Ііі бөлім. ТҰтас педагогикалық Үдерістің теориясы мен практикасы - тақырып. ТҰтас педагогикалық Үдерістің (ТПҮ) МӘні және қҰрылымы «Мұғалімнің іс-әрекет объектісі»


Педагогикалық үдерістің оқу және оқудан тыс саласының бірлігі жеке тұлғаны қалыптастырудың шарты - пәнаралық байланыс



бет6/10
Дата07.01.2022
өлшемі28,91 Kb.
#17526
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Педагогикалық үдерістің оқу және оқудан тыс саласының бірлігі жеке тұлғаны қалыптастырудың шарты - пәнаралық байланыс.

Бүгінгі мектеп оқушысының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен, білім берудің мақсаты түбегейлі өзгеру керек: бірінші кезекке, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде рухани дүниесі бай және адамгершілігі мол, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру білім мазмұнын таңдауда қатаң ескерілетін мәселе екенін баса айтқан жөн.

Мектеп оқушысының жас ерекшелігіне сай таным мүмкіндігін және оқыту мақсатының оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарланғанын ескерсек, онда бұл сатыда оқылатын пәндерді ғылымдар негіздері түрінде қарауға болмайтыны түсінікті: мұнда негізінен, оқушыда мәдениеттің базистік қырларын қалыптастыру бірінші орынға шығады. Осымен байланысты, білім мазмұнын былайша жіктеуге болады: коммуникативтік мәдениет (ана тілі), ақыл-ой мәдениеті (математика, жаратылыстану), эстетика және адамгершілік мәдениеті, еңбек мәдениеті, дене тәрбиесі. Оқушылардың психикалық дамуындағы негізгі әрекет-оқу әрекеті. Мұнан басқа дамыта оқытуды ұйымдастыру, баланың жеке тұлғасы мен оның ерекшеліктерін танып білу бастауыш сынып мұғалімінен педагогика, психология, практикалық психологиядан терең білім мен білікті талап етеді. Сондықтан, мұғалімге қолданыстағы оқытудың түрлі әдістемелік жүйесін, технологиясын, оқулық пен оқу бағдарламаларын саралап пайдалана білуі үшін жаңа тұрпаттағы әдістемелік даярлық, кәсіби – дидактикалық құзыреттілік керек.

Замануи мектеп алдында тұрған осындай жаңа мақсат, міндеттер болашақ мұғалімдерден оқу–тәрбие үдерісіне әдістемелік талдау жасап, ондағы нақты проблемаларды анықтап, оны өз бетінше шеше білу қабілетінің болуын, яғни жақсы дамыған шығармашыл ізденімпаздық, ғылыми – зерттеушілік қабілетінің болуын талап етеді.



Пәнаралық байланыс оқушылардың жеке тұлғасын дамытуда, білім мен тәрбие беру міндеттерін шешуде де өте маңызды болып табылады және педагогикалық іс-әрекеттің, еңбектің ғылыми негізде ұйымдастырылуына көмектеседі.

Мектепте пәндер арасындағы өзара байланысты әрдайым ұйымдастырып, жүргізіп отыру – оқушыларға ғылымдар негізін игерудің, сонымен бірге білім беруді дамытудың қажетті шарты.

Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне сәйкес дүниеде барлық заттың, құбылыстың бірімен–бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де тығыз байланыста болады. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Философия адамды биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде қарастырады.

Психологтар оқушылардың пәнаралық байланыс арқылы әр түрлі пәндердегі қабылдауды олардың білімдерін бір жүйеге түсіріп, ақыл-ойына серпіліс туғызып, таным қызметіне шығармашылық сипат береді деп тұжырымдайды. Сондықтан, пәнаралық байланыс ақыл-ой әрекетінің психологиялық және физиологиялық негізін, ми қыртысының жүйелік ұстанымын ескергенде ғана жүзеге асады.

Пәнаралық оқытудың қазіргі оқыту – тәрбиелеу, білім беру жүйесінде оқушылардың дүниетанымын тереңдете отырып, оқытудың тиімділігін арттыруға көмектесетіні ғылыми - педагогикалық тұрғыдан дәлелденген. Оқушылардың әртүрлі пәндер бойынша алынған білім, біліктерді қабылдауы, түсінуі, олардың ақыл – ойына серпін тудырып, танымдық іс-әрекеттеріне шығармашылық сипат беріп, барлық алынған білімдерін жүйелейді. Пәнаралық байланыс арқылы оқытудың дамытушылық, білім және тәрбие берушілік қызметі обьективті түрде кеңейіп, дамып отырады.

Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы - тарихи дамуда дәлелденіп, қaзipri педагогиканың, оның ішінде пәннің оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр. Сонымен қатар пәнаралық байланыс қазіргі заманғы мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып табылады.

Оқу пәндері мазмұнында пәнаралық байланыстардың алатын өз орны бар. Өйткені олар аралас пәндердің жалпы 6ip бөлімі болып табылады және пәндердің өзара сіңісуін көрсетеді Пәнаралық байланысты мазмұны бойынша төмендегіше төрт түрге бөлуге болады:

а) түсініктердің, заңдылықтардың және теориялардың жалпыға ортақтығы бойынша;

б) 6ip ғана объектіні оқып үйренуге қатысты жалпы ғылыми фактілер бойынша;

в) жалпы ғылыми әдебиеттерді қолдану бойынша;

г) ойлау ic - әрекеттерінің жалпы тәсілдері бойынша.

Қaзipгi педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін құраушы құрылым болып есептеледі. Сол себепті оқыту үдерісіндегі пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңызы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет