Iii бөлім. ТҰтас педагогикалық Үдерістің



бет2/9
Дата24.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#125682
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
3.1.1

Кесте 6«Педагогикалық процесс» ұғымының мәні



Анықтама

Автор

1

Педагогикалық процесс – көптеген процестердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні әлеуметтік құнды
тәрбие адамның қалыптасқан сапасына айналатындығы

М.А. Данилов

2

Педагогикалық процесс – үлкендердің мақсатты, мазмұнды, ұйымдасқан педагогикалық іс- әрекеттерінің өзара әсері және тәрбиешінің басым рөліне бағытталған белсенді өмірлік іс-әрекет
нәтижесінде баланың өзін-өзі өзгертуі

Б.Т. Лихачев

3

Педагогикалық процесс – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін
тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы

И.П. Подласый

4

Педагогикалық процесс – тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту заңдылықтары негізінде қойылған мақсатқа сәйкес баланың өмірлік іс-әрекетін мақсат-
бағыттылыққа ұйымдастыру

С.А. Пуйман

5

Педагогикалық процесс тәрбиеленушінің тұлғалық қасиеттері мен сапалық түрленуіне алып келетін, қойылған мақсаттың нәтижесіне бағытталған, арнайы ұйымдастырылған, уақыт пен кеңістікке қатысты нақты тәрбиелік жүйеде дамитын тәрбиеші мен
тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеті

В.И. Смирнов

6

Педагогикалық процесс - өзінің табиғатында өзіне-өзі
әрекет жасай алатын жеке қоғамдық тұлғаның жан- жақты жетілуі

П.Ф. Каптерев

7

Педагогикалық процесс - ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеру, әрбір оқушының дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын тұлғасын қалыптастыруға бағытталған

Педагогика
/Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің авторлар ұжымы

Педагогикалық процестің негізгі сипаттамасы оның біртұтастығында. Педагогикалық процестің барлық құраушылары бір мақсатқа бірігеді: білімділік, дамытушылық, тәрбиелік. Педагогикалық процестің тұтастығы жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігімен және нақты оқу- тәрбие процесінің өтуімен сипатталады.


Тұтастық, жалпылық, бірлік – бірдей мақсатқа бағытталған педагогикалық процестің барлық құраушыларының негізгі сипаттамасы. Педагогикалық процесс – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы.
Педагогикалық процесс – негізгі біріктіруші жүйе. Онда қалыптасу, даму, тәрбие және оқыту процестері өздерінің барлық шарттарымен, формаларымен, әдістерімен өзара бірігеді.
Тұтас педагогикалық процестің басты қасиеттері:
а) педагогикалық процесс – әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың арасындағы іс-әрекеттердің алмасуымен анықталады;
ә) ынтымақтастық (тек қана ұстаздармен ғана емес, мұғалімдермен, бір- бірімен де) оқушы үшін әртүрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының жағдайы болады;
б) «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процесс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
в) педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік қасиетін әртүрлі тетіктердің бірлігі деп қарап, ондағы өзара байланысқан жүйелердің оқушылар тұлғасының қалыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен анықталады. Педагогикалық процесс өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса, онда «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің тұрақтылығымен өзін- өзі дамыту мәселесі шешіледі.
Педагогикалық процестің негізгі сипаттамасы оның біртұтастығында. Педагогикалық процестің барлық құраушылары бір мақсатқа бірігеді: білімділік, дамытушылық, тәрбиелік. Педагогикалық процестің тұтастығы жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту мақсаттарының бірлігімен және нақты оқу- тәрбие процесінің өтуімен сипатталады.
Ғалым Т.А.Стефановскаяның пікірінше, педагогикалық процестің құрамды бөліктері болып табылатындар:

  • педагогикалық процестің негізгі басты идеялары мен принциптері;

  • тұтас педагогикалық процесс функциялары;

  • тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері;

  • тұтас педагогикалық процесс тиімділігінің көрсеткіштері;

  • педагогикалық процесс мазмұны;

  • педагогикалық процесс мазмұнының бағыттылық деңгейі;

  • педагогикалық процестің негізгі құралдары, іс-әрекет түрлері.

Педагогикалық процесс – көптеген процестердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні – әлеуметтік тәжірибе қалыптасқан адами санамен байланыстылығы. Тұтастық, жалпылық, бірлік – бірдей мақсатқа бағытталған педагогикалық процестің барлық құраушыларының негізгі сипаттамасы. С.А.Смирнов, И.Б.Котова, Е.Н.Шиянов, Т.И.Бабаева және т.б. ғалымдар педагогикалық процесті көптеген педагогикалық іс-әрекеттер мен құбылыстарды біріктіретін тұтас жүйе ретінде қарастырады: тұтас педагогикалық процесс, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары, тұтас
педагогикалық процестің кезеңдері, педагогикалық инновациялар, қазіргі кезең мектебінің мұғалімі.
Педагогикалық процесс – тәрбие процесінің негізгі құрылымдық бірлігі, оның ерекшелігі сол – ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекетінің педагогикалық жүйесін анықтай түседі: егер тәрбие процесі ұғымы тұлғаны қалыптастыратын барлық мақсатты бағытталған әсерлердің жиынтығын өзіне біріктірсе, ал педагогикалық процесс ұғымы алдын ала ұйымдасқан тәрбиелік өзара іс-әрекеттерді бейнелейді.
Педагогикалық процесс білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған мұғалім мен оқушы арасындағы өзара ықпалды қызметті атқарады, яғни педагогикалық процесс – бұл арнайы оқу мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мәндегі тәрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.
Педагогикалық процесс – бірнеше элементтен құралатын жүйе. Педагогикалық процестің 3 құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық. Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат – принциптер – мазмұн - әдістер – құралдар – форма.
Мақсат – ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі. Принциптер – мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн – мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер – мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс- әрекеттері. Құралдар – мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.
Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсінкі, дене мен күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет