Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


J--ионының сапалық реакциялары



бет103/125
Дата15.12.2023
өлшемі1,44 Mb.
#139505
түріҚұрамы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   125
Байланысты:
АХТН Лаборатория

J--ионының сапалық реакциялары

Йодид-ионы J- - бірнегізді йод-сутек қышқылының HJ анионы. Сулы ерітіндіде йодид-ион түссіз, гидролизденбейді, тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді, металл катиондарымен тұрақты бромид комплекстерін түзуші (лиганд ретінде). Аммоний және басқа да көптеген металдардың бромидтері суда жақсы ериді. CuJ, күміс(I) AgJ, алтын(II) AuJ және алтын(III) AuJ3, қорғасын(II) PbJ2 (қыздырғанда ериді), висмут(III) BiJ3 суда аз ериді.




1. Күміс нитраты AgNО3 J-анионымен күміс йодидінің AgJ сары түсті тұнбасын түзеді, йодид-ионының артық мөлшерінде ериді:
KJ + AgNO3 → AgJ↓ + KNO3
J- + Ag+ → AgJ
Күміс йодидінің тұнбасы суда, азот қышқылында және амммиакта ерімейді. Натрий тиосульфатында күміс тиосульфатты комплексті қосылысын түзіп ериді:
AgBr + 2S2O32- → [Ag(S2O3)2]3+ + Br-
Тәжірибе:
Сынауыққа 3-4 тамшы KJ ерітіндісін, оның үстіне 4-5 тамшы AgNO3 ерітіндісін құяды. Күміс йодидінің ашық сары тұнбасы түзіледі.
2. Қорғасын Pb2+ катионы йодид-ионымен J- бірігіп алтын-сары түсті РbJ2 қорғасын йодидінің тұнбасын түзеді:
2KJ + Pb(NO3)2 → PbJ2↓ + 2KNO3
2J- + Pb2+ → PbJ2


Тұнба қыздырғанда суда ериді.
3. Тотықтырғыштардың әсері. Тотықтырғыштар (хлорлы, бром суы, KMnO4, KBrO3,NaNO2,FeCl3,H2O2 және т.б.) қышқылдық ортада йодид-ионын J- бос йодқа J2 дейін тотықтырады, мысалы:
2J- + Cl2 → J2 + 2Cl-
2J- + 2Fe3+ → J2 + 2Fe2+
2J- + 2NO2- + 4H+ → J2 + NO + 2H2O

Көбіне хлорлы суды қолданады. Хлорлы су бромид-ионы Br- тәрізді, йодид-ионы J- үшін де ең маңызды реактив болып есептелінеді.


Егер хлорлы суды қышқыл ортада йодид ерітіндісіне қосатын болса, йодид-ионының бос йодқа дейін тотығуы жүреді. Бөлініп жатқан йод ерітіндіні сары-қоңыр түске бояйды. Бос күйіндегі йодты органикалық еріткіштердің (хлороформ, бензол және т.б.) көмегімен бөліп алуға болады. Йодтың әсерінен органикалық қабат көгілдір күлгін түске боялады, ал сулы қабаты ашық-қоңыр түсті болады:
Сl2 + 2J- 2Сl- + J2

Хлорлы су артық мөлшерде алынса бөлініп жатқан бос йод ары қарай түссіз йодты қышқылға дейін тотығады да ерітінді түссіз болады:


J2 + 5Cl2 + 6H2O → 2HJO3 + 10HCl

Хлорды тотықтырғыш ретінде пайдалану йодид-ионын J- бромид-ионы Br- қатысында да ашуға мүмкіндік береді.


Тәжірибе:
Бір тамшыдан калий бромиді КBr мен калий йодидін КJ алып, екі есе сумен сұйылтып, оған 2-3 тамшы 2н күкірт қышқылы ерітіндісін құйып қышқылдандырып алған соң бірнеше тамшы бензол тамызады. Сынауықтағы ерітіндіні араластыра отырып хлорлы су тамызғанда тотығу потенциалдары-на сәйкес ең алдымен йодид-ионы J- тотығады. Йодқа тән бензол қабатының түсі күлгін болады. Күлгін түс жойылған соң, бромға тән қызыл-қоңыр түс пайда болады, ол лимон-сары түске дейін өзгереді.
Егер ерітінді құрамында SО32- және S2- аниондары болса (өте күшті тотық-тырғыштар J-, Br- аниондарымен салыстырғанда), бұл жағдайда J- пен Br- аниондарының тотығуы S2- мен SO2- аниондары тотығып болған соң жүреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет