Иіс сезу және көру нервтері: құрылысы, қызметі, зақымдану симптомдары, зерттеу әдістері



бет74/87
Дата10.01.2023
өлшемі0,56 Mb.
#60772
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   87
Байланысты:
Иіс сезу ж не к ру нервтері рылысы, ызметі, за ымдану симпто

Алкогольді делирий — алкоголизммен сырқат науқаста, ереже бойынша,
алкогольмен ұзақ уақыт интоксикация аяқталған соң пайда болатын жедел
алкогольді психоз.
Клиникалық көрінісі айқын, сахна тәрізді көру галлюцинацияларымен, қимылдық қозумен делириозды синдроммен сипатталады, жиі дене қызуының көтерілуімен жүреді.
Клиникалық көріністері
Алкогольді делирий алкоголизмнен жылдар бойы зардап шегетін наукастарда
дамиды. Алкогольді делирий алғаш алкоголизмнің ортаңғы сатысында, ағзадағы
зат алмасу үрдістері кайта кұрылып, алкоголь зат алмасу жүйесіне косылғанда
пайда болады.
Алкогольді кабылдауды күрт токтатуға алып келетін ағзаны едәуір әлсірететін
факторлар алкогольді делирий дамуына жиі ыкпал етеді. Бұл факторларға
инфекциялык аурулар, өкпе кабынуы, панкреатиттер, холециститтер, әр түрлі
куыстык операциялар, бас миының жаракаттык закымданулары, іріңді про-
цестер, өкпе туберкулезінің өршуі жатады.
Алкогольді делирий алкогольмен ұзак, ауыр улану басылған соң 1-3 күннен
кейін туындайды. Ол абстинентті синдромнан түнгі және таңертеңгі уакытка
карай айкын, ауыр түрге өтуі мүмкін.
Абстинентті синдром кезіндегі соматикалык және неврологиялык бұзылыстар
делирийдің хабаршысы болып табылады. Вегетативті бұзылыстар арта түседі,
тері жабындысының гиперемиясы, гипергидроз, тахикардия күшейеді, артериялык
кысым күрт тербеліп тұрады, кысым жиі төмендеуге бейім, тремор, бұлшыкет
гипотониясы, гиперрефлексия күшейеді, делирийдің бас кезінде эпилептиформ-
ды ұстамалардың күрделі және абортивті түрлері бакылануы мүмкін.
Алкогольді делирийдің ерте пайда болатын белгілерінің бірі — ұйқының
жоғалуы, содан кейін көру және есту иллюзиясы пайда болады, бұған алғашында
гипногогиялык галлюцинациялар косылады, коркыныш күшейеді.
Басталып келе жаткан алкогольді делирийді диагностикалау үшін Липман
симптомының практикалык маңызы зор: аурудың көз алмасының үстінен екі
саусакпен басып, оны бір бейнемен, мысалы, оған иттің секіріп келе жаткан
бейнесімен иландырса, ауру сол бейнені кабылдап, коркыныш аффектімен
жауап береді.
Алкогольді делирийдің клиникалык көрінісі дамығанда сахна тәрізді шынайы
көру және есту галлюцинациялары пайда болады. Бұл кезде наукастың реакци-
ялары эмоциялык канык, коркыныш пен үрей билейді, өлім жакындап келе
жаткандай болады, зейіні аса елітпелі, наукас өте сенгіш келеді. Галлюцинаци-
ялар жиі алкогольді немесе кәсіби сюжеттен тұрады. Наукастың мимикасы
жанданған және толығымен галлюцинацияларға сәйкес келеді. Сандырактык
идеялар галлюцинаторлы күйзелістермен тығыз байланысты. Сананың делири-
озды карауытуы тән: наукастың орын бойынша бағдары бұзылған (мысалы,
вокзалда тұрмын, жұмыста тұрмын деп айтуы мүмкін). Айналасындағыларды
кызметтестері деп санайды. Ол сонымен катар, уакытты да бағдарлай алмайды,
аптаның күнін дұрыс атамайды, кейде айды, жылды шатастырады. Өзіндік
тұлғасын бағдарлау сакталады, өз жағдайына сын көзкарас болмайды.
Галлюцинациялык бұзылыстарға сәйкес наукас кимылдык козу жағдайында болады, бір жаққа қашуға тырысады, біреулерден қорқып, қорғанады. Бұл кезеңде
науқас агрессивті болуы мүмкін (қорғанады немесе «дұшпанына», ізіне түскендерге
қарсы әрекет жасайды), сондықтан әлеуметтік қауіпті болып саналады.
Психопатологиялық симптоматиканың кері дамуы кезіндегі алғашқы
қолайлы белгілердің бірі науқаста ұйқының пайда болуы болып табылады
(табиғи немесе препараттармен шақырылған). Үзақ ұйқыдан кейін ауру психоз
жағдайынан шығады.
Психоздан шыққаннан кейін науқас айқын астениялық күйге түседі. Содан
кейін науқаста психотикалық бұзылыстарға сыни көзқарас пайда болады. Де-
генмен ол бірден толық пайда болмайды, өткерген психоз жағдайына науқастар
жеңіл қарайды. Алкогольді делирий ұзақтығы орташа есеппен 3—4 тәулік,
уақытында қолданылған ем ұзақтығын бірнеше сағатқа қысқартады.
Алкогольді делирийдің ауыр түрінде қимылдық қозу төсек деңгейімен
шектеледі, тактильді галлюцинациялар пайда болады, науқас үстінен насеком-
дарды түсіргендей, ауыз қуысынан жіп, шаш алған тәрізді қимылдар жасайды,
былдырлайды. Делириозды жағдай есеңгіреуге, сопорға ауысады, ақырында
кома дамиды, әрі қарай ауру жағдайы ауырлай түскенде жүрек-қантамырлық
жеткіліксіздіктен өлім жағдайы орын алады.
Кейде делирий жағдайынан шыққаннан кейін, бұл синдромның симптома-
тикасы абортивті түрде бірнеше күннен кейін қайталанады.
Делириозды жағдайға тән психикалық бұзылыстар айқын неврологиялық
және соматикалық бұзылыстармен қосарлана жүреді.
Алкогольді делирийге тән жиі кездесетін неврологиялық симптомдар жалпы
тремор болып табылады, Ромберг позасында тербеліс байқалады, сіңірлік рефлек-
стер күшейеді, горизонтальды нистагм болады. Алкогольді делирийдің ауыр түрінде
оральды автоматизм, бұлшықеттер тонусының бұзылысы, атаксия пайда болады.
Соматикалық бузылыстар тамырлық патология түрінде көрінеді: терінің,
әсіресе бет терісінің гиперемиясы, склера тамырларының инфекциясы, тахи-
кардия. Дене қызуды 38—39 °С-ге дейін көтеріледі
Паренхиматозды мүшелер (бауырдың, бүйректің) қызметтерінің бұзылыстары
анықталады. Алкогольді делирийдің жиі кездесетін асқынулары пневмония,
гепатит, панкреатит болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет