Иіс сезу және көру нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері


Еске түсірудің сандық бұзылыстары



бет71/87
Дата10.01.2023
өлшемі0,56 Mb.
#60772
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   87
Еске түсірудің сандық бұзылыстары Еске түсірудің сандық бұзылыстары гипермнезия және гипомнезия болып бөлінеді. Гипермнезия жоғарыда аталып өткендерден басқа маниакальды және гипоманиакальды жағдайлардағы ассоциативті тежеусіздік кезінде бақыланады. Гипомнезия жалпы (тотальды) және аралшықты (лакунарлы) амнезияларға бөлінеді. Тотальды гипомнезияны әріптері өшкен, оқуға қиын көне кітаппен салыстырады, амнезия — жыртылып тасталған кітап беттері сияқты.
Еске түсірудің сапалық бұзылуы (дисмнезия, парамнезия) — естеліктер мазмұнының өзгерісі болып табылады. Бұл құбылысты феноменологиялық зерттеу кезінде псевдореминисценция және конфабуляция деп бөлеміз. Псевдореминисценцияны ес иллюзиясы деп те атайды. Бұл болған оқиғаның уақытын немесе орнын қате есіне алу. Психиатриялық ауруханада айлап жатқан ес бұзылысымен ауыратын науқасқа «бүгінгі күнді қалай өткіздің?» деген сұраққа олар үйде болғанын, қандай жұмыспен айналысқанын есіне түсіріп, толық айтып береді. Бұл жерде науқастың күн сайынғы шаруасы жөнінде сөз болып тұр, мұның барлығы — ауруханаға түспестен бұрын болған оқиғалар. Конфабуляция кейде ес галлюцинациясы деп те аталады. Конфабуляция кезінде жадыдан түсіп қалған оқиғаларды науқас шын мағынасында болмаған оқиғалармен толықтырады. Инсульттан кейінгі науқас өзінің өткен аптада таудан космосқа ұшқанын, яғни, космоста аяқ киімін ұмытқанын есіне түсіреді. Конфабуляциялар өз фабуласы бойынша шындыққа жанасуы мүмкін немесе айқын фантастикалық сипатта болуы мүмкін
Таныстық сезімінің бұзылысы Ес бұзылыстары симптомдарының ішінде ерекше топ таныстық сезімінің бұзылуы болып табылады. Аталған бұзылыстар психопатологияда шекаралық бұзылыстарға жатады. Олар сау адамдарда, мысалы, көңіл-күй өзгерістерінде және психикалық науқас адамдарда да байқалады. Таныстық сезімінің бұзылуы симптом ретінде қабылдау бұзылысы шеңберінде де қарастырылуы мүмкін, өйткені, заттарды тану бұзылады және эмоциялық бұзылыстар шеңберінде қарастыруға, сана бұзылысымен де байланыстыруға болады. Бұрын көргендік симптомы (deja vu — француз авторлары бойынша) және ешқашан көрмегендік симптомдарын (jamais vu) ажыратамыз. Бүрын көргендік симптомы кезінде адам өмірінде алғаш қабылдап тұрған нәрсені бұрын болған оқиға түрінде қабылдайды. Бұл сезімнің қате екенін түсінеді. Мысалы, қандай да бір қалаға алғаш келген адам осы қалада өзін бұрын болғандай сезінеді. Ал ешқашан көрмегендік симптомы кезінде адамға жақсы таныс қандай да бір зат бөтен, алғашқы рет көріп тұрғандай сезім тудырады. Бұл жағдайда кри- Ойлау бүзылысы 129 тика сақталады, бұзылыс екенін жоққа шығармайды. Мысалы, адам өзінің бөлмесіне кірген кезде өзінің бөлмесінің ерекшеліктерін біле тұра, танымауы мүмкін. Таныстық сезімінің бұзылуы жиі психосенсорлы бұзылыспен бірге жүреді және дереализация және деперсонализация синдромдары құрылымында көрініс береді. Бұл бұзылыстарды ең алдымен, энцефалит, ми ісігі, эпилепсия, шизофрения, маниакальды-депрессивті психозбен ауыратын науқастардан іздеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет