Алкогольдыполиневропатия – алкоголизмнен көптеген периферилық нервтің зақымдалуы. Көбінесе алкоголизмнің соңғы стадияларында дамиды. Бұлшықеттің әлсіздігі, атаксия, сезімталдықтың бұзылысымен сипатталады.
Этиопатогенез:
Басты себептері алкогольдің токсикалық әсері, В тобының витаминдерінің жеткіліксіздігі, тамақтанудың бұзылысы, қандағы гипергликемия, метаболизмның бұзылысы. Көбінесе алкоголизмнің 3 стадиясында, сирек 2шісінде дамиды. Ұзақ уақыт алкоголь пайдаланудан организмде ацетальдегид жинақталады. Ол тіндерді, жасушаларды, нервты клеткаларды бұзады.Ацетальдегидтың жинақталу жылдамдығы тұқым қуалаушылық ерекшелік-яғни ацетальдегиддегидрогеназа және алкогольдегидрогеназа жинақталуы(ферменттер этанолдың қайта өңделуіне әкеледі). Жағдай В1 витаминінің дефицитымен ұшығады. Өйткені ол клетканың бұзылысына қарсы тұратын антиоксидант болып табылады.
Классификация:
0 стадия – полиневропатия жоқ.
1 стадия – бессимптомды полиневропатия.
2 стадия –полиневропатия клиника орташа.
3 стадия – полиневропатия айқын функциональды бұзылыстар.
Клиника:
Аяқтың парестезиясы, балтыр бұлшықеттінің ауырсынуы.Ауырсыну бұлшықетті қысқанда күшейеді.Әлсіздік, аяқтың параличі дамиды.Бұлшықеттік гипотония. Беткей сезімталдықтың бұзылысы қолғап пен шұлық типі бойынша. СОнымен қатар, вазомоторлы,трофикалық, секреторлық бұзылыстар(гипергидроз туындайды), аяқтың дистальды бөлігі іседі, терінің түсі және температурасы бұзылады. Бас ми нервісінен көз қозғалтқыш, көрі, сирек кезбе жүйке зақымдалады.
Қозғалтқыш алкогольды полиневропатияда кіші және үлкен жіліншік невропатиясы дамиды.Балтыр және табан бұлшықеттерінің гипотониясы, атрофиясы дамиды.
Диагностика:
Неврологиялық зерттеу кезінде сіңір рефлекстерінің жоғарлауы, тері және ауырсыну сезімталдығының төмендеуі. Электромиография
Қандағы тиаминнің мөлшерін анықтау.
Емі: Бенфотиамин (витамина B1). Режим дозирования: бастапқы доза 1 драже 2 р/тәу. 3 апта бойы, сосын 1 дражеден күнде.
Фолий қышқылы.Режим дозирования: 5 мг/тәу. Курс лечения 20–30 күн.
Тиоктов қышқылы (антиоксидант, гепатопротектор). Режим дозирования: 600 мг (2 таблетки) 1 рет күніне. Таблетки аш қарынға, шамамен 30мин бұрын тамақ ішер алдында.
Амитриптилин (седативный, антидепрессивный препарат). Режим дозирования: 25-100 мг/тәу. (түнде).
30.Гентингтон ауруы: этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі.Заманауи зерттеу әдістері.Емдеу принциптері.
Гентингтон аруы – нерв жүйесінің тұқым қуалайтын баяу үдемелі ауруы. Ол созылмалы гиперкинезбен, психиканың бұзулуымен және үдемелі деменциямен жүреді.