртібін өзгертуді керек етеді. Мыс.:
175


Аңшыдан қашқан қасқырдай салғаннан текіректей жөнелген бұл төртеуі қара жолға алыстан орағытып келіп кесіп өтпекші болды, ө й т к е н і жол бетінде Нұрыш пен Бақы бастаған сегіз аттылы да сар желіп келе жатыр еді (Есенжанов). Жол бетінде Нұрыш мен Бақы бастаған сегіз аттылы да сар желіп келе жатыр еді, сондықтан (сол себепті) аңшыдан қашқан қасқырдай салғаннан текректей жөнелген бұл төртеуі қара жолға алыстан орағытып келіп кесіп өтпекші болды — дегенде, бірінші жағдайда себепті білдіретін жай сөйлем екінші орында келсе, екінші жағдайда ол бірінші орынға шыққан. Тек компоненттердің орны өзгергені ғана болмаса, олардың мағыналық қатынасына ешқандай нұқсан келген жоқ. Екі жағдайдың екеуінде де компоненттердің бірі себепті, бірі сол себептен туған нәтижені білдіріп тұр.
Осы айтылған себептерден де ө й т к е н і, с е б е б і, сондықтан, сол себепті жалғаулықтары арқылы жасалған салалас сөйлемдер себептес салалас сөйлем деп аталады.

Қарсылықты салалас сөйлемдер


Қарсылықты салалас сөйлемге компөненттерінің мағыналары бір- біріне қайшы келетін сөйлемдер жатады. Салалас құрмалас сөйлемнің бұл түрі бірақ, дегенмен, ә й т с е д е, ә й т к е н м е н, сөйтсе де, сөйткенмен, сонда да, солай бола тұрса да, солай болғанмен жалғаулықтары және жалғаулық мәнді сөз тіркестері арқылы жасалады. Мыс.:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет