Иіс сезу және көру нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері



бет7/87
Дата10.01.2023
өлшемі0,56 Mb.
#60772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   87
Бет нервісі қызметін тексеру.

  1. Қалыпты жағдайда науқастың бетін байыптап қарағанда ауытқушылық немесе табиғи әжімдердің жойылуын байқауға болады.

  2. Бет құбылысына әсер ететін бұлшық еттердің қызметін тексеруге болады. Яғни науқасқа

қабағыңызды көтеріңіз- маңдай бұлшық етін тексеру.
Көзіңізді сығырайтыңыз- көз айналасындағы бұлшық еттерінің қызметін тексеру.
Екі ұртыңызды томпайтыңыз- жақ бұлшық еттерінің тексеру.
Тісіңізді ақситыңыз - күлуге қатысты бұлшық еттерді тексеру. Ерініңізді түтікше үріңіз- ауыс айналасындағы бұлшық еттерді тексеру.


Бет нервісінің зақымдалулары:
Бет нервісінің сыртқы невроны зақымданса, беттің зақымданған жағындағы бұлшықеттер сал болып қалады. Осыған байланысты беттің әжімдері тұтасып, көз аясы кеңейіп, қабағы қозғалмай қалады, көзі жұмылмай қалады қояның көзі тәрізді белгі, көзін жұмғанда көз алмасы жоғары қарай ауытқып, кірпік арасында көздің ағы көрініп тұрды Белл симптомы. Тістерін ақситқанда ауыз зақымданған жаққа қисайып леп белгісіне ұқсайды- шарко леп белгісі симптомы. Екі ұртын томпайтқанда зақымданған ұр жағы томпаймайды.
Сал болып қалған бет бұлшық еттеріне электр тогы әсер етпейді.
5.Кіреберіс ұлу және қосымша нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері
VIII Nervus vestibulocochlearis . кіреберіс-ұлу нерві, сезімталдық.
Бұл жұр есту жәнеи кіреберістнервтерінен түзіледі, екеуі де сезгіш нервтер.
Есту анализаторларының құрылымы. Бірінші невронның клеткалары кортий түйініндегі ұлу иірімінде жатыр, олардың аксондары есту ұлу нервін құрастырады да бас сүцек қуысына ішкі капсула есту тесігі арқылы өтіп, ми бағанындағы алдыңғы және арқа ядроларына келеді. Бұл ядрода олардың екнші невронның клеткалары жатыр, аксондары екі жағынан жартылай қиылысады ми қыртысы астындағы есту орталықтарына-ішкі денелерге және төрт төмпешіктің артқы томпақтарына көтеріледі. Мұнда үшінші неврон клеткалары орналасқан, олардың аксондары жоғары көтеріліп, ми қыртысының самай бөлігінің жоғарғы жағындағы Гешль ирелеңіне келіп тоқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет