Iii beynəlxalq türk dünyasi araşdirmalari simpoziumu III. Uluslararasi türk dünyasi araştirmalari sempozyumu ІІІ халықаралық ТҮркі әлемі зерттеулері симпозиумы



Pdf көрінісі
бет52/102
Дата03.03.2017
өлшемі42,43 Mb.
#6018
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   102

KAYNAKÇA 

Aslan,  B.  (2009).  “Sovyet  Rusya  Hakimiyetinde  Yaşayan  Türklerin  Ortak  Birleştirilmiş  Türk  Alfabesinden  Rus 

Kiril Alfabesine Geçirilmesi”, A.Ü. Türkiyat Araştırmaları Enstitüsü Dergisi, 40: 357-374. 

Bourdieu, P. (1991). Language and Symbolic Power, edit: John B. Thompson, Cambridge. 

Fishman, J. A. (2000). Can Threatened Languages Be Saved?, Multi Lingual Matters, Clevedon. 

Humboldt, W. (1907). Gesammelte Schriften, 7/1, Berlin. 



322 

III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu 

İmer, K. (1987). “Toplum Dil Bilimin Kimi Kavramlarına Kuramsal Bir Bakış ve Dil Türleri”, Ankara Üniversitesi 

Dil ve Tarih-Coğrafya Fakültesi Dergisi, 1/2, (31):213-230. 

Johanson L. (2002). Structural Factors in Turkic Language Contacts, Curzon Press. 

Karaman, E. (2010). “Dünden Bugüne Azerbaycan’da Alfabe”, Sosyal Bilimler Arastırmaları Dergisi. 2, :130-143. 

Toklu, O. (2015). Dilbilime Giriş, Akçağ Yayınları, Ankara. 

Yalçın  S.  K.  (2008).  “Rusya'da  Yaşayan  Türklerİn  Konuşma  Dillerinin  Yazı  Diline  Dönüştürülme  Süreci  ve 

Ötekileştirme Ekseninde İzlenen Dil Politikaları”, Turkish Studies, 3/7: 662-678. 


ТҮБІР МОРФЕМАНЫҢ ТҮРКІТАНУДА ЗЕРТТЕЛУІ ТУРАЛЫ  

 

Доц. м.а Ж. К. СҮЙІНЖАНОВА



 

Қ. М. ӘШІРХАНОВА





 

 



Түйіндәмә:  Түбір  және  қосымша  -  жаңа  сөз  жасауға  қатысатын  негізгі  элементтер.  Тілімізде  түбір 

мәселесі  түрлі  аспектіде  қаралып  жүргенімен,  дәл  сөз  жасаушы  негізгі  элементтердің  бірі  ретінде 

толық  зерттелді  деуге  келмейді.  Ал  түбірсіз  ешбір  сөз  жасалмайды,  сондықтан  ол  -  сөзжасамдағы 

негізгі  тұлға.  Түбірдің  сөзжасам  жүйесінде  өзіндік  белгілі  қызметі  бар.  Алдымен  түбірлердің  сөз 

жасаушы негізгі элементтің бірі ретінде танылуы оның жаңа сөздің мағынасын белгілеуде атқаратын 

қызметіне  байланысты.  Түркітануда  тілдің  қазіргі  қалпы  тұрғысынан  алғанда,  өз  алдына  дербестігі 

жоқ,  тек  сөз  құрамында  қолданылатын  формалардың  тарихи  тұрғыдан  алып  қарағанда,  түбір  деп 

тануға болатынын зерттеген еңбектер баршылық. Мұндай көне (өлі) түбірлердің кейбірі қазіргі кейбір 

түркі  тілдерінде  қоланыста  бар.  Біз  өз  зерттеуімізде  түбірдің  жоғарыда  айтылған  кейбір  тілдік 

мәселелері  және  тарихи  сөзжасамға  қатысы  туралы  түркітанушы  ғалымдардың  пікірлерін  саралауға 

тырысамыз.  

