Менің артымнан тағы бір қыз туады д а, әке-шешем атын Бал-туған қояды (Мұқанов). Араға көп күн салмай-ақ ауа райы бір қа-лыпқа тоқырады д а, аспан түйдек-түйдек салқын қоңыр бұлттан арылды (Есенжанов).
171
Жер астында жел д е жоқ, тілін соза қызара жалтыраған машинамнан басқа жарық т а жоқ (Мұсірепов).
Бұл мысалдың алдыңғы екі сөйлемінде жалғаулық екі компонент арасында ғана келсе, соңғы сөйлемде ол компонент сайын қай-таланып айтылған.
Да жалғаулығы арқылы құрмаласқан компоненттер мезгілдес болған іс-әрекет, жай-күйді, оқиғаны баяндайды. Мыс.:
Торпақты сол арада біреу сатып алды да, ақшасын Әсти цалта-сына салды (Мүқанов). Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады (Әуезов),
Бұл келтірген мысалдағы сөйлемдердің барлығында да әуелі ал-дыңғы сөйлемдердегі іс-әрекеттер болған да, содан кейін оған іле-шала соңғы сөйлемдердегі іс-әрекеттер болып отырған, яғни мезгілдік жағынан бірінен кейін бірі іркес-тіркес болған. Ал енді:
Үріккен қойдай шоғырын жазбай шапқан үш солдат бөлек кетті де, қара көк аттың үстіндегі Абылаев пен қасқа айғырлы Бақы бір бөлек кетті (Есенжанов). Ушаков сылқ-сылқ күліп, қолын анда-санда бір сермеп қалып булығып жатыр да, Рязанов немене айтты дегендей әркімге бір қарайды (Мүсірепов), — деген сөйлемдер компоненттері бір уақыттың ішінде, мезгілдес қатар болған іс-әрекеттерді, жай-күй, көріністерді баяндайды.
Сонымен да жалғаулығы қайталамай екі компонент арасында келген жағдайда жай сөйлемдер бір-бірімен екі түрлі мезгілдік қаты-наста айтылады: а) алдыңғы компонент бұрын болған іс-әрекет, жай-күйді, соңғы компонент одан сәл кейін, бірақ соған тіркес болған іс-әрекет, жай-күйді білдіреді; ә) екі компоненттің екеуі де бір мерзім ішінде қатар болған я болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді, көріністі баяндайды.
Да жалғаулығының қайталап айтылуы арқылы жасалатын салалас сөйлемнің жоғарыда айтылған салалас сөйлемнен компоненттерінің бір-бірімен мезгілдік қатынасы жағынан айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Мұнда да бір уақыттың ішінде болған я болып жатңан мез-гілдес іс-әрекет, жай-күйлер, көріністер баяндалады. Бірақ соған қоса бұларда іс-әрекет үдей, өсе, күшейе түскен мәнде беріледі. Мыс.:
Ресейдің жұмысшы табы мен қалың шаруасы енді қайтып құлдқық қамытын кимейді де, оны зорлап ешкім кигізе алмайды да (Есен-жанов). Одан арғыны Игілік айтқан да жоқ, қасындағылары батып сұрай алған да жоқ (Мүсірепов). Кеп-кең ордан аттың қалай ырғып кеткенін Әбдірахман көз тоқтатып қарап байқаған да жоқ, байқауға шамасы да келмеді (Есенжанов).
Қайталанып қолданылған да жалғаулығы екі компонентті құр-маластыру қызметін атқарумен бірге, тіркесіп айтылған сөзінің мәнін арттыру, оған ой екпінін түсіре, күшейте, өзгеден ерекше бөле айту үшін де қолданылады. Мыс.:
Дәл шындықтан шет жатқан елдің әңгімеге құмарлығы да көп, шала ұғарлығы да көп. Күн бата шұбартып мал шеті де көрінді, бо- ран да үдеңкіреп кетті.Көмір де осы, отын да осы (Мүсірепов).
Және жалғаулығы арқылы жасалатын мезгілдес салалас сөйлем
Құрмалас сөйлем жасауда да жалғаулығымен бір типтес болып келетін жалғаулық ж ә н е жалғаулығы. Бұл жалғаулық өзі құр-маластыратын жай сөйлемдері арасында ғана қолданылады да, олар-дың ешқайсысының да құрамына енбей, жеке-дара тұрады. Бұл жа-ғынан алғанда, ж ә н е жалғаулығын нағыз салаластырушы жал-ғаулық деуге болады.
172
Ж ә н е жалғаулығы д а жалғаулығы сияқты жай сөйлемдерді құрмаластыру қызметінде жиі қолданылмайды, өте сирек, әлдеқалай ғана ұшырайды. Ж ә н е жалғаулығы арқылы құрмаласатын ком-поненттер іс-әрекет, жай-күйді өсіңкі, үдетпелі, үстемелі мәнде білдіреді. Мыс.:
Отырып әңгімелескендей үлкен жүмысым жоқ ж ә н е ұзақ отырып сізбен кеңес құратын қазір уақыт та тар (Есенжанов). Сіздің қолыңыз босай қоймас ж ә н е босағанмен бұл жұмыс сізге ауыр тиер (Әбішев). Қашқын ұзап кетті ж ә н е кертөбелге жетер мұнда ат та жоқ (Мұстафин). Жыраның бұл тұсы адам еңкеймей жүрсе де бойын жасырарлық теп-терең еді ж ә н е түбі де нақ жиегіне дейін бұйдайығы мен кей жерде қарабарағы аралас өскен қалың жынысты (Есенжанов).
Мысалдың бірінші құрмалас сөйлемінің алдыңғы компонентінде отырып әңгімелесерліктей үлкен жұмыстың жоқтығы айтылса, екін-ші компонентте оның үстіне, яғни үлкен жұмыс жоқтығының үстіне, уақыттың да тар екендігі айтылған. Осы тәріздес біріншідегі әрекет үстіне қосымша, үстеме болған әрекеттер кейінгі сөйлемдерде де баяндалған. Бұл жағынан алғанда ж ә н е жалғаулығы арқылы жасалатын салалас сөйлем мен да жалғаулығы, әсіресе оның қайталап келуі арқылы жасалатын салалас сөйлем бір. Екеуінен де өсіңкілік, үстемелілік мән, «оңың үстіне, ол аз болса, оған қоса» дегендер тәріздес мағыналар байқалып тұрады. Дегенмен бүл екі жалғаулық арқылы жасалатын салалас сөйлем, компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан әрдайым бірдей болып та отырмайды. Бұлардың арасындағы негізгі өзгешелік да жалғаулығы арқылы жасалатын салалас сөйлемдерде компоненттердің бір-бірімен мезгілдік қатынастары айқынырақ сезілетін болса, ж ә н е жалғаулығы арқылы құрмаласатын түрінде ол өте көмескі болады. Мұндағы компоненттердің мағыналық қатынасында, жоғарыда айтылғандай, өсіңкілік, үстемелілік, үдетпелілік мағына басым болып тұрады.
Әрі жалғаулығы аркылы жасалатын мезгілдес салалас сөйлем
Құрмаластыратын жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қа-тынасы жағынан жоғарыда талданған сөйлем түрлерімен бір тектес болып келетін салалас сөйлем — ә р і жалғаулығы арқылы жасала-тын құрмалас сөйлем. Бұл жалғаулық жай сөйлемдерді құрмаласты-ру қызметінде ж ә н е жалғаулығынан гөрі де сирек қолданылады. Мұның қолданылуы да жалғаулығы сияқты: бірде қайталанбай, екі компонент арасында ғана келсе, бірде қайталанып, әр компонент ішінде қолданылады. Бұл жалғаулық арқылы жасалатын салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастары ж ә -н е жалғаулығы арқылы жасалатын салалас сөйлемге өте ұқсас. Оны мына мысалдан байқауға болады:
Бұл бізге істелуге тиісті істердің түрін тегіс қамтуға мүмкіндік береді, ә р і ол жұмысқа көпшіліктің ынтасын аударады. Қи өзге отыннан әрі қызу, ә р і оның шоғы ұзақ уақыт сөнбейді. Менде ә р і документ жоқ, ә р і бармақшы болған үйлердің адресі жоқ (Мұқанов).
Мысалдардағы бұл сөйлемдер ж ә н е жалғаулығы арқылы жа-салатын салалас сөйлемдерге өте жақын. Мұндағы кейбір сөйлемдердегі ә р і жалғаулығының орнына ж ә н е жалғаулығын қойып айтса да болғандай. Бұлардағы екінші компоненттегі іс-әрекет бірінші компоненттегі әрекеттерге үстеме, өсіңкі мән беріп, оны күшейте түсіп тұр.
173
Қи өзге отындардан қызу және оның үстіне, сол қасиетіне қосымша оның шоғы ұзақ уақытқа дейін сөнбейді. Менде документ болмаудың үстіне бармақшы үйдің адресі тағы жоқ. Бұлардағы әрекет бірінің үстіне бірі үстемеленіп, қос қабаттасып жатады.
Сонымен, талданып өткен үш түрлі (д а, ж ә н е, ә р і) жал-ғаулық арқылы жасалатын салалас құрмалас сөйлемдер компо-ненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастары жағынан өз ара жақын бір тектес болып келеді. Бұлар арқылы құрмаласқан жай сөйлемдер әрқайсының азды-көпті өзіндік ерекшеліктері болумен қатар, негізінде, мезгілдес болған іс-әрекет жай-күйлерді, бір мезгіл ішіндегі оқиғаларды баяндайды. Сондықтан салалас сөйлемнің бұл түрлері м е з г і л д е с салалас деген шартты бір ғана атаумен аталады.
Себептес салалас сөйлем
Достарыңызбен бөлісу: |