қылып к е т к е н і-ай! (Әуезов). Б а л ы қ аулағышын мұның ! Қарай көр, к ө з і н қысқышын ш о л а қ қ о л неменің (Шолохов). Женя, сенің осы бір әдетіңнің қалмайтыны-а й! (Шаймерденов).
Осы із, ыңғаймен, бірақ баяндауыш құрамына көмекші етістік араласып келіп және баяндауыш құрамындағы тәуелдеулі негізгі компонент, негізінде, -ған тұлғалы есімше формасында тұрып та жақсыз сөйлем жасалады. Мұндай жақсыз сөйлемдер ауызекі сөйлеу тілінде жиі қолданылады.
Ж ан ашырдың ж о қ б о л ғ а н ы ғ о й! (Әуезов). Онда, а у з ы ң- ның аппақ б о л ғ а н ы е м е с п е? (Мүсірепов). Ө т к ен жазда сурет көрмесінде бір әдемі пейзаж к ө р г е н і б а р- д ы! (ІПашкин). Менің айтқаным к е л д і. Бір жерде к ө р г е н і м б а р.
Күрделі баяндауышы идиомалық тіркестерден
жасалған жақсыз сөйлемдер
Жай сөйлемдердің грамматикалық субъектісі (бастауышы) бол- май жақсыз болып құрылуының енді бір себебі — олардың бас мүшесінің мағыналық жағынан бөліп талдауға келмейтін түйдекті идиомалык, тұрақты тіркестерден болуы. Мұндай жақсыз сөйлемдердің үлкені бір тобы адамның еркінен тыс болуға я болмауға тиісті табиғи процесті білдіреді, мыс.: Зәрем ұшты; ұйқым келді; айтуға аузым бармайды т. б. Ал, енді бір тобы табиғат, жаратылыс құбылыстарына байланысты процесті көрсетеді, мыс.: Таң атты. Қас қарайып қалды. Ымырт жабылды. Жақсыз сейлемдердің бұл түрі құрылысы жағынан жалаң және жайылма болып келеді. ¥йқым келді., Менің ұйқым келді.
Баяндауыш құрамында тәуелдік жалғау тұрған жағдайда жалаң түрі жайылмаға ең әуелі ілік септіктегі субъект немесе грамматика- лық тұрғыдан қарағанда, анықтауыш арқылы оңай айналады.
Бұл сапарымның оң я теріс боларына кімнің к ө з і жетіпті (Мұқанов). Мырзаны сондай адам деуге аузым б а р м а й д ы. Мейрамның ш е к-с і л е с і қатып жатыр. Күн батып, қ а с қ а- р а й ды (Мұстафин). Күндіз қ о л ы м т и м е й д і, кешкі тамақты ішкен соң келгенім ғой, ғафу етіңіздер! Г е н н а д и й д і ң з ә р е с і т а с т ө б е с і н е шықты (Шашкин). «Бұларың ұят, қойыңдар» деп айтуға ешкімнің т і л і к е л е а л м а д ы. Түнімен аунақшып ұйықтамаған жауыздардың д і ң к е с і құрыды (Торайғыров).
Бастауышы жоқ бір тұрлаулы мүшелі жай сөйлемдердің (белгісіз жақты, жақсыз сөйлемдер) қай-қайсысы болсын, құрмалас сөйлем-нің құрамына өз құрылысы мен мағынасын сақтаған күйінде еніп тұра береді:
Қойымды қасқыр жей ме десем, қ о й д ы ң ө з і н і ң д е ж е- г і с і к е л е м е, қалай? (Әуезов). Кімніц жағары болса да, ж ы р -т у ғ а т у ра к е л ед і (Мұстафин). Алдын ала қам жасамай, өкі- нішт е қ а л у ғ а б о л а ма? Жете ойласа, операциялардың ара- сын созбай, жақындатып, у а қ ы т ұ т у ғ а б о л а д ы екен. (Шашкин). Мырза-ай, қық етпейтін қара нарсын-ау! Көтереді деп арта б е р у г е б о л м а й д ы, нар көтермейтін де жүк бар (Мұстафин). Әйтеуір,қ ай ж е р д е т ә ж ім е т у к е р е к, қай у а қ ы т т а тұ ру к е р ек, қай уақытта ты- мақты к ө з д е н а л ы п к е ң о т ы р у ғ а б о л а д ы, бәрін өзің айтып отыр (Әуезов). Колхоздың бастығы екенін былай қойғанда, қара басының беделіне күйе ж а ғ у ғ а болмайды (Мүсірепов).
IV. Қ¥РМАЛАС СӨЙЛЕМ
Жалпы мәлімет
Лингвистика синтаксистің негізгі объектісің үш салаға бөледі: оның бірі — сөздер тіркесі, екіншісі — жай сөйлем с и н т а к с и с і, ушіншісі — құрмалас сөйлем сиңтаксисі. Бұл салалардың әрқайсысының өздеріне тән зерттеу объектілері бар. Солардың ішінде құрмалас сөйлемнің негізгі объектісі — жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өз ара ұласып бір бутінге айналуы, сол арқылы күрделі ойды білдіру жолдары мен амал-тәсілдері. Бұл жағынан алғанда құрмалас сөйлем синтаксисі жай сөйлем синтаксисінен мейлінше басқа: жай сөйлем синтаксисі жеке ұғымды білдіретін сөздердің өз ара тіркесіп, сөйлем болу жолдарын тексерсе, құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ойды білдіретін сөйлемдердің бір-бірімен ұласып құрмалас сөйлем болу жолдарын, құрмалас сөйлемнің өзіндік сыпаттары мен түрлерін тексереді. Сөйтіп, бірінің объектісі — ұғымдар тіркесі болса, екіншісінің объектісі — ой тіркесі, яғни сөйлемдер тіркесі.
Қазақ тілі білімі саласындағы ең кеш қолға алынған және аз зерттелгенінің бірі — құрмалас сөйлем синтаксисі. ¥лы Октябрь социалистік революциясына дейін қазақ тілі грамматикасының басқа салалары жөнінде, оның ішінде жай сөйлем синтаксисі бойынша да онша терең, жан-жақты болмағанмен біраз зерттеу еңбектері бар дейтін болсақ, құрмалас сөйлем синтаксисі туралы олай деуге болмайды.
Революциядан бұрын шыққан грамматикалық еңбектердің бар- лығында дерлік құрмалас сөйлем синтаксисі өз алдына жеке қарал-ған емес. Құрмалас сөйлем, Бағыныңқы сөйлем деген атауларды олардың тек кейбіреулерінен ғана кездестіруге болады; оның өзінде де құрмалас сөйлемнің сырын ашу мақсатымен емес, есімше, көсемше және етістіктің кейбір райларының синтаксистік , кызметтерін баяндауға арналған жерлерде «етістіктің бұл түрі бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы болады» дегендер тәріздес көлемде ғана кездеседі.
Құрмалас сөйлем синтаксисі туралы айтыла бастаған азын-аулақ алғашқы пікірлерді отызыншы жылдар ішінде мектептерге арналып жазылған оқулықтардан, оқу программаларынан кездестіруге болады. Құрмалас деген термин де сол кездерден бастап енді. Бұл термин практикалық тілде кездеспейді, грамматикалық термин ретінде тек лингвистикада ғана қолданылады. Бұл атау — құра деген етістіктен жасалған туынды сөз. Терминнің мағынасы өзі атау болған категорияның мазмұнына сай келеді. Өйткені құрмалас деген атаумен аталатын сөйлем — екі я одан да көл жай сөйлемдерден құралатын құранды категория.
147
Атқаратын қоғамдық қызметі жағынан жай сөйлем мен құрмалас сөйлем бір: екеуі де (рас, бірі — жалаң бір ойды, екіншісі —жеке ойдан құралған құранды, күрделі) ойды білдіреді, ойды жарыққа шығару, оны басқаларға білдіру, сол арқылы қоғам мүшелерінің ара тусінісу қызметін атқарады. Сөйлемнің бұл екі түрінің бір-бірінен өзгешеліктері олардың сыртқы құрылыстары мен і ш к і мазмұндарында болады.
Құрамы жағынан алғанда, жай сөйлем жеке мүшелерден (сөз- дерден) құралады да, құрмалас сөйлем жеке сөйлемдерден құралады, басқаша айтқанда, жай сөйлем жеке сөздерге ғана (мүшелерге) жіктеле алатын болса, құрмалас сөйлем жеке сөздерді (мүшелерді) өз ішіне алатын сөйлемдерге жіктеледі. Сөйтіп, бірінің мүшесі — сөз, екіншісінің мүшесі — сөйлем. Бұл — жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен құрылысы, құрамы жағынан өзгешеліктері. Ал бұл екі категорияның бір-бірінен мағыналық өзгешелігі — олардың бірінің (жай сөйлемнің) жеке бір ғана ойды білдіріп, екіншісінің (құрмаластың) күрделі ойды білдіруінде.
Осы айтылған структуралық және мағыналық сипаттары жағынан алғанда, құрмалас сөйлемге екі немесе одан да к ө п жай сөйлемдерден құралып, күрделі бір ғ а н а ойды білдіретін сөйлемдер жатады.
Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің жоғарыда айтылған ерек-шеліктерінен құрмалас сөйлем әрдайым көлемді болады да, жай сөйлем оған қарағанда көлемсіз болады деген қорытынды шықпасқа керек. Сөйлемнің құрмалас болуы я жай болуы оның көлеміне бай-ланысты болмайды. Айтылмақшы ойдың ерекшелігіне қарай бірде бірі көлемді болса, екіншіде екіншісі көлемді болып келе береді. Мысалы:
Қажымұқанның мейлінше күнге күйіп, желге жарылған қара қайыс жүзі, уысына зорға сиярлық дөкір, ірі саусақтары, тара-мыс әлді денесі, етсіз шықшыты жайылып, езу тартқанда ақсита қалған аққаладай тістері, көзінің айналасындағы мәз болып жиырылған жұқа қыртысты, қалтқысыз шырайы. Андреевтің көз алдына қырдың еңбегі еш, тұзы сор көп еңбекшісінің бала мінезді, батыл кейпін алып келгендей болды (Есенжанов),
Достарыңызбен бөлісу: |