Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары- кезінде ми зақымдануының белгілері бірнеше минут, сағат (тәулік соңына дейін) өткен соң тегіс жойылады.
Олардың пайда болуына: кіші-гірім қан құйылулар (плеториялық форма), аздаған жібу ошақтары (ишемиялық форма) жөне гипертониялық криздер әсер етеді. Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары атеросклерозбен, қант диабетімен, әр түрлі себептерге байланысты болатын васкулиттермен, жүрек және қан ауруларымен ауыратын және қанның артериялық қысымы көтеріле беретін адамдарда, қан тамырларының түрлі аномалиялары (ауытқулары) бар сырқаттарда жиі кездеседі.
Өткінші бұзылыстар - ошақты симптоматиканың 24 сағат ішінде толық регрессияға айналу жағдайы:
- транзиторлы ишемиялық шабуылдар-
- жедел гипертониялық энцефалопатия.
Транзиторлы ишемиялық шабуыл – тұрақсыз жалпы милық және ошақтық белгілермен көрінетін, 24 сағат ішінде өткінші болып өтетін ми қан айналым бұзылысы. мидың қысқа локальды ишемиялық жағдайынан туындайды. Жиі егде және қарт жастағы адамдарда кездеседі,65-69жас еркектер,75-79 жас аралығында әйелдер. Ал 45-64 жас аралығында ауыратындар халықтың 0,4% құрайды.
Этиология Транзиторлы ишемиялық шабуыл келесі аурулар кезінде дамуы мүмкін:
Ми қан тамырларының атеросклерозы;
Артериальды гипертензия;
Жүректің ишемиялық ауруы (инфаркт миокарда);
жыбыр аритмия;
Дилатациялық кардиомиопатия;
Жүректің жасанды қақпақшасы;
Қант диабет;
Тамырлардың жүйелі аурулары (коллагеноз кезіндегі артерия зақымдануы, гранулематозды артериит және васкулит);
Антифосфолипидті синдром;
Аорта коарктациясы;
гипоплазия немесе аплазия (недоразвитость) ми қан тамырларының ;
Сонымен қатар жоғарыдағы аталған қауіп-қатер факторларына гиподинамия,темекі шегі және алкогольді қолдану сияқты зиянды әдеттер әсер етеді.