Сөздердің байланысу тәсілдері
Қазақ тілінде сөз бен сөзді байлаиыстырудың бірнеше тәсілдері бар: кейде сөздер жалғаулар арқылы байланысса, кейде жалғаусыз да байланысады. Қазақ тілінде бұлардың дәрежесі біріне-бірі тепе-тең сияқты.
Сөйлемдегі сөздердің өз ара синтаксистік байланысқа енуінің екі түрлі тәсілі бар: 1. А н а л и т и к а л ы қ тәсіл; 2. С и н т е т и к а - л ы қ тәсіл. Жалпы алғанда, салаластық байланыстағы сөздер ана-литикалық тәсілдермен, сабақтастың қатынастағы сөз тіркестері аналитикалық та, синтетикалық та тәсілдерімен байланысады.
Сөйлемдеріндегі сөздер, сөз тіркестері өз ара байланысты болып тұрғанда, ол сөздерге кейде қосымшалар жалғанады, кейде ешқан-дай қосымша жалғанбай-ақ олар негізгі, туынды түбір күйінде тұра-ды: «Ердің атын еңбек шығарады» деген мақалда үш сөз тіркесі бар: ердің аты, атын шығарады, еңбек шығарады. Бұлардың құрамын-дағы сөздері өз ара жалғаулар арқылы байланысқан, биік тау, темір күрек, хат жаз, білім ал деген сөз тіркестері ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы байланысқан. Бұл — кітап, Жақып — бригадир — интонация арқылы байланысқан, Отаным үшін аттанам, көрген сайын сұрайды дегендер шылаулар арқылы байланысқан.
Сөздердің қосымшалар арқылы байланысуын --синтетикалық байланыс, қосымшаларсыз, орын тәртібі, интонация, шылаулар арқылы байланысуын — аналитикалық байланыс дейміз.
Аналитикалық байланыс
Аналитикалық байланыстың қазақ тілінде пайдаланылмайтын жері кемде-кем. Оны сөз тобы тарауынан да, синтаксистен де кездес-тіреміз. Синтаксистегі оның көрінісі — интонация, сөздердің орын т ә р т і б і және сөздердің ш ы л а у арқылы б а й л а н ы с ы.
13
Интонация. Тілдік материал негізінде айтылатын ойымыз түсінікті болу үшін әр сөйлемді, сөйлемдегі жеке сөздерді, сөз тіркестерін тиісті әуенмен, ырғақты үнімен, мәнерлеп айтып, сазына келтіріп сөйлейміз.
Сөйлемдегі бірқатар сөздер өз ара синтаксистік бірлігіне қарап тіркескенде олар, айтылу жағынан ритмикалық топ құрап, кейбір сөздерге ой екпіні түсіп көтеріңкі дауыспен айтылып, сөйлемдер ай-тылу мақсатына қарай түрліше әуенделеді. Қазақ тілінде ритмикалық топ сөз тіркесінің бәрінде бола бермейді, көбінесе өз ара жалғаусыз, тығыз байланыстағы, бағыныңқылық қатынастағы сөздер тіркесінде кездеседі; мысалы анықтауыштық (жас бала, темір күрек), пысықтауыштық (тез кел, қыза сөйледі), толықтауыштық қатынастардағы есімді, етістікті сөз тіркестері (баяндама жасадым, цалам алдым, билет алдым).
Сөйлемдегі бірқатар сөздер тіркесі дауыстың музыкалық кимылы арқылы өз алдына бір ырғақты үн болып топтанып, ол сол сияқты басқа топпен, не ритмикалык, топпен ұласып, тұтас сөйлем өзіне лайықты сазымен айтылады. Соған қарап әр сөйлемнің беретін мағынасына, айналасындағы басқа сөйлемдермен байланысына лайық сөйлемнің сазы, сөйлемдегі жеке сөздер тобының, жеке сөздердің ырғақты үні болады, ритмикалық әуендік екпіні болады.
Көп құрамды жайылма сөйлемдер интонация, мағына жағынан біртұтас болғанмен, олардың құрамындағы жеке сөздер мен сөз тір-кестері синтаксистік шумақ сөйлемде әрі мағыналық, әрі интонация-лық топ болып жігі ашылып тұрады. Ондай, сөйлемдегі сөздердің синтаксистік мағыналық және интонациялық тұтастығына қарай жіктелуін синтагма дейміз: «Синтагма» деген мен «сөз тіркесі» бір емес. Бір сөз тіркесі бір синтагма болуы да, болмауы да, кейде сөЗ тіркесіндегі сөздер бөлек синтагманың құрамында болуы да мүмкін. Қалайда олар айтылу жағынан сөйлемдегі басқа сөздерден окшаулат нып бөлініп тұрады. Сөйлемдегі сөздердің синтагманың, құрмалас сөйлем құрылысындағы жай сөйлемдердің интонация арқылы оқшаулану дәрежесі әр түрлі болады: бірде айқын, бірде солғын. Оны мына мысалдардан көреміз:
Қуанышты А й б а р ш а // р а й к о м д а ғ ы қ ы з м е т і н б і-тіріп болып, // Рахметті/Байжанның үйіне шақырды (Мұқанов).
Абай//Мағаш жүзіне қадала қ а р а п||ұ з а қ/т ы ң д а п отырды (Әуезов).
Осындай, сөйлеудің, сөйлемнің дауыс ырғағы арқылы жік-жікке бөлінуі олардың өз ара байланысы үшін керекті шарттың бірі болады, Интонацияның бірнеше түрі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |