Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



бет70/122
Дата11.10.2024
өлшемі2,15 Mb.
#147653
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   122
Байланысты:
kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)

Февраль, 1917 жыл. Күн шытымыр суық (Әбдіқадыров). 10 июнь. Бүгін тіптен қуанышты күн (Ерубаев). Іңір әлеті. Үй іші қара көлеңке (Майлин). Түн. Ай сүттей жарық (Шашкин). Шаңқай түс. Саяси бөлім бастығының кабинеті лық толы адам (Тыныкин). 1913 жылдың көктемі. Ауылдың «Досқа» келіп, жаңа үй тіккен кезі. Нұртазаның үйіне қонац келді (Мұқанов).
3. Зат атаулы сөйлемдер өзінің мағынасы жағынан алуан түрлі болып келеді.
а) Табиғат құбылысының көрініс атауларын білдіреді, мыс.:
Түн. Ысқырып соққан жел. Бұрқыраған боран. Екі жақта да тырс еткен мылтық даусы жоқ (Лекеров). Түн. Қыс. Боран. Ышқынған долы дауыл. Қопарып ұшырғандай Кавказ тауын (Мұқанов).
ә) Үй жиһазы, оқиғага байланысты басқа да зат, адам атауларын білдіреді, мыс.:
Станцияның солтүстік жақ шетіндегі кішкентай будкаға келдік. Үстіндегі шаңына із түсетін үлкен стол. Оның үстінде шашылып жатқан қағаз. Шаң басқан сия сауыт. Бөлменің дәл ортасына орнатылған темір пеш. Оның үстінде сақылдап қайнаған шәугім (Лекеров). Дәмеш алғашында самарқау көз тастаса да, қарай келе, қызығып, балаша таңданды. Әдемі кең көше. Ағылған халық. Зәулім крандар. Бес қатарлы үйлерден анағұрлым басы сорайған алып домна (Шашкин).


БІР Т¥РЛАУЛЫ МҮШЕЛІ СӨЙЛЕМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Қазақ тіліндегі жай сөйлемдер өзінің құрылысы жағынан бір тұрлаулы мүшелі больш та (односоставное), екі тұрлаулы мүшелі (двусоставное) болып та құрылады. Тілдегі сөйлем құрылысының дені субъектілік-предикаттық қатынасқа негізделіп жасалатыны да мәлім. Субъекті мен предикат кез келген сөйлемнің логикалық қазығы, негізі бола тұра, бұлар барлық сөйлем түрлерінің құрамында бола бермейді.


Сөйлемнің грамматикалық қазығы, орталығы — бастауыш пен баяндауыш — әрқашан субъекті мен предикаттың тікелей көрінісі болып, бір-біріне үнемі сәйкес келіп отырмайды. Жай сөйлемдердің кейбір типтерінде субъект мен предикат тиісті грамматикалық форма арқылы берілмей, жанама түрде ғана білініп, сөйлемнің бұл «екі
136

полюсі» бір тұрлаулы мүшеге ортақтасып тұрады. Мысалы, қазақ ті-ліндегі мынандай сөйлемдер бір мүшелі сөйлемнің түрлеріне жатады:


Ел аузына елек қойып болмас (мақал). Енді қолмен істегенді мойынмен к ө т е р у керек (Мұқанов). Әбіштің оқшау ойларын Абайдың ұғына түскісі келді. Жан ашырдың жоқ болғаны ғ о й (Әуезов). Жүйрікті кекіл қағысынан б а й қ а й д ы. Көзден кетсе, көңілден к етед і (мақал).
Қазақ тілінде осындай бір тұрлаулы мүшеге негізделіп құрыла-тын жай сөйдемнің түрлеріне белгісіз жақты және ж а қ с ы з сөйлемдер жатады. Ешбір мүшелеуге келмейтін атаулы сөйлемдер бұған жатпайды.

Е с к е р т у. Қазақ тілінде бір мүшелі сөйлемдердің табиғаты екі мүшесінің екеуі де: бастауышы да, баяндауышы да грамматикалық тұлғалар арқылы беріліп тұратын жақгы сөйлемдермен салыстыра қарағанда айқын ашылады. Олай болатын себебі қазақ тілінде жүйесі басқа индоевропалық тілдердегідей, мәселен, орыс тілін-дегідей, жақсыз етістіктер категориясы жоқ.


Екінші жағынан, жақсыз етістік категориясы бар тілдердің өзінде де жақсыз сөйлемдер тек сол арқылы ғана жасалып қоймайды. Қайта жақты етістіктердің сөйлемде басқа сөздермен ерекше сингаксистік қарым-қатынасқа түсуі арқылы, яғни жақсыздық мәнде қолданылуы арқылы жақсыз сөйлем жасалуы басым деп танылады. Демек, тілде бір тұрлаулы мүшелі сөйлемдердің болуы, жасалуы тек жақсыз етістіктердің болуымен ғана байланысты емес.
Сөйлем және оның типтері — тарихи дамып отыратын категория-лар. Әуел баста сөйлемнің негізі еубъектілік-предикаттық негізде құрылғаны да ақиқат. Бірақ сөйлемнің құрылысы, типі жағынан өзгеріссіз қалған жоқ. Адам ойының біртіндеп сұрыпталуына және абстракциялануына байланысты сөйлемнің құрылысы да өзгеріп, абстракциялана берген. Сондықтан әр сөйлемнің құрылысынан субъекті мен предикаттың логикалық негізін іздеп табуды мақсат етіп қоюға болмайды. Сөйлем грамматикалық заңдардың нәтижесі, сондықтан оған таза логикалық тұрғыдан емес, грамматика заңдары тұрғысынан да қарап, анықтамалар беру керек.
Жақсыз сөйлемдер қай тілде болса да ерекшеленіп құралады. Көпшілік жағдайда жақсыз сөйлемнің жақты варианттары, ал жақты сөйлемнің жақсыз варианттары қатар қолданылып жүреді. Бұл — жақсыз сөйлемдердің жасалу ерекшелігімен де, стильдік мәнімен де байланысты жәй.

Белгісіз жақты сөйлем


Баяндауышы етістіктің жекеше 2-ші не 3-ші жағында тұрып, мағына жағынан үш жаққа бірдей қатысы бар ортақ қимылды көрсе-тетін грамматикалық бастауышы жоқ бір бас мүшелі сөйлемді белгі-сіз жақты сөйлем дейміз, мыс.: Е ң б е к е т т е, м і н д е т ет. Е к - с е ң егін, і ш е р с і ң тегін. Әрбір жақсының жақсылық тап-қанына рақаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғыбрат етіп күл (Абай). Мінін көріп безгенше, мінін а л ы п т ү з е (Мұстафин). Шын тапқан деп жақсылық тапқанды а й т а т т а (Әуезов).


Бұл сөйлемдердің баяндауыштары жекеше 2—3-жақтарда түрға-нымен, олар баяндауыш көрсетіп тұрған іс-қимылдың иесі болатын белгілі жақты көрсетпейді. Іс-қимыл белгілі үш жақтың біріне нақтылай қатысты болмағандықтан, осындай сөйлемдерде субъектінің грамматикалық көрінісі — бастауыш — болмайды. Белгісіз жақты сөйлемде баяндауыштың мазмұны үш жақтың үшеуіне де бағытталып, үшеуіне де қатыстырылып айтылады. Сөйлемнің мазмұны конкретті тыңдаушыға арналмаған, көпке, жалпыға арналып, белгісіз жақта айтылған. Бұл сөйлемдердің баяндауыш тұлғалары мен мазмұнның арасында белгілі қайшылық бар. Тұлға бар да, оның, әдетте, айтылуға тиісті мазмұны жоқ.

Ескерту: «Белгісіз жақты» сөйлемдер деп аталатын жай сөйлемнің түрі қазақ тілінде түрліше талқыланып, соның нәтижесінде әр түрлі аталып жүр: белгісіз жақты және жалпылама жақты сөйлемдер 16,


137

белгісіз жақты сөйлемдер п, жалпылама ортақ жақты, бастауышы белгісіз жақты, ауыспалы жақты сөйлемдер І8.


Термин осындай әр түрлі болғанымен, сөйлемнің бұл түрін анықтаудағы негізгі белгі, критерийдің біреу-ақ екенін аңғаруға болады. Ол — сөйлемнің баяндауышы көрсететін іс-әрекеттің белгілі бір жаққа ғана арналмай, үш жақтың үшеуіне де қатысты болатындығы. Конкретті, арнаулы жақ болмаған соң, сөйлемде оның конкретті көрінісі бастауыш та болмайды. Сөйлем, айтылатын ой, баяндауыш арқылы ғана жарьгққа шығады да, бір бас мүшелі болып қалыптасады. Іс, қимыл, белгі иесі болатын жақ (субъект) жалпыла-ма болса да, ауыспалы болса да, ортақ болса да, әйтеуір, ол белгілі, конкретті бір ғана жақ туралы емес, белгісіз жақ туралы болып келеді. Белгісіз болатын бастауыш емес, оның логикалық негізі бола-тын реалды жақ, іо иесі белгісіз болады.
Сөйлемнің субъектісінің белгісіз болып құрылуы конкретті жақтың ауысып, не жалпыланып, не ортақ болып қолданылуы сияқты әр түрлі себепке байланысты болады.
Белгісіз жақты сөйлемдер, негізінде, қазақ тілінің мақал, мәтел, нақыл, өсиет ретінде айтылатын шешендік сөздерінде қолданылады, Осының өзі бұл сөйлемдердің жасалуында стильдік негіздің де бар екенін көрсетеді. Стильдік мән конкретті жақты (субъектіні) сөйлем мазмұнынан әдейі ығыстырып, жалпыға бірдей қатыстырып айту үшін сөйлемді белгісіз жақта құру әдісінде, тәсіліқнде болып отыр.
Егер белгісіз жақты сөйлем ішіне оның баяндауыш тұлғасына сәйкес келетін атау тұлғалы сөзді қойып айтсак; сөйлемнің бастапқы стильдік мәні жойылып, жалпыға арналып айтылмай, уйреншікті ар-наулы жақты сөйлем болып шыға келеді, мыс.: Жүйрікті кекіл қагы-сынан байқайды (мақал). Ол жүйрікті кекіл қағысынан байқайды
Алғашқы сөйлемнің баяндауышы жалпыланған, белгісіз жақта айтылса, кейінгі сөйлем белгілі үшінші жақтың қимылын көрсетіп отыр. Мұнда бір ғана адамның, яғни жекеше 3-жақтың, жүйрікті та-нудағы шеберлігі, білгірлігі баяндалады.
Белгісіз жақты сөйлемдер қара сөзде де мақал, мәтелде қалып-тасқан ізбен сол стильдік бағытта, сол құрылыста жасалып отырады.

Белгісіз жақты сөйлем баяндауыштарының жасалуы


Белгісіз жақты сөйлемнің баяндауышы етістіктің 2-жағы арқылы жасалады. Етістіктің 2-жағы арқылы жасалатын белгісіз жақты сөйлемдер өзінің қалыптасу тәсілі жағынан, жақтық мәнінің ауысып келуі жағынан әр түрлі болып келеді.


Өзінің қалыптасу тәсілі жағынан баяндауышы 2-жақта тұратын белгісіз жақты сөйлемдер екі мағынада қолданылады.
а) Мазмұны шындық өмірден алынып, тәжірибе жүзінде әбден сыналған шындық уақиғаны білдіретін мақал, мәтел, нақыл сөздерде сөйлемнің белгісіз жақты түрі қалыптасады. Мұндай сөйлемдердің жақтық мағыналары үш жақтың үшеуіне бірдей, тең қатынаста ай- тылады. Баяндауыштары бұйрық райлы етістіктің 2-жағының болымды, болымсыз түрінде және жекеше 2-жақтың жіктік жалғау-ында тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   122




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет