Қарама-қайшылық – педагогикалықпроцестіңқозғаушыкүші. Педагогикалық процестің қарапайым «бөлшегі» ретінде қолданылатын
«педагогикалық жағдаят» туралы Н.Д.Хмель: « ...педагогикалық жағдаяттар болмысқа тән алуан түрлілікті білдіреді. Бір қарағанда, жағдаяттарды бірін екіншісінен ажырататын уақыты, орны, себебі, түрткісі, пайда болу шарттары, қатысушылардың әлеуметтік жас және психологиялық-физиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекет мазмұны мен амалдары қарым-қатынас сипаты болады»
– деген болатын.
Философиялық еңбектерде жағдаят дегеніміз – байланыстың, қызметтің уақыттық-кеңістік шарттарының субъективтілік және объективтілік бірліктері деп беріліп, тұлғаның әлеуметтік таратушысы, нақты бір мәдениеттің, дамыған даралықтың өкілі ретінде қарастырылады.
Педагогикалық жағдаяттарды дұрыс шешу үшін, біріншідентерең теориялық білім, екіншіденжағдаятты талдау барысында меңгерген білімін дәлелдеуі, үшіншіден,психологиялық, педагогикалық біліміне байланысты дұрыс және дәлелді шешім қабылдауы қажет (54-сурет).