Ііі бөлім. ТҰтас педагогикалық Үдерістің теориясы мен практикасы - тақырып. ТҰтас педагогикалық Үдерістің (ТПҮ) МӘні және қҰрылымы «Мұғалімнің іс-әрекет объектісі»


Мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі – іс-әрекет субъектісі ретінде



бет4/10
Дата07.01.2022
өлшемі28,91 Kb.
#17526
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.4 Мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттестігі – іс-әрекет субъектісі ретінде

Кәсіби-педагогикалық әрекет педагогикалық үдерістің бір бөлігі болғандықтан, ол мұғалімнің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігінің негізі болып табылады.

Осыған байланысты, педагогикалық жоғары мектеп алдында педагогикалық міндеттерді өз бетінше шешуге қабілетті кәсіби құзыретті педагог дайындау міндеті тұрғаны айқын. Олар төмендегі педагогикалық міндеттерді шеше алатындай болуы керек:

- рефлексивті–талдау (тұтас педагогикалық үдерісті, оның элементтерін, туындаған қиындықтарды талдау және қорытынды жасау т.б.);

- жобалау – болжау (тұтас педагогикалық үдерісті құру, жоспарлау, нәтижені және алынған шешімдердің салдарын болжау);

- ұйымдастырушылық - әрекеттік (оқу – тәрбие үдерісінің әртүрлі нұсқаларын іске асыру, педагогикалық қызметтің әралуан түрінің сәйкестігі);

- бағалау – ақпараттық (педагогикалық жүйенің даму болашағы туралы ақпарат жинау,өңдеу, сақтау және оны бағалау);

- түзету – реттеу (педагогикалық үдеріс ағымын түзету, қажетті коммуникативтік байланыстар орнату, оларды реттеп отыру және қолдау).

Н.В.Кузьминаның еңбектерінде педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық құрылымына сипаттама беріледі. Ол барлық студенттің педагогикалық мамандыққа бағыттылығын және педагогикалық икемділігін қалыптастыруды педагогикалық меңгерудің маңызды міндеттерінің бірін санайды. Сонымен қатар маман дайындаудың тиімділігін арттыру үшін студенттерді болашақ кәсіби іс-әрекетінің құрылымына икемдей отырып, мұғалім тұлғасын қалыптастыру үдерісін қарастырады. Педагогикалық қабілетке ол педагогикалық байқампаздық, педагогикалық қиял, педагогикалық такт, назар аударып, көңіл қою және талапшылдықты жатқызады.

П.Я. Гальперин еңбектерінде іс-әрекеттің психологиялық құрылымы туралы жалпылама көзқарас негізінде педагогикалық іс-қимылдың құрылымы қарастырылады. Олар: 1) оқушыларды алдағы жасалатын іс-әрекетке ынталандырып, қызығушылық туғызу; 2) мақсатты орындауға дайындық; 3) іс - әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті білім, біліктерін тексеру; 4) іс - әрекеттерді ұйымдастыру; 5) білім, білік және дағдыны бекітуге арналған жаттығулар; 6) іс - әрекеттің орындалуын бағалау және нәтижесін тексеру, оған оңды қарым – қатынас қалыптастыру.

Нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесіне көшу – педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың мақсатын, мазмұнын және ұйымдастыру технологиясын жаңа белеске көтеріп, одан әрі жақсартуды талап етіп отыр.

Қазіргі заманғы мұғалімді кәсіби дайындау деп мұғалім бойына уақыт талабына сәйкесті математикалық, тілдік, психологиялық – педагогикалық және әдістемелік білім мен біліктер жиынтығын қалыптастыруды түсінеміз. Педагогикалық үдеріс - субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет