Иіс сезу және көру нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері


IV. Nervus trochlearis шығыршық нерві, қозғалтқыш



бет4/87
Дата10.01.2023
өлшемі0,56 Mb.
#60772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87
Байланысты:
Иіс сезу ж не к ру нервтері рылысы, ызметі, за ымдану симпто

IV. Nervus trochlearis шығыршық нерві, қозғалтқыш.
Оның ядросы ортаңғы мидың қақпағында төрт төмпешіктің төменгі төпешігі маңайында орналасқан. Нерв сильвий су жолын айналып өтіп, ортаңғы мидың қақпағы тұсынан мидың ішінен шығады. Мидың алдыңғы желкенінде екі жағынан айқасып, ми аяқшасының сыртымен үлкен мидың асытына түседі де алға қарай қуыстанған қойнауды sinus caemosus қабырғалай өтіп, көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы бас сүйек қуысынан шығады да көз алмасының жоғарғы қиғаш өтіп m. Obliquusті нервтендіреді.


VI. Nervus abducens әкетуші нерв, қозғалтқыш.
Ядросы варолий көпірдің қақпағында ромб тәрізді шұңқырдың түбіндегі бет нерві ілмегінің ішінде орналасқан. Варолий көпірі мен сопақша мидың пирамидасы аралығында ми бетіне келеді де қуыстанған қойнаудың алдымен көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы бас сүйек қуысынан шығып, көз алмасының сыртқы түзу бұлшық етін m. Rectus lateralis нервтендіреді.


Көз қозғайтын нервтерді тексеру және олардың зақымдану симптомдары:
Тыныштық жағдайда сырқаттың бетін бақылайды. Көз саңылауының еніне, көз алмасының қалпына, қарашықтың көлемі мен формасына назар аударады.
Көз алмасынын қозғалу мөлшерін анықтау үшін дәрігер тексерілушінің басын иегінен ұстап тұрады да, оған көзінің алдында 20 см қашықтықта оңға, солға, жоғары- төмен кезекпен- кезек бағытта ауысытырып соған қарауын өтінеді.
Қарашық реакциясын тексеру. Дәрігер сырқаттың бетін жарыққа қаратыпотырғызады да екі көзін алақанмен жауып қойып, кезек- кезек ең әуелі бір көзді содан кейін екінші көзді ашып қарашықтық реакциясын бақылайды. Қалыпты жағдайда қарашыққа түскен жарықтың әсерінен ол тарылады – қарашықтың жарыққа тікелей реакциясы.


Көз қимыл нервінің зақымдануы. Үстіңгі қабақты көтеретін б,еттің сал болуына байланысты ол төмен түсіп кетеді де көзді жұмып қалады яғни птоз, көздің ішкі бұлшық етінің қызметті жойылғандықтан көз екі жақ сыртына және төмен қылиланады. Мұндай жағдайда көздің алдыңғы нәрсе қосарлана көрінеді диплопия. Қарашықтың тарылтатын б.еттер әлсірегендіктен қарашық кеңейеді мидриаз .
Көз алмасының үш тік бұлшық еттері күшінің бірден жойылуы оны көз аясынан бері қарай шығуына әкеледі бұны экзофтальм дейді




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет