Байланысты: Иіс сезу ж не к ру нервтері рылысы, ызметі, за ымдану симпто
Алкогольді галлюциноздың клиникалық көрінісі шынайы, вербальды галлю-
цинациялармен сипатталады. Галлюцинациялар науқас үшін жағымсыз сипатта
болады: балағат, қауіп туғызу, жәбірлеу. Науқасты «алкоголик, отбасын күйреткен
маскүнем» деп айтады. Бұл кезде науқас санасы айтарлықтай өзгермейді, науқас
орын, уақыт, өзіндік түлғасы бойынша дүрыс бағдарланған.
Галлюцинациялық бұзылыстарға сыни көзқарас болмайды. Көңіл-күйі
галлюцинация тематикасына сәйкес келеді, науқасты жиі үрей, күдік билейді,
кейде науқас жабырқау күйде болады. Науқастың жүріс-тұрысы галлюцинация
мазмұнымен анықталады. Соңына түсу, қатынас сандырақтық идеялары
қосылуы мүмкін.
Императивті галлюцинациялар наукастың өзі және айналасындағылары
үшін кауіпті, сондыктан да әлеуметтік кауіп те тудырады: наукас өзіне
бағытталған бұйрыкты дауыстар естиді (мысалы, біреуді өлтір, терезеден секір
деген сиякты). Бұл бұйрыктарды наукас орындауы мүмкін. Әрі карай вербальді
галлюцинацияларға элементарлы тұраксыз көру галлюцинациялары косылуы мүмкін. Алкогольді параноид — клиникалық көрінісінде нақты мазмұны бар, қара-
пайым сандырақпен өтетін галлюцинаторлы-параноидты синдром басты көрініс
беретін және анық сана фонