Үшкіл нерв қызметін тексеру. Үшкіл невтің бетке шығатын тұстарын көз үсті, көз асты, иек асты басып байқау.
Үшкіл нерв тармақтарының беттегі нервтендіретін аймақтарында ауырсыну,температуралық, жанасу және кинетикалық сезімділігін тексеру.
Қанттың, тұздың көмегімен тілдің алдыңғы 2,3 бөлігінде дәм сезу мүмкіндігін анықтау.
Көздің мөлдір қабығы көз ойы шырышты қабығы және қас үсті рефлекстерін тексеру.
Шайнау бұлшықеттерінің қызметтін тексеру.
Зақымдалу симптомдары: Үшкіл нервтің түбірі немесе тармақтары зақымданса беттің сол зақымданған жақтағы жартысында ұстамал ауырсыну, нерв тармақтарының сезімділік өзгерістер гиперестези,гипостезия немесе анестезия пайда болады.
Гисер түйіні зақымданса бетте ауырсынумен қоса қабыршақ тәрізді күлдіреу пайда болады.
Ми бағанындағы үшкіл нерв- жұлын трактасы ядросы зақымданса ауысыну және температуралық сезімділік Зельдер аймағында жойылады да жанасу терең сезім сақталады.
Көру төмпешігі, ішкі капсула, артқы ми қыртысының орталық ирелеңді зақымданғанда қарама-қарасы бетте сезімділіктің барлық түрі бұзылады. Арты орталық ирелең төменгі бөліктері тітіркенсе, қарама-қарсы бетте ұстамалы парестезич пайда болады.
Шайнау ядросы зақымданса сол зақымданған жағында шайнауға қатысты б.еттер сал болып қалады.
4.Бет нерві: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары. Мимикалық бұлшық еттердің орталық және шеткі қозғалтқыш нейрондармен иннервациялануының ерекшеліктері.
VII Nervus facialis беттік нерв, аралас. Екінші желбезек доғасы нерв ретінде одан дамыған бұлшықеттерді барлық мимикалық және тіласты бұлшықеттерінің тіл бөлігін нервтендіреді және оның құрамында қозғалыс ядросының осы бұлшықеттерге баратын эфферентті талшықтары мен сол бұлшықетердің рецепторлрынан шығатын афферентті талшықтары болады. Сондай-ақ онық құрамында аралық, n.intermedus, нервке жататын дәм сезу және секреттік талшықтары бар.
Құраушы бөліктеріне сәйкес бет нерві көпірде жайғасқан үш ядросы бар: қозғалыс-nucleus motorius nervi facialis, сезімтал ядросы-nucleus solitarius және секретті ядросы-nucleus solitarius. Соңғы екі ядросы nervus intermedius-ке жатады.
Бет нерві көпірдің артқы жиегінің бүйір жағында кіреберіс-ұлу нервімен қатарласа, lenea trogeminofacialis-тен шығады. Соданкейін соңғы нервпен бірге ішкі есту тесігіне өтіп, без қзегіне сanalis facialis енеді. Нерв өзекте алдымен горизонталды жазықтықта дабыл қуысының ішкі қабырғасының жоғарғы бөлігінде өтеді. Дабыл қуысының артқа қабырғасында нерв қайтадан иіліп, тік төмен түсіп, foramen stylomastoideum атқылы бассүйекте шығады. Нервтің артқа қарай бұрылатын жерінде бұрыш түзіледі.
Сонымен бет нервісі жоғары қабақты көтеретін бұлшық етен басқа барлық бұлшық етерін невтендіреді.