Тірек  Сөздер:  түбір,  өлі  түбірлер,  сіңіскен  түбірлер,  жылысу  құбылысы,  аффикстік  морфема, 

фонетикалық сөзжасам тәсілі, лексикалық мағына, лексикалық единица туынды сөздер.

 

About Research of Root Morphemes in Turkology 

Abstract:  The  root  and  the  ending  are  the  main  elements  in  the  word  formation.  The  root  problem  in  the 

language  considered  from  various  aspects,  but  little  studied  as  the  main  word-formative  element.  A  word 

can't be formed without root; therefore the root is the main element. In  word formation the root performs a 

definite  function.  This  root  functions  primarily  due  to  the  fact  that  it  determines  the  meaning  of  the  new 

word.  In  Turkic  studies  there  are  works  in  which  study  words  form  of  the  modern  language,  do  not  have 

personal  meaning  and  used  only  in  the  words  structure,  but  which  can  be  understood  as  the  root  of  the 

historical  aspect.  Some  of  these  dead  roots  are  used  in  some  Turkic  languages.  In  our  study,  we  analyze 

Turkologists views on some linguistic problems of the roots, which relate to the historical word formation.  



Keywords: root, dead roots, morpheme, phonetic  method  of  word  formation, lexical  meaning, lexical  unit, 

derived words. 



Кіріспе 

Ұлтымызды  рухтандырып,  оның  ішкі-сыртқы  келбетін  көрсететін  негізгі  сипат,  ол  –  тіл. 

Тілдің баюы сөздер мен сөз тіркестері арқылы болады. Ол сөздердің негізі – түбір сөздер. Тілдің 

әр  саласы  түбірді  өзінің  зерттеу  объектісі  тұрғысынан,  мәселен,  этимологияда  түбірдің  шығу 

тарихы,  лексикологияда  лексикалық  мағынасы,  морфологияда  грамматикалық  мағынасы  т.б. 

салаларда  әр  қырынан  қарастырылады.  Осы  түбірлердің  даму  жолын  анықтау  –  тіл  тарихы  мен 

сөзжасам үшін аса маңызды мәселе. Тіліміздегі байырғы түбірлер халқымыздың тарихи дамуының 

куәгері болып саналады. Түрколог ғалымдар түбір сөздердің табиғатын көптен бері зерттеп келеді. 

Бұлжөнінде  қазақ  тіл  білімінде  І.Кеңесбаев,  А.Аманжолов,  Ғ.Айдаров,  М.Томанов,  А.Ибатов, 

А.Қалыбаева,  А.Ысқақов,  Ә.Қайдар,  Ж.Манкеева  т.б.  ғалымдар  зерттеп  келеді.  Бұл  еңбектерде 

түркі  тілдері  түбірлерінің  ерекшеліктері,  дыбыстық  құрамы,  шығу  тарихы  мен  дамуы, 

семантикасы,  тілдегі  қолданылуы  зерттелген.  Алайда  жалпы  түркі  тілдері  зерттегенде  байқала 

бермейтін, тек жеке тілдерді жан-жақты қарастыру арқылы шешілетін кейбір проблемалар да бар

Сол мәселелердің қатарында біршама зерттеліп, бірақ әлі де зерттелуді қажет ететін мәселенің бірі 

– бір буынды өлі түбірлер табиғаты. 

 Біз бұл мақаламызда сөздердің құрамында кездесетін бір буынды өлі түбірлердің қазақ тіл 

білімінде зерттелу жайын сөз етеміз.

 Өлі түбір – жасалу жолдары беймәлім, мағынасы ұмытылған 

түбірлер.  Өлі  түбір  тіл  заңдылықтары  негізінде  пайда  болып,  ішкі  және  сыртқы  факторлардың 

әсерінен лексикалық мағынасын жоғалтқан. Бұрын өлі түбір семантикалық мағыналары бар дербес 

сөздер  болғанымен,  қазір  жеке-дара  қолданылу  қабілетін  жоғалтқан,  қосымшамен  бірге 

                                                      

 



Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, zhanar.suinzhanova@ iktu.kz 



 



Нийде университетнің докторанты, karligash78@mail.ru 

324 

III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu 

қолданғанда  ғана  белгілі  бір  мағынаға  ие  болады.  Мысалы,  жал  түбірінің  дербес  мағынасы 

көмескі, ол жалаң, жалғыз, жалқы, жал-жал сөздерінің құрамында кездеседі. 

 

Тіл  білімінде  өлі  түбір  терминін  ілкі  түбір,  байлаулы  түбір,  этимон  түбір,  негіз  түбір, 



тарихи  негіздер  деп  әртүрлі  аттармен  қарастырады.  Біз  солардың  ішіндегі  «өлі  түбір»  терминін 

қолданамыз.  Өлі  түбірлердің  бір  заманда  дербес  сөз  болғандығын  түрколог  ғалымдар  тарихи-

салыстырма  әдісімен  дәлелдейді.  Ең  алдымен  әрбір  тілдің  ішкі  фактілерін  тексеріп,  жазба 

ескерткіштерінен  қарап,  содан  кейін  туыстас  тілдердің  материалдарымен  салыстырып 

қарастырады.  Ғалымдардың  зерттеулерінен  көретініміз  біз  өлі  түбір  деп  санайтын  түбірлердің 

туыстас  тілдерде,  тіпті  сол  тілдің  өзінде  дербес  сөз  ретінде  қолданылатынын  көреміз. 

Зерттеушілер  тілде  тірі  түбірдің  өлі  түбірге  айналуы  бар  да,  өлі  түбірдің  «тірілуі» 

байқалмайтынын айтады. Бұл мәселе түркологияда біршама қарастырылған. 

Бұл  туралы  профессор  К.  Аханов  «Тіл  білімінің  негіздері»  атты  еңбегінде  «түркітануда 

лексикалық  мағыналары  бар,  өз  алдына  дербес  қолданылатын  және  тілдің  қазіргі  қалпы 

тұрғысынан алғанда, ары қарай бөлшектенбейтін негізгі морфемалар ғана түбір деп саналып жүр. 

Ал қазір өз алдына дербестігі жоқ көз, көр тәрізді сөздердің кө- тәрізді морфемасы түбір ретінде 

танылмай,  аталған  сөздер  тұтас  қалпында  түбір  делініп  жүр.  Тілдің  қазіргі  қалпы  тұрғысынан 

алғанда,  өз  алдына  дербестігі  жоқ,  тек  сөз  құрамында  қолданылатын  мұндай  морфемалардың 

алғашында  лексикалық  мағыналары  бар  дербес  сөздер  болғандығын  ескерсек,  оларды  тарихи 

тұрғыдан  алып  қарағанда,  түбір  деп  тануға  болады.  Мысалы,  түркі  тілдеріндегі,  соның  ішіндегі 

қазақ  тіліндегі,  ентік  пен  ентеле,  жөтел  мен  жөткір,  семіз  бен  семір,  жақ  (от  жақ)  жан  (от 

жанды)  тәрізді  жұп-жұбымен  келген  сөздердің  әрбір  жұбының  түбірі  бір  екендігі  аңғарылып 

тұрады»  деген  пікір  айтады  (Аханов,  1973).  Қырғыз  тіл  білімі  маманы  Б.М.Юнусалиев  «Қырғыз 

лексикологиясы»  атты  еңбегінде  жақ  және  жан  деген  етістіктердің  түбірі  –  жа-,  ал  жақ 

етістігінің  құрамындағы  -қ  –  сабақты  етістік  тудыратын  жұрнақ  та,  жан  деген  етістіктің 

құрамындағы -н салт етістік тудыратын жұрнақ деп қарайды(Юнисалиев, 1959). 

Түбірлерді  грамматикалық  тұрғыдан  қарастыра  отырып,  мұндай  түбірлерді  өлі  түбірлер  я 

көнерген  негіздер  деп  атайды.  Профессор  А.Ысқақов  өз  еңбегінде  өлі  түбірлерге  тіліміздегі 

сөздердің бәрі бірдей түбірге және қосымша бөлшектерге оп-оңай, мүшелене бермейтіні, олардың 

ішінде,  туынды  сөздердің  мағынасына  ұйтқы  болғанымен,  формасы  жағынан  дербес  сөз  ретінде 

қолданылмайтын  түбірлер  де  кездесетінін  сөз  етеді.  Және  момын,  момақан,  момыш;  шалқақ, 



шалқасынан,  шалқаң,  шалқалау,  шалқалақтау,  шалқалаңдау  деген  сөздерді  алып,  олардың  өзара 

түбірлес  я  төркіндес  сөздер  екенін  дәлелдейді(Қайдар,  2014).  Олардың  бастапқы  түбірі  қайсы 

екенін тұлғалық жағынан ажыратуға әбден болады: мұндағы бірінші топтағы түбірлес үш сөздің 

бөлшектеуге келмейтін ең түпкі бөлшегі – мом деген морфема да, екінші топтағы түбірлес алты 

сөздің  түпкі  бөлшегі  –  шалқ  деген  морфема.  Бірақ  бұл  морфемалардың  қайсысы  болса  да,  сол 

қалыптарында  қазіргі  тілімізде  дербес  сөз  ретінде  қолданылмайды;  олар  тек  сол  қосымшалы 

формаларда  тұрғанда  ғана  қолданылады;  мұндай  түбірлер,  әдетте,  өздерімен  түбірлес  сөздердің 

формаларын салыстыру арқылы анықталады. (Манкеева, 1991) 

Түркологияда ғалым  Әбдуәли  Қайдардың еңбегі  орасан.  Ғалым  қазақ  тіліндегі  екі  буынды 

бұйрық мәнді етістіктердің құрамындағы өлі түбірлерге жан-жақты талдаулар жасайды. Әбдуәли 

Қайдар  500-ден  астам  бұйрық  райлы  етістіктердің  бар  екендігін  айта  келіп,  олардың  жасалу 

модельдерін көрсетеді. Түбір тұлғаларды қолданысына және мағынасына байланысты тірі түбір 

және өлі түбір деп жіктейді. «Қазақ тілінде итер -алда тәрізді етістіктер – түбір мен тұлға болып 

жіктелмейтін біртұтас сөздер. Бұларды императив жүйесімен қарастырсақ, біріншісі -ар/-ер (без-



безер, боз-бозар, қот-қотар, қыз-қыздар жас-жасар, ұз-ұзар т.б.), екіншісі өте продуктивті –та/-

те/-да/-де/-ла/-ле  моделі  арқылы  жасалған  туынды  түбір  екені  даусыз.  Ал  ит  пен  ал  қазақ  тілі 

үшін өлі түбірлер болғанымен, ит - түбірі хакас тілінде іт - «толкать» «пихать» «проталкивать» 

түрінде,  якут  тілінде  үт  –  «толкать,  пихать,  совать»  түрінде  бүгінгі  таңда дербес  қолданылатын 

түбірлер.  Бір  қызығы:  ит-  түбірі  ХІ  ғасырдағы  Махмұд  Қашғари  «Диванында»  жеке-дара 

қолданылып  (olani  itti  «он  его  толкал»)  (МК,  1,171),  одан  итін-,  итіл-  тәрізді  етіс  формалары 

жасалып тұрса (ДТС, 2015), одан әлдеқайда көне Тұрфан өлкесінен табылған манихей мазмұнды 

ұйғыр  ескерткіштері  тілінде  it-  негізінде  пайда  болған  itаr-  формасы  қолданылған:  jema  mujayg 

siyunuy itarur ermus «и он толкнул... марала» (ДТС,2015). (Манкеева, 1991) 

 Ай-айыр,  ау-ауыр,  кіт-кідір,  са-сау,  ал-алда,  қай-қайт,  жор-жорт,  қыз-қызық,  қол-қолда, 



сүң-сүңгі, т.б. етістіктердің этимологиясын тарихи-салыстырма әдісімен көрсетеді (Қайдар, 2014).  

325 

Doç. m.a. J. K. SÜYİNJANOVA-K. M. EŞİRHANOVA/Tübir Morfemanın Türkitanuda Zerttelüvi…  

Қазақ  тіл  білімінде  Ж.А.Манкеева  -  өлі  түбірлерді  арнайы  зерттеп,  диссертация  қорғаған 

ғалым. Ғалым бұл туралы ғылыми мақалалар монографиялар, оқулықтар мен әдістемелік құралдар 

жазды.  Бұл  туралы  ғалым  «Қазақ  тіліндегі  императив  тұлғалы  етістіктердің  өлі  түбірлері 

жайында»  деп  аталатын  мақаласында  бұйрық  рай  тұлғасындағы  күрделі  етістіктердің  35  түрлі 

үлгісіне  талдаулар  жасайды.  Мысалы:  bul  -  бүлдір  «разрушить»,  «испортить»  «портить»  деген 

мағыналарда. М.Қашқари сөздігінде bul сөзінің түбірі «бүлінген», «бұзылған» деген мағыналарда 

беріледі деп түсіндіреді. Өлі түбірлерге келтірілген мысалдар ішінде А.Югнеки шығармасындағы 

«uz»  -  ұз  «біреудің  соңынан  еру»  деген  мағынада  болса,  ал  қазіргі  қазақ  лексикасында  «ұза», 

«ұзат» - «удалится» мағынасында қолданылады дейді (Манкеева, 1991). 

Түбірді  сөзжасамдық  тұрғыдан  қарастырған  профессор  Н.Оралбаеваның  «Қазақ 

грамматикасында»  (231-б)  атап  көрсеткен:  «....  қазіргі  тілімізде  көптеген  сөздерді  шартты  түрде 

түбір  сөз  деп  қараймыз.  Шын  мәнінде,  олар-өлі  түбір  мен  қосымшадан  тұратын  тарихи  туынды 

түбірлер.  Ол  диахрондық  зерттеудің  нәтижесінен  анықталады.  Түркі  сөздерінің  байырғы  түбір 

морфемасы  бір  буынды  болғанмен,  жалғамалықтың  нәтижесінде  анық,  көбінесе,  екі  буындыға 

айналуы тұрақты құбылысқа айналған», -деген пікіріне толық келісуге болады. Әрине, бұл бірден 

болатын  тілдік  құбылыс  емес-оған  талай  уақыт  қажет,  ұзақ  тарихи  процесс.  «Қазақ 

диалектологиясында» (232) өлі түбірлерді «ілкі түбірлер», синхрондық тұрғыда «негіз түбір» деп 

бөлуді ұсынады (Қазақ грамматикасы, 2002). 

Тарихи сөзжасам саласынан арнайы еңбек жазған ғалым Анар Салқынбай  түбірдің тарихи 

даму  жолын  сөзжасамдық  аспектіде  зерттейді.  Бірқатар  сөзжасамдық жұптардың  семантикасына 

мысалдар  келтіреді.  «Диахрондық  аспектіде  көпмағыналы  сөздердің  екіншілік  мағынасын 

туғызатын кей фонетика-семантикалық сыңарлардың көрінісі мынадай: Қ-й; жоқ-жой, тоқ-той, 



соқ-сой т.б. Р-з; көр-көз, ар-аз, бор-боз т.б. Н-и; күн-күй, қан (дай) –қай(да) т.б. Р-и; тіре-тая, 

қыр-қий,  жар-жай  т.б.  Н-ң;  тон-тоң,  қон-қоң  т.б.  Т-й;  жат-жай,  қатты-қайсар,  құты-құй, 

жұт-жой  т.б.  Мұндай  тұлғалардың  ішкі  семаникалық  құрылымы  бір-біріне  жақын,  бір 

денотаттың әртүрлі қасиеті мен сипатын айқындайды. Мысалы: көз-бір денотаттың атауы, көр-сол 

денотаттың  қасиеті,  қимылы.  Демек  сөздің  мағыналық  тектестігі  анық»  екендігін  сөз  етеді.  Бұл 

тектестік, бірлік туынды сөздерді жасап тұрған себепші негіздің мағынасы арқылы, яғни этимон 

түбірдің өзек семасы арқылы беріледі. Көрсетілген сөздердегі генетика-семантикалық мағына мен 

тұлға  ортақ.  Ал  зат  есім,  етістік  деп  топқа  бөлініп,  әртүрлі  грамматикалық  категорияларымен 

түрленуі  –  жаңа  сөз  туындағанының  айғағы,  көрінісі.  Көпмағыналы  сөздер  тіл  дамуында,  адам 

танымында пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажеттілігіне сәйкес, басқа номинациялар туғызуға 

себепші негіз болу қызметін де белсенді атқарып келеді(Салқынбай, 1999).  

Қорытынды.  

Біз мақаламызда қазақ тілі білімінде

 өлі түбір бұрын семантикалық мағыналары бар дербес 

сөздер  болғанымен,  қазір  жеке-дара  қолданылу  қабілетін  жоғалтқан  өлі  түбірлердің  тіл  тарихы 

және  сөзжасамдық  негізде  қарастырылған  еңбектерге  шолу  жасадық.  Әрине  бұл  мәселе  туралы 

зерттеулердің  бәрін бір мақаланың ауқымында қарастыру  мүмкін  емес.

  Қорыта  айтқанда,  қазіргі 

тіліміздегі  сөздердің  құрамында  кездесетін  өлі  түбірлерді  тарихи-салыстырма  әдісімен  зерттеуді 

жалпы түбір теориясына алып баратын жол деп білеміз. Оларды жеке тілдердің негізінде зерттеген 

дұрыс.  Осы  тәріздес  жұмыстар  түркітілдес  тілдердің  бәрінде  қарастырылса,  өлі  түбірлер 

этимологиясына қосқан үлесіміз болар еді.  



ӘДЕБИЕТТЕР 

Аханов К. (1973), Тіл білімінің негіздері. Алматы. 

Древнетюрский словарь (1969), Л. 

Қазақ грамматикасы (2002), –Астана: Елорда. 

Қайдар Әбдуәли. (2014), Ғылымдағы ғұмыр. Мақалалар, баяндамалар жинағы –Алматы: «Сардар» баспа үйі. 

Манкеева Ж.А. (1991), Реконструкция первичных корней глагольных основ казахского языка. 

Салқынбай А. (1999), Тарихи сөзжасамА. 

Юнисалиев Б.М. (1959), Киргизская лексикология: Развитие корневых слов. Фрунзе.  

 

 


326 

III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu 

 


ҚАЗАҚ ТІЛДІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДАҒЫ  

ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ САЯСИ РЕҢКІ 

Доц. Қ. Б. САРБАСОВА

 

С. А. САДУАҚАСОВА





 

 



Түйіндәмә:  Мақалада  қазақ  тілді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  мәтіндерінде  қолданылған  салт-

дәстүр,әдет-ғұрып  ,мал  шаруашылығы  мен  тағамға  қатысты  фразеологизмдердің  саяси  мәнде 

қолданылу ерекшеліктері қарастырылып, мән-мағынасы ашылады. 

Тірек Сөздер: ақпарат құралдары, салт-дәстүр,әдет-ғұрып. 

Kazakh Language Media Phraseology Of Political Overtones 

Abstract: The article considers such phrases what common to traditions, usages, habits, agricultural and food 

that used in political version and their specials in the article. 



Keywords: media, traditions, customs. 

Қай  халықтың да ұлттық дүниетанымы, ақыл-парасатының көкжиегі, ой-өрісінің тереңдігі, 

рухани  мәдениеті  оның  ана  тілі  арқылы  көрініс  табады.    «Ежелден,  атам  заманнан  тіл  –  елдің 

мәдениет, әдебиеті өсіп-өніп, отбасындағы тіршілігінен бастап, қоғам, халық, ел-жұрттың, жалпы 

мәдениеттің  арнаулы  құралы,  ғылымның  атаулы  саласы  екендігі  даусыз»  (Даурбекова, 

massaget.kz/userdata/uploads/u21/h_5.doc).



 

Ұлттың  мәдени,  әдеби,  рухани,  діни  ерекшеліктері  оның  тілінде  көрініс  тапса,  сол  тілде 

ұлттың  өзгелерден  өзгеше  бір  қасиеттерін  даралайтын,  нақтылы  сипаттайтын,  ажарлап, 

айшықтайтын  тіркестер  қалыптасады.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  қазақ  тілінің  айтылар  ойды 

астарлай,  «тігісін  жатқыза»  жеткізе  отырып,  ұлттық  дүниетанымның  қыр-сыры  жөнінде 

эстетикалық тәрбие беру қызметі де ерекше. Тілімізде сақталып келген тіл оралымдары, фразалық 

тіркестер  т.б.  бірліктер  –  тілдік  құндылықтарымыз.  Атадан  мұра  болып  келе  жатқан  тіл 

байлықтарымыз  ауызекі  сөйлеу,  көркем  әдебиет,  ғылым  мен  публицистика  тілінде  қолданылып, 

қолданылу аясына қарай түрленіп, ажарлана түсуде. Соның бір көрінісі – БАҚ тілі. 

ХХ  ғ.  ІІ  жартысы  мен  ХХІ  ғасыр  ақпараттық  коммуникация  мен  жаңа  ақпараттық 

технологияның қарқынды өсуімен ерекшеленеді. Дәстүрлі БАҚ – тың  қарқынды дамуы -  баспа,  

радио,  теледидар,  ғаламтордың  пайда  болуы  мен  таралуы  –  бірыңғай  ақпараттық  кеңістіктің, 

көптеген  медиаағымдар  жиынтығының  пайда  болуына  алып  келді.  Осының  бәрі  жаңа  сөздердің 

пайда  болуы  мен  таралуына,  байырға  сөз  қолданыстың  ерекшеліктеріне,  тілдегі  өзгерістердің 

сипатына  әсер  етпеуі  мүмкін  емес.  Осындай  сөз  қолданудың  ауқымды  ағымы  бүгінгі  бұқаралық 

ақпарат  саласына  да  келіп  жетті.  Бұқаралық  ақпарат  мәтіндері  немесе  медиамәтіндер  қазіргі 

тұрмыстық тілдің ең көп тараған саласы болуымен қатар, қазақ әдеби тілінің дамуына үлес қосуда. 

Қоғамды  БАҚ-сыз  елестету  мүмкін  емес,  өйткені  ол  халықпен,  бүкіл  қоғамдық  ахуалмен  тығыз 

байланыста,  біте  қайнасып  өмір  сүреді.  Ол  «төртінші  билік»    деген  мәртебеге  ие.  Ғылыми 

еңбектерге қарағанда, БАҚ – ты тұтынушылар саны мол. Бүгінгі БАҚ тілінде ақпарат таратудың 

негізгі  көзі  болып  табылатын  медиамәтіндердегі  тілдік  бірліктер  ішінен  фразеологизмдердің 

қолданыстық қызметінің ерекше екені байқалады. Публицистикалық стиль ерекшеліктеріне сәйкес 

фразелогизмдер  атауыштық,  бейнелілік,  көркемдік  әрі  ақпараттық  қызметте  кеңінен  қолданысқа 

ие  болып  отыр.  Фразеологизмдер,  негізінен,  ауызекі  сөйлеу  тілінде,  көркем  әдебиетте  жиі 

қолданылады.  Поэтикалық  мәтінде  фразеологизмдердің  негізгі  қызметі  –  бейнелеуіштік, 

эстетикалық,  ақпараттық  қызмет.  БАҚ  тілінде,  публицистикалық  стильде  қолданылуының 

ерекшеліктерін  анықтау  барысында  олардың  концептуалды,  бағалауыштық,    модальділік, 

түсіндіру,  жарнамалық  қызметтері  анықталды  және  фразеологизмдердің  саяси  мәтіндерде  жиі 

қолданыла  бастағанын  аңғаруға  болады.  Кейбір  фразеологизмдердің  қоғам  қайраткерлері, 

саясаткерлер,  тілшілер  қауымы  тілінде  саяси  реңкі  байқалады,  бұл    қоғамдық  –  саяси  формация 

байланысты құбылыс деп түсінген жөн. Қоғам бар жерде – тіл, тіл бар жерде қоғам бар. Сонымен 

                                                      

 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті, Талдықорған, bazarbekovna54@mail.ru 





 

Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті, Талдықорған





328 

III. Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Sempozyumu 

қатар, қоғам  бар  жерде  –  мемлекет,  ал  мемлекет бар жерде  тарих  пен  саясат  бар.  Сан  мыңдаған 

жылдар  бойы  салт  дәстүр,  әдет  –  ғұрып,  наным  –  сенімдермен  біте  қайнасып  келе  жатқан 

фразеологизмдер қоғамның саяси өмірінде де көрініс табуы заңды құбылыс.  

Фразеологизмдер – метафора, метонимия, синекдоха тәсілі арқылы ауыс мағынаға ие болған 

тілдік  бірліктер.  Көбіне  көп  мағыналы  болып  келеді.  Медиамәтіндерде  фразалық  тіркестердің 

саяси мәнге ие болу сипатының бір себебі осы болса керек. Қазақ тілді БАҚ-тағы медиамәтіндерге 

назар аударайық. Сауын айту – ас, той хабарын таратты (Кеңесбаев, 2007) Бір ауылда, не болмаса 

елде үлкен ас, үлкен той болатын болса, алдын ала бір жыл немесе бірнеше ай бұрын жан-жаққа 

хабар жіберіп, ел-жұртты соған шақырады. Әр ру мұндай асқа қымызын, малын ала келеді. Батыр, 

балуан, ақын, әнші, күйші, бишілер өнер көрсетіп, бәйгеге жүйрік аттарын қосып, астың тойдың 

жақсы  өтуіне  жан  жақты  қолдайды.  Жиынға  қымыз  әкелгендерді  құр  қайтармайды,  ыдысына 

сойылған малдың етінен сыбаға салып жібереді (Әлеуметтану және саясаттану бойынша Орысша-

қазақша түсіндірме сөздік ,2006).  

Салт – дәстүр - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым 

ерекшелігіне  сәйкес  ғасырлар  бойы  жинақталып,  өмірдің  өзі  туғызған  ғұрыптардың  жиынтығы; 

қауым  мен  қоғамда  қалыптасқан  мінез-құлықтың  үлгілері  (Уикипедия  ашық  энциклопедиясы.). 

Салт-дәстүрлер көркем шығармаға да, медимәтіндерге де арқау болады. Мысалы, І.Жансүгіровтің 

«Құлагер»  поэмасында  Сағынайдың  асы  туралы  хабар  қыс  бойы  айтылып,  жұртшылыққа 

таратылады:  

Қатарлап қаладайын үйлерді ылғи. 

Көше боп көк майсаға тігілген үй. 

Айтылған қыстай сауын, ұлы дүбір, 

Хат алған неше дуан, болыс пен би  

 

 

 



(Жансүгіров, 1974). 

Ал медиамәтінде «Сауын айту» салтының саяси мәнге ие болуы кездеседі. Мәселен, Сөйтіп, 

биыл  құрылғанына  жиырма  жыл  толатын  ұйым  алаш  жұртына  сауын  айтып,  үндеу  жолдады 

(«Жас Алаш» газеті, 17.02.2105  №13) деген мысалда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының 

орынбасары А.Башмаковтың кезектен тыс Президент  сайлауын өткізу туралы көтерген бастамасы 

«сауын айтуға» баланып, хабар тарату мағынасында қолданыс тапқан. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет