Сөйтіп, А б а й д ы ң тек өз басы үшін ғана емес, сонымен бірге Әйгерім үшін, оның әні үшін де күреске түсуіне т у р а к е л д і (Нұрқатов).
Күрделі баяндауышы -қ ы//-ғ ы, -к і//-г і жұрнақты қалау рай арқылы жасалатын жақсыз сөйлемдер
Модальдык, мағынасы қалау, тілеуді білдіреді. Қалау-тілеу мәні кейде іс-қимыл субъектісінің қалауымен, еркімен болса, кейде еркі- нен тыс, еріксіз процесс екенін білдіреді. Күрделі баяндау-ыш құрамындағы тәуелдік жалғаудың әрқашан болуымен байла-нысты сөйлемнің субъектісі ілік септікте тұрған есім сөз арқылы білінеді, ондай сөз жеке берілмегенде де, үш жаққа тән тәуелдік жалғауларының бірі арқылы жақтык, мағына, субъект белгілі бола алады;
Әбіштің оқшау ойларын А б а й д ы ң ұ ғ ы н а түскісі к е л д і. Оразбайдың мына жиын алдында д а у л а с қ ы с ы к е л г е н ж о қх (Әуезов). Менің ол қорлыққа да к ө н г і м к е л м е д і (Мұқанов). Жоқ, сен айт, парторгтың пікірін естігісі келеді
ж ұ р т т ы ң (Нұртазин).
19 М. Б. Б а л а қ а е в. Активизация субъекта в казахском языке. Известия АН КазССР. Серия лингвистическая, вып. 5, 1948, стр. 27.
144
Күрделі баяндауыштың грамматикалық орталығы н е есімдігі болып, оның айналасына керек, қажет, пайда, бар, жоқ, қанша сияқты көмекші сөздер үйіріліп келуі арқылы жасалатын жақсыз сөйлемдер
Бұлай жасалған жақсыз сөйлемдердің қимыл субъектісі ілік септігінде тұруы жиі кездеседі. Мұндай жақсыз сөйлемдердің модальдық мәні баяндауыштың құрамындағы сұрау есімдігінің лексикалық мағынасына қарай, түйық, қарсы, сұрау ретінде айтылады да, іс-қимылдың болымдылығынан да болымсыздығын мақұлдағандық бағытын білдіреді, кейде істің істелуінің қажет еместігін кесіп айтады. Күрделі баяндауыштың құрамындағы сөздер және олардың тіркесу түрлері өзгеріп, құбылып отырғанымен, жақсыз сөйлемдердің негізгі модальдық мәні біріне-бірі синоним-дес, жақын болып отырады,. мыс.: керегі не, не керегі бар, керегі қанша, керегі жоқ, өйтіп не керек, өйтіп керегі не сияқты күрделі баяндауыштар жақсыз сөйлем жасағанда, өз ара жақын модальдық мәнде екені аңғарылады.
Мәймөңкелеудің н е к е р е г і бар? (Шашкин). Шүкірлік етпеске амал н е?
Біздің арамыздағы бұл с ы р д ы ң сізге қ а н ш а к е р е г і
б а р. Кетер болған соң, кінәласып ж а т у д ы ң к е р е г і қанша? Бақыт деген қуаныш тағы. Қуанышсыз б а қ ы т т ы ң к е- р е г і н е! (Мұстафин). Сонда қызды «ұл» деуден не п а й д а ? Ондай и т ж а н д ы л ы қ т ы ң қайсымызға к е р е г і б а р! Сон-дай, адамдарды сұраумен мазалаудың қажеті қанша? (Мұқанов). Ар жағын ж а з у д ы ң қ а ж е т і ж о қ, кейін бір оралармын. Осының бәрін тәптіштеп, түгелдей ж а з у д ы ң қ а ж е т і жоқ. Қарсыласудың қ а ж е т і н е, қан төгіс болады гой, тумалар. Қойыңыз, көз жасыңнан н е п а й д а (Сәрсенбаев). Ендігінің к е р е- г і ж о қ. Жаттың сыншысының к е р е г і ж о қ. Байсалбайдың маған к е р е г і ж о қ (Әуезов). Сондай бекер мінездің к е р е г і н е? (Нұртазин). Екі жаққа тең бөлінбейтін махаббаттың к е р е г і қанша? (Мұқанов). Машинист болудың несі жаман? (Иманжанов).
Осы типтес жақсыз сөйлемдердің белгілі жаққа қатысы болмай, субъект біржола ойдан шығарылып айтылғанда, баяндауыш құрамы-на -п тұлғалы көсемше араласып келеді. Субъект белгілі болғанда да, ол барыс септігінде ғана тұруы ықтимал. Немесе қимыл-іс қай жақ-қа тән екені контекстен байқалады. Бірақ сөйлемде грамматикалық субъект (бастауыш) болмайды.
Е, оны. білмесе, құрыш ағызудың м а с т е р і б о п н е к е р е к. Енді оны айтып қ а ж е т і д е ж о қ (ІПашкин). Сонша шырқап не керек. Онда қ у д а л а й беріп керегі не? (Мұстафин).
Күрделі баяндауыштың құрамындағы бір сөздің тәуелденіп тұруы арқылы жасалатын жақсыз сөйлемдер
Қазіргі қазақ тілі фактілерінің даму дәрежесі тұрғысынан қара-ғанда, кейбір жақсыз сөйлемдер баяндауыш құрамындағы бір сөздің (заттанған есім сөздің) тәуелденіп келуі арқылы жасалады. Сөйлемнің бастауышы болмай, жақсыз болып құрылуына себеп болып, ұйытқы болып тұратын тәуелдік жалғаулы сөз болады. Соған байланысты сөйлемнің субъектісі әрқашан ілік септігінде тұрады. Жақсыз сөйлемнің модальдық мәні ызалы кекесін, мысқыл мағыналарын білдіреді.
Қарсы с ө й л е г і ш і н ө з і н і ң! Т і л д е р і н ш ы ғ а р у ы н б ұ- л а р д ы ң! Ш і р к і н н і ң қ а л ж ы ң қ о й ы н! Мына б а л а н ы ң ауылға а с ы ғ у ы н-а й! Қап, мына біреу бір жапырақ неменің
145
Достарыңызбен бөлісу: |