Шығыр нервінің зақымдалуыкөз алмасының жоғарғы қисық бұлшық етінің күшін жояды. Бұл жағдай тек төмен қарағанда білінеді. Сырқат аяғынының асытына қарағанда онда қосарлана көрінеді диплегия байқалады.
Әкеткіш нерв зақымдалнуы көз алмасының сыртқы тік бұлшық етінің күшін жояды. Қызметті бұзылмаған көз алмасының ішкі тік бұлшық еті оны көз аясының ішіне қарай әкетеді яғни көздің ішке қарай қиылуы және қосарлана көрінуі.Егерде зақымдану қуыстану қойнауының маңайында немесе жоғарғы көз саңылауы тұсында болса барлық көзді қозғайтын нервтердің қызыметті бұзылады да көз алмасы қозғалмай қалады офтальмоплегия, көздің қарашығы кеңиді мидриаз, қарашықтың жарыққа, аккомодацияға әсер етпейді.
Арджиль- робертсон симптомы- көздің қарашығы аккомодация мен конвергенцияға әсер етсе де, жарыққа реакция бермеуі. Мұндай жағдайда, көздің қарашығы міндетті түрде тарылады. Бұл симптом нерв жүйесінің сифилиспен зақымданғанда тән. Сонымен қатар осы симптомға қарама қарсы симптом Қарсыласы симптом бұл кезде жарыққа әсері сақталады, аккомодация мен конвергенцияға әсері етпейді. Бұл әдетте эпидемиялық энцефалитте кездесуі тән.
3.Үшкіл нерві: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері.
V. Nervus trigeminus аралас нерввтердің қатарына жатады.Сондықтан олардың құрамында сезгіш және қимылдатқыш талшықтар бар. Соынмен қатар мидан шығатын ең ірі аралас жүйке (В-жұп).
Ми көпірінен сезімтал және қозғалтқыш түбіршіктер: көздік, жоғарғыжақ және төменгіжақ жүйкелер болып шығып, қосылып бір жүйке бағанын түзеді.
Көздік жүйке — көздік аумағын, мұрынның иіс сезу бөлігінің кілегейлі қабығын, маңдай, самай, қабақ терілерін жүйкелендіретін сезімтал жүйке. Оның құрамында көзжасы безінің қызметін реттейтін парасимпатикалық жүйке талшықтары болады.
Жоғарғыжақ жүйкесі бастың жоғарыжақ аумағын, мұрын қуысының, тандайдың, жоғарғы еріннің кілегейлі қабықтарын жүйкелендіретін сезімтал жүйке.
Төменгіжақ жүйкесі — самай және төменгіжақ аумағына сезімтал, шайнау бұлшық еттеріне қозғалтқыш жүйке талшықтарын беретін аралас жүйке.
Нерв тармақтарының құрамында,сонымен қатар бет қуыстары аймағында жататын бездерге баратын секрециялық талшықтар өтеді.
Үшкіл нерв аралас болғнадықтан, оның төрт ядросы болады, олардың екі сезімтал және бір қозғалыс ядросы артқы мида, бір сезімтал ядро ортаңғы мида жайғасқан.
Қозғалыс ядросында, nucleus motorius жайғасқан жасушалардың өсінділері,нервтің қозғалыс түбіршегін, radix motoria, түзе, көпірден оны мишықтың ортаңғы аяқшасынан бөлетін linia trigeminofacialis деп аталатын V және VII нервтердің мидан шығатын жерлерін қосатын сызықтан шығады.