Сурет-51. Педагогикалық процестің құрылымы
Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі:
ақпараттық – тәрбиеленушіні сауаттандыру;
тәрбиелік – тәрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі;
дамытушылық – тәрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі;
аксиологиялық – тәрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру;
әлеуметендіру – тәрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу (52-сурет).
Ақпараттық
Тәрбиелік
Дамытушылық
Әлеуметтік бейімдеу
Аксиологиялық
Сурет-52. Педагогикалық процестің қызметтері
Педагогикалық процестің біртұтастығы. ТПП компоненттерінің құрылымы мен сипаттамасы. Тұтас педагогикалық процестің қызметтері (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық). Педагогикалық процестің оқу және оқудан тыс сапасының бірлігі жеке тұлғаны қалыптастырудың шарты. Педагогикалық процесс дамушы жүйе.
Педагогикалық процесс объектінің сапасы, оның қасиеті ретінде көрінеді (53-сурет).
ОҚЫТУ
ОҚУ
Сурет-53. Педагогикалық процесс компоненттерінің өзара байланысы
Педагогикалық процесс өзіндік ерекшеліктерінен айқындалады: белсенділік пен қатынастың бірлігі, процеске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған, бірлескен, дербес іс-әрекеттері; әртүрлі сатыдағы жүйелердің қызметінің арнайы мамандануы; субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: |