Түстерді айыруды Рабкиннің түрлі түсті кестелер көмегімен тексерді.
Көз түбінің тексеруді офтальмолгка офтальмоскоп арқылы тексеріледі.
Көру анализаторларының зақымдаулары: Көз көргіштігінің тексеруде оның қалыпты мөлшерден ауытқығанын немесе төмендегенін, соқыр болып қалғанын яғни амавроз анықтау болады.
Көру аясын тексеру кезінде центрлес- барлық жағынан тарылуы
Скотома – дақ болып жоғалуын Гемианопсия – жартылай тарылуын анықтау. Бұл зақымдалулар көру анализаторларының қандай деңгейде зақымданғанын анықтауға көмктеседі. Егер көру нервінің зақымдалуына байланысты көз көрмей қалса, ал хиазманың түгелімен зақымдалса екі көздінде көрмей қалуы болады. Хиазманың ішкі айқасқан бөлігінің зақымдануы кезінде көру аясының сыртқы жақтары жоғалады- Битемпоральды гемианопсия,ал егер оның сыртқы жағы зақымдалса, көру аясының ішкі жартысы жойылады- биназальды гемианопсия.
Сонымен қатар көру жолының он жағынан зақымдалу, көру аясының солжағын жоғалтады- оны сол жақтық гемианопсия, дәл солай сол жақ зақымдалса , оң жақтық гемианопсия пайда болады.
2.Көзқозғалтқыш, шығыршық, әкетуші нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері.
Жауабы: Көзді қозғайтын нервтерге ІІІ, ІV, VІ жұптар жатады. III.Nervusoculomotorius қозғалтықыш нерв, аралас. Оның 5 ядросы бар.
Олар: екі ірі клеткалы соматикалық, үш ұсақ клеткалы парасимпатикалық яғни Якубович жұп ядросы, Перлеа дара ядросы.
Бұл ядролар ортаңғы мидың қақпағағында, сильви су жолының түкпірінде, 4 төмпешіктің алдыңғы жағында орналасқан.
Көз – қимыл нервісі ми аяқшасының ішкі қапталынан төмен қарай жанай өтіп, ми аяқшасы мен варолий көпірі аралығынан өтеді де каверна синусын қабырғалай көз шарасының жоғарғы саңылауына жетіп, сол арқылы бас сүйек қуысынан шығады. Нерв көз алмасының бес бұлшық етін яғни көздің жоғарғы – төменгі және ішкі түзу, төменгі қиғаш бұлшық еттер және көздің біріңғай салалы етері яғни кірпікпен қоз қарашығын қимылдататын бұлшық еттерді нервтендіреді.