Байланысты: kazak tili grammatikasi. 2 часть Синтаксис (1)
Жоқ, оныңызға келісуге болмайды (Нұртазин). Қуанышты жасыруға болмайды (Ерубаев). А й т у ғ а ауыз б а р м а й д ы. Айтпасқа т а ғ ы б о л м а й д ы. А й т у ғ а б о л м а й д ы. Өтірік деп н ан ж е у г е тағы болмайды. (Мұстафин).
ә) Көмекші бол етістігі есімше тұлғасында келіп, өзінен кейін басқа көмекші сөздер тіркесінде тұрғанда, жақсыз сөйлем жасалып,
141
істің істелуіне мүмкіндіктің бар я жоғын болжай айту мағынасын тудырады.
Ж а я у ө т е м д е у г е б о л а т ы н емес (Әуезов). Мұндай өлеңді ағасына жіберуге б о л м а с та еді (Фадеев) б) Негізгі етістік есімшенің болымсыз түрінде септеліп ( барыс
септігіне қойылып) келіп те күрделі баяндауыш жасалады. Мұндай. жақсыз сөйлем баяндауышының көмекші компоненттері де болым-сыз тұлғада келуі шарт болады.
Бұрын қанша парықсыз болса да, бұ л ж о л ы ойланбасқа б о л м а й д ы (Иманжанов). Екеуі қосылып айтқан соң, тыңда- масқа бола ма? Шаруашылық, әлеуметтік, халықтық қам- дарды ойламасқа болмайды (Әуезов).
в) Жақсыз сөйлемнің құрамына қалай, неге, ма, ме сияқты сұрау мәнін туғызатын есімдіктер, шылаулар араласып келгенде, жоғарыда келтіргендей жақсыз сөйлемдер ашық сұраулы сөйлемге айналын, жақсыз сөйлем жасалады.
Көретіндерің заводтың ауласы, әлгі полигон-солигондарың, со-ларды төңеректей бересіңдер. Ш ы қ п а с па бір к е ң д ү н и е г е! Жіберуге м е, жібермеуге ме? (Нұртазин). Н е г е осының бәріне үңілмеске? Болмаса бізге келіп айтпасқа? (Шаймерденов). Бүктеме керует қай жерден де табылады ғой, ал соны малшыларға н е г е қолданбасқа? («Қазақ әдебиеті»).
г) Жақсыз сөйлемнің бұл типінің бір түрі (разновидность) күрделі баяндауыштың барыс септіктегі тұйық етістіктен болған негізгі ком-понентінің тәуелденіп келуі арқылы жасалады.
Өзіңіздің патшалық жазасына кіріптар болған жайыңызды менің б і л у і м е бола ма? (Әуезов). Менің а й т у ы м а б о л м а й қ а л д ы ғ о й (Иманжанов). Сіздің маған, менің жолдасым Лукьян-ченкоға әрқашан, қашан да болса, с е н у і ң і з г е б о л а д ы, сеніп іс тапсыруыңызға б о л а д ы (Фадеев). Мағрипаны о й л а м а с ы ң а б о л м а с, Әбіш (Әуезов). Левиннің де е з у т а р т п а с ы н а б о л –м а й қ а л д ы (Толстой). Инештің сенбілікке б а р м а у ы н а д а б о л а т ы н е д і (Шаймерденов).
д) Күрделі баяндауыштың негізгі компоненті (негізгі етістік фор-масы) -п, түлғалы көсемшеден, ал, көмекші бол етістігі болымсыздық жұрнақпен ауыспалы шақта келеді. Жаңсыз сөйлемнің модальдық мазмұны істің істелуіне ешбір объективтік жағдайдың жоқтығын білдіреді.
Мыза ойлануда. Ө ң і н е н е ш т е м е н і б о л ж а п б о л м а й- д ы (Мұстафин). Ақтағаны, ма? Жоқ, шошығаны ма? Б і л і п б о л- м а й д ы. Адамдары, малдары, күркелері де қосылып, бір ауылдан бір ауылды айырып т а б о л м а й д ы. Күн қай мезгілге жеткенін б і л і п б о л м а й д ы. Бірақ әкесі шақырған соң, енді ш ы ғ ы п болмайды (Әуезов). Кімнің не айтып жатқанын да аңғарып б о - л а р е м е с (Сәрсенбаев). Қамарға да кінә қойып болмайды (Торайғыров).
Қаншама тұлпар десе де, М і н і п б о л м а с ж а л с ы з д ы, Қанша білгіш десе де, Халық сүймес арсызды (мақал).
е) Негізгі етістік көсемшенің -й формасында келгенде, жақсыз сөйлемнің мазмұны істің істелмеуіне ешбір жағдайдың жоқтығын, қалайда істелуі керек екендігін көрсетеді. Бірақ күрделі баян-дауышы тұлғалық құрылысы жағынан болымсыздық формаларда тұруы шарт болады.
142
Әке не десе, о десін, бұны і с т е м е й б о л м а й д ы. Бірақ к е т -п е й болмайды (Әуезов). Балаларды оқытпай б о л м а й д ы ғ о й (Көбеев). Бұл қуаныштарды т о й л а м а й б о л м а с (Сәрсенбаев). Бәрібір алаң арқылы ө т п е й болмайды ғой. Ай туып қалады, а с ы қ п а й болмайды (Шолохов). Сол үшін де коллективтің бірлігіне ақау түсірер жарқышақ білінсе, дереу көріп, қиюластыруға б а р д ы с а л м а й болмайды (Иманжанов).
ж) Мазмұн, модальдық мәні жағынан алдыңғы сөйлемдермен си-нонимдес болып келетін, бірақ негізгі етістік шартты райдың 3-жа-ғында тұратын жақсыз сөйлемдер де болады. Бұл типтес жақсыз сөйлемдер, әсіресе, ауызекі сөйлеу тілінде жиі қолданылады.
Осылар сияқты ауыл пролетариатының бас көтерерлері көбейген кезде, б а й ғ а ш а б у ы л ж а с а м а с а б о л м а й д ы. Жерді тыңайтпаса бола ма? Оның аузын қарымаса б о л м а й д ы (Мұстафин).
з) Негізгі етістік есімшенің -а р\\-е р, -р формасының болымды, болымсыз түрінде келіп, ал көмекші етістікке есімшенің осы форма-сы тек болымды түрінде ғана тіркесіп келіп те жақсыз сөйлем ба-яндауышы жасалады. Мұндай сөйлемдердің, модальдық мәні міндеттілікті, қажеттілікті білдіретін жақсыз сөйлем түрлерімен синонимдес келеді. Әрі зілді нақыл, үйрету сияқты қосымша мәні де болады. Бірақ сөйлемнің субъектісі біржола ығыстырылып, айтылған ойдың ешбір жаққа арнай қатысы болмайды.