Тұтаспедагогикалықпроцесстеориясытуралыбілім–мұғалімніңкәсібиқұзыреттілігініңнегізі. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі – білім берудің жана жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық процестегі өзгертулермен тығыз байланысты. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу, т.б.) жаңаша ойлау қалыптасуда.
Көрсетілген белгілер негізінде тұжырым жасауға болады: педагогикалық процесс оқушылардың ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын бірлескен іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған, дамуға және өзін еңбекте және қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын.
Біртұтаспедагогикалықпроцестіңқасиеттері:
педагогикалық процестің әлеуеті оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың арасындағы іс-әрекеттерінің алмасуымен анықталады;
ынтымақтастық: оқушы (тек қана ұстаздармен ғана емес, бір-бірімен де) үшін әртүрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық процестегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының жағдайы болады;
«ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процесс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірігуімен анықталады;
іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылар) қайта құру белсенділігімен анықталады. «Педагогикалық процесс» объектісінің сапасы оның қасиеті ретінде көрінеді, оларсыз педагогикалық процесс өзіндік ерекшеліктерінен айырылады;
белсенділік пен қатынастың бірлігі: процеске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған бірлескен, дербес іс -әрекеттері;
әртүрлі сатыдағы жүйе қызметінің арнайы мамандануы;
субъекттілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.
Педагогикалық процестің сапалары мен қасиеттерін қызмет ету жағдайларын объективті талап етеді. Сонымен педагогикалық процесс, өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса, онда «мұғалім-ұстаз» жүйесінің тұрақтылығы мен өзін -өзі дамыту мәселесі шешіледі.