Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет7/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Жақыптың, Досболдың сыйлық алғанын есітіп пе едің? деген сөйлемдегі бірыңғай екі мүше дауыс ырғағы арқылы екі бөлініп және өз ара салаласа байланысқан... есітіп пе едің? деген баяндауышты бәсең, дауыспен айтсақ, тек сұрақ мағынасын білдірсе, көтеріңкі дауыспен өзгеше әуенмен айтқанда, әрі сұрақ, әрі таңдану мағына білдіреді де, оның үстіне солай айтудың одан кейінгі екінші сөйлеммен ұштасатынын, байланыстыратынын аңғаруға болады. Ал, ортадағы «сыйлық алғанын» деген сөз тіркесі ритмикалық бір екпінге бағынып, сөйлемнің бір күрделі толықтауыш мүшесі болып түр.
Сөйлемдегі көп сөздің бірін басым мағынада жұмсау үшін, сол сөздің грамматикалық қызметін дәлдеп көрсету үшін оны басқа сөз-дерден гөрі көтеріңкі дауыспен айтамыз. Оны синтаксистік («логикалық») екпін дейміз.
14

Синтаксистік екпін — сөйлемдегі сөз бен сөздің байланысын дұрыс көрсетудің де амалы. Ондай экспираторлы синтаксистік екпін, әсіресе, мақалды, мәтелді сөйлемдерде көп қолданылады.


Алмақтың салмағы. бар. Жығылсаң нардан жығыл.
Сөйлемдегі жеке сөздерінің әсіресе бастауыштардың, әуенін бұ-зып айтсақ, ол сөздердің қызметі де өзгерілуі мүмкін: А б а й ағамды әкесінен бетер кәдірлеуші еді (Әуезов) дегендегі бірінші сөзді көтеріңкі дауыспен, өзге сөздерден бөліп айтсақ, «Абай» сол сөйлемнің бастауышы, «Абай ағамды» дегенмен тұтастырып айт-сақ, — анықтауышы болады.
Бұл айтылғандар жоғарғыдай есімді сөйлемдерге ғана тән нәрсе емес, бастауыштық, баяндауыштық позициясы, мағынасы әлдеқайда анық деп қаралатын етістікті сөйлемдерге де тән. Әрине, Асқар — мұғалім деген мен Асқар үйге кірді дегеннің ритмика-мелодиялық күші бірдей емес: алдыңғыға қарағанда, соңғы бірсыдырғы бәсең дауыспен айтылады, сонда да бастауыш пен баяндауыштың мүшелік катынасы, байланысы анық. Оның солай болу себебін сөйлемдегі бастауыштың бастауыштық қызметі, баяндауыштың баяндауыштық қызметі, олардың байланысы айқын сөз болғандығынан ғана іздемеу керек, сол қызметтегі сөздердің басқа сөздерге ілесе айтылуынан да іздеу керек.
Жоғарғыдай, бастауышты көтеріңкі дауыспен айтып, сол арқылы оны баяндауышқа қарсы қойып, ол екеуін байланыстыру, әсіресе, сын есім, сан есім, есімшелерден субстантивтанып болған бастауышы сөйлемдерде өте айқын көрінеді: Жығылган\\күреске тоймас; көрмес\\түйені де көрмес (мақал). Көп//қорқытар, терең\\батырар (мақал). Төргі бөлмеден шыққан үшеу\\үзын үстелді жағалай отырысты (Сланов).
Бірсыдырғы әуенмен айтылатын, Асқар үйге кірді сияқты сөй-лемнің іргесін кеңітіп, бастауыштың алдына басқа сөздер қойылса, жоғарғыдай ойнақы дауыс ырғағы пайда болады. Сонда бастауыш -тың маңындағы сөздердің, көбінесе, анықтауыштардың, саны неғұрлым көп болса, бастауыштың дауыс ырғағы арқылы баяндауыштан оқшаулануы солғұрлым басым болады: ¥зын бойлы Асқар\\асығып үйге кірді. Түлкі тымақты\ ұзын бойлы Асқар \ \асығып үйге кірді. Ат жақты, түлкі тымақты,\\ұзын бойлы Асқар\\асығып үйге кірді. Көптен бері Ботакөзді көре алмай, оны әбден сағынып келген\\Асқар\\асығып үйге кірді.
Бұл мысалдарға қарағанда, сөйлем жайылма болып, бастауыштың да, баяндауыштың да позициясында тұрған тұрлаусыз мүшелер болса, олар да сол ритмика-мелодиялық топқа енеді. Әсіресе есімді сөйлемдерде ондай позициядағы тұрлаусыз мүшелер дауыс ырғағы арқылы тұрлаулы мүшелердің мағыналық құрамына еніп, сөйлем қақ жарылып, алдыңғы топ түгелімен мағыналық бастауыш, соңғы топ түгелімен мағыналық баяндауыш болып тұрады.
Бұл айтылғандар — бастауышы 3-жақ болған есімді сөйлемдерге тән ережелер. Сонда ондай сөйлемдердің баяндауыштары бастауыш-тармен жалғаулар арқылы байланысып айтылмайтындықтан, олар-дың байланысы тек мағыналық байланыс емес, сол мағыналык, (байланысына синтаксистік тәсіл болатын — олардың сөйлемдегі орын тәртібі мен дауыс ырғағы.
Дауыс ырғағы (интонация) сөйлемдегі сөздер белгілі орында тұру арқылы байланысқанда да, қосымшалар арқылы байланысқанда да өзінің синтаксистік тәсіл болу күшін жоймайды. Бірақ ол бірінде аз, бірінде көп орын алатын болады. Оны бұдан былайғы талдаулардан да байқаймыз.
15

Сөздердің орын тәртібі


Сөз бен сөзді байланыстыратын синтаксистік тәсілдің бірі — сөз-дердің орын тәртібі. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі қазақ тілінде кейде еркін, кейде орнықты болады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі орнықты, жартылай орнықты не еркін болу себебі сөйлем сының ерекшелігімен байланысты. Сөйлем құрауға қатысатын сөз тіркестерінің біразы, көбінесе, септік, жіктік тәуелдік жалғаулар ар-қылы байланысатындықтан, олардың кұрамындағы сөздердің орын тәртібі пәлендей қатал заңға бағынып, сіресіп қалмайды, жалпы ал-ғанда, еркін болады. Ал, жалғаусыз байланысатың сөз тіркестерінде, ол жоқ. Олардың құрамындағы сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі, негізінде, орнықты болады.


Сөздер белгілі тәртіппен орналасу арқылы олардың, біріншіден, синтаксистік байланысы белгіленеді, екіншіден, сөздердің синтаксистік қатынасы, яғни, мүшелік қызметі айқындалады. Қазақ тіліндегі есімді сөз тіркестерінің недәуір бөлегі ешқандай қосымшасыз, бірімен бірі қатар тұрып байланысқан сөздер тобынан құралады. Олардың негізгі түрлері мыналар:
Зат есім мен есімнен құралған сөз тіркестері (темір пеш, күміс қоңырау), сын есім мен зат есімнен құралған сөз тіркестері (биік тау, тынық су, ақылды бала), сан есім мен зат есімнен құралған сөз тіркестері (екі кісі, бес саусақ, жиырма сиыр, бесінші бригада), есімдік пен зат есімнен құралған сөз тіркестері (мына қала, сол кісі, қанша адам), есімше мен зат есімнен құралған сөз тіркестері (келген кісі, айтылгап сөз, орындалатын арман).
Осы сияқты, етістікті сөз тіркестерінің де біразы сөздердің қатар орналасуы бойынша байланысады. Олардың негізгі түрлері мыналар:
Үстеу мен етістіктен құралған сөз тіркестері (бүгін көрдім, жаңа түсіндім, кешеден бері таныспын), еліктеуіш сөзбен етістіктен құралған сөз тіркестері (жалт бұрылды, бұрқ-бұрқ қайнады), көсемше мен етістіктен құралған сөз тіркестері (асығып келді, ентігіп сөйледі, жылап айтты), жалғаусыз зат есім мен етістіктен құралған сөз тіркестері (ет жеу, хат оқу, пішен ору, бала оқыту), сын, сан есімдер мен етістіктен құралған сөз тіркесі (жақсы түсінді, қызық сөйледі; үш ашты, екі келді).
Етістікті сөз тіркестерінің ішінде мезгіл үстеулері мен көсемше-лердің қатысымен жасалатын сөз тіркестерінің сөйлемдегі орын тәр-тібі еркін бола береді, мыс.: бүгін, міне, қарасам, бір көш кетіп барады... (Жамбыл). Осында бүгін сөйлемнің басында, өзі қатысты сөздер (кетіп барады) қашықтап тұр. Сол сияқты, асықпай Олжабек үйге кірді (Мұстафин) дегенде, асықпай өзі қатысты сөзден қашықтап, сөйлемнің басында тұр. Мұның себебі — мезгіл үстеулері мен көсемшелердің етістіктермен тіркесу қабілетінің күшті болуында. Олар қай орында тұрса да, тек етістікпен тіркеседі. Осы айтқандардан да сөздердің белгілі тәртіппен орналаса тіркесуінің, сөз бен сөзді байланыстыру қызметінің ерекше екенін байқауға болады. Синтаксистік байланыстың бұл амалы сөздердің жалғау арқылы байланысуынан кем түспейді. Қайта, жалғаусыз, тұрған орнына қарай байланысқан сөздердің байланысы берік болады. Сондықтан олардың орнын қалай болса, солай өзгертіп айта бермейміз. Орын ауыстырып айтқанда, олардың не байланысы үзіледі, не болмаса байланысы сақтальш, синтаксистік қатынасы өзгереді. Мысалы, кітап оқыды, оқыды кітап, ақылды бала, бала ақылды.
Сөздердің шылау арқылы байланысуы. Аналитикалық байланысу амалының бір түрі — сөздердің шылау сөздер
16

арқылы тіркесуі. Сөзді байланыстыруға дәнекер болатын, не сөздерді байланыстыруға қатысатын шылаулар екі түрлі. Бірі — жалғаулықтар. Бұлар бірыңғай мүшелерді және құрмалас сөйлемдерді тіркестіреді, сөз тіркестерін құрастыруға қатынаспайды. Екіншісі — демеулер (послелоги). Бұлар тікелей сөз тіркестерінің арасына дәнекер болу үшін жұмсалмайды, өздері қатынасты сөздердің грамматикалық мағыналарын дәлдеу, айқындау үшін жұмсалумен қатар, толық мағыналы екі сөздің арасын ұластырушы болады. Олар алдымен түйдекті тіркес құрайды да, сол түйдегімен сөз тіркесінің бір сыңары болып, күрделі сөз тіркесінің құрамында айтылады. Мысалы, қысқа таман келіңдер дегенде, таман сөзі қысқа деген сөзбен түйдекті тіркес құрайды да, сол тіркесті келіңдер деген сөзбен байланыстырады. Сен үшін келдім. Жыл сайын барамын. Сізден бұрын ояндым деген сөз тіркестерінде де үшін, сайын, бұрын демеулері екі жағындағы толық мағыналы сөздерді бірімен бірін ұластырады.


Байланыстырудың бұл амалы да қазақ тілінің синтаксистік жүй-есінен елеулі орын алады. Оны демеу сөздерінің санының аздығына қарап емес, жұмсалу аясының кеңдігіне қарап байқаймыз.
Сөздердің жалғаулар арқылы байланысуы. Сөз бен сөзді байланыстыру үшін жұмсалатын жалғаулар төрт түрлі: с е п т і қ, т ә у е л д і к, ж і к т і к, к ө п т і к. Бұлардың осылайша бөлектеніп айтылуы олардың әрқайсысының синтаксистік қызметімен байланысты. Сол қызметтерін айқындау үшін оларды бөлек-бөлек талдайық.
Септік жалғаулары. Әдетте, септік жалғаулары сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарларына жалғанады. Сондықтан оларды бағын-дырушы тұлға дейміз. Жалғанған сөзін басыңқы сөзге бағынды-рады. Басқаша айтқанда, септік жалғаулары сабақтаса байланысқан сөздер арасында дәнекер болады да, жалғанған сөздердің мағынала-рын түрлендіреді, Мағына түрлендіретін сөздері — зат есімдер мен зат есімдер орнына жүретін есімдіктер. Олардан басқа есімдерге жалғанған септік жалғаулары сөз мағыналарын түрлендіріп қана қоймайды, оларға елеулі өзгеріс енгізеді. Мысалы, сын есім, есімшелерге септік жалғаулары жалғанғанда, оларды заттанады дейміз. Басқаша айтқанда, зат есім орнына жүреді. Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат (мақал). Білгенге маржан, білмеске арзан (Абай). Осылардағы сын есімдер мен есімшелер адам, кісі ма-ғынасында жұмсалып тұр. Соларды бір есептен мал дегеннен малшы болумен, етік дегеннен етікші болу дегенмен тең қоюға болады: жақсыдан, жаманнан, білмеске дегендер әрі заттық, әрі сындық мағынада айтылған. Сырт қарағанда мал дегеннен малшы (адам) болуымен, жақсы, жаман, білген, білмес дегендердің де септік жалғауында айтыльш, адам мағынасын білдіруі бірдей сияқты. Бірақ олардың айырмашылығы мынада: алдыңғыда бір сөзден екінші сөз тудырудың морфологиялық амалы болса, соңғыда — синтаксистік амалы. Олай болуы — сын есім, есімшелердің өздері қатысты заттардың синтаксистік қызметтерін атқаруында. Солай екенін мына фактіден де байқауға болады. Сын есім, есімше, сан есімдер ешқандай жалғаусыз бастауыш болғанда да субстантивтенеді (заттанады) сонда олар да жоғарғы толықтауыш болған сын есім, есімшелердей, әдетте, өздері қатынасты заттардың қызметін атқарады, мыс.: Қ о р қ а қ мың рет өледі. б а т ы р бір рет өледі. Қорыққан бұрын жұдырықтар.
Сөйтіп, заттың сапасы болатын есімдердің (сын, сан есімдер мен есімшелердің) заттануына себепкер болатын фактор екеу: бірі — олардың зат есімдер қызметінде айтылуы, екіншісі — ол үшін оларға зат есімнің жалғаулары жалғануы.
17

Септік жалғауының басты қызметі сөз бенен сөзді байланыстыру болғанмен, кейде ол қызметтерінде жұмсалмай, сөйлемдегі сөздің мағынасын түрлендіру үшін де жалғануы мүмкін. Ол мынандай жер-де болады.


1. Жатыс жалғауының үстіне -ғ ы\\-г і жұрнағы жалғанғанда, ол жалғау сөз бен сөзді байланыстырмайды, жалғанған сөзіне мекендік не мезгілдік мағына үстейді: таудагы қар, үйдегі кісі, түндегі мәжіліс, жаздағы ыстық т. б.
2. Шығыс, жатыс, барыс жалғаулары баяндауыш қызметіндегі есімдерге жалғанғанда да, олар сөз бен сөзді байланыстырмай, сол жалғанған сөздеріне мекендік, тағы басқа мағына үстейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет