Оның көзі қ а д а л ғ ан с а й ы н, Ботакөз тіккен ту желбірей түсті (Мұқанов). Жұмбақтың шешуі қиындаған с а й ы н, менің ойлануым да көбейіп барады. Ол шешесінің атын а т а ғ а н сайын, жүрегіне шемен боп қатқан жетімдік шері үлғая түсетін сияқты (Мүсірепов).
6. Ш ы ғ ы с ж а л ғ а у л ы өткен шақтық есімше к е й і н шылауына тіркесе айтылып, бағыныңқы сөйлем баяндауышы болады. Мұндай сабақтас сөйлемде басыңқы компоненттегі іс-әрекет әрдайым бағыныңқы сөйлемдегі іс-әрекеттен кейін болып отырады. Мыс.:
Қонақтар жайласып отырғаннан к е й і н, Итбай ауыз үйге шықты (Көбеев). Рахмет қоштасып ш ы ғ ы п к е т к е н н е н к е й і н, Наталъяның ұйқысы ашылып кетті (Мұқанов). Елизавета Быкова сауыға б а с т а ғ а н н а н к е й і н, Байжекеңнің ауыз үйі тіпті өзгеріп кетті (Мүсірепов). Дұшпанның атакасы қайта-рылғаннан к е й і н, ол штабқа жүріп кетті (Ақтанов).
7. Барыс жалғаулы өткен шақтық есімше д е й і н,
ш е й і н шылауларына тіркесе айтылып, бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы болады. Мұндай сабақтас сөйлемде бағыныңқы компонент басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің қай уақытқа дейін болғандығын я болатындығын, яғни мезгілдік шегін білдіреді. Мыс.:
Оспан жүріп кеткенге шейін, тоңғанына қарамай соның қасында дәйек болып жүрді. Олар бөктер жолмен айналып жеткенге дейін, мына төтесімен сіздер де барып қаласыздар. Құнанбай аттанып к е т к е н г е д е й і н, мұндай ауылдар қүрақ ұшып, қалбаң қағып жүреді. Жүргіншілер әбден көзден таса б о л ғ а н ғ а ш е й і н, бұлар арттарынан қарап тұрды (Әуезов). Торғай, шымшық, қар-лығаш, бөдене сияқты кішкене құстардың балапандары ұшқанға шейін, жылан оларды ұясына барып жұтады (Мұқанов).
8. Шығыс жалғаулы өткен шақтық есімше бері шылауына тіркесіп, бағыныңқы сөйлем баяндаушы болады. Мұндай сабақтас құрмаласта бағыныңқы компонент басыңқы компоненттегі іс-әре-кеттің басталу шегін, қашаннан бері солай екенін білдіреді. Мыс.:
Ол жұмысқа шыққаннан б е р і, қалтасынан дәрі-дәрмек арылмайтын (Сланов). Әбіш осы ауылға келіп к е т к е н н е н 159
бері оның көз жасы бір құрғаған емес (Көбеев). Мәжіліс басталған- нан бері, осы Қасым бір жапырақ қағазды алдына алып, Рақилаға өлең жазумен әуре болып отыр. Аудан көшіп келгеннен б е р і, Рақилаға көзі түсіп жүрді (Майлин).
9. Өткен шақтық есімше шақта, кезде, уақытта, мезгілде, сәтте, күні, жылы, сағатта, минутта , мезгіл мәнді сөздерге тіркесе айтылып, бағыныңқы компонент баяндауышы болады. Мұндай сөйлемдерде басыңқы компоненттегі іс-әрекеттің бағыныңқы компоненттегі іс-әрекетпен бір мезгілде болгандығы, мезгілдестігі баяндалады. Мыс.:
Көп жұрт Оспан жайын әр алуан айтып жылаған шақтарда Абай өзі де ақын тілімен іштей әлденеше жырлар шерткен Кейін Әбіш тоқтаған уақытта, үй іші тегіс алғыс айтты Қонақтарға қымыз құйылған мезгілде, өз ойымен тебіренгендей болып, бір толғаулы терең сөздер сөйлеп кетті (Әуезов). Әкесі өзбек қыстағына көшіп барған жылы, оның үйінен түнде өрт шығады (Мұқанов). Базарәліні бұл ұрып қ а л ғ ан с ә т т е, өзі- нің де самайынан Әбілғазының қайта сілтеген шоқпары зіл қара тастай қатты кеп соқты (Әуезов).
10. Өткен шақтық есімше -дай, -дей жұрнақты формада айтылып бағыныңқы компонент баяндауышы болады. Мұндай баяндауыш-ты| бағыныңқылар басыңқыдағы іс-әрекетті екінші бір субъектінің іс-әрекетіне ұқсата, соған салғастыра баяндайды. Мыс.:
Барлық іске де бір ашу, серпін араласқандай, қирау, білінулер де көбейіп кетті (Мүсірепов).Кең бөлменің ауасы ж е т п е г е н д е й, оның демі тарылып кетті (Мұқанов). Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады, Жеке батыр шыққандай, қан майданға (Абай).
11. Өткен шақтық есімшенің шығыс жалғаулы түрі г ө р і шылауына тіркесе айтылып та бағыныңқы компонент баяндауышы болады. Сабақтас құрмаластың мұндай түрінде бағыныңқы компоненттегі іс-әрекет, жай-күйдің болуынан гөрі, басыңқы компоненттегі іс-әрекет, жай-күйдің болуы керектігі баяндалады. Компоненттердің мұндай мағыналық қатынастарына негіз болатын да— салыстыру тәсілі. Сондықтан бұл тәріздес сөйлемдер де салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлемге жатады. Бірақ сабақтастың бұл түрі жазу тілінде өте сирек ұшырайды. Мұндай мағыналық қатынасты білдіру үшін жазу тілінде, негізінде, бағыныңқы компонент баяндауышы -ша, -ше жұрнақты есімшеден болған сөйлем қолданылады.
12. Өткен шақтық есімше -дық+тан, -дік+тен қосымшалы түрде айтыльш, бағыныңқы компонент баяндауышы болады. Мұндай бағыныңкы компонент басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің болу-болмауының себебін білдіреді. Мыс.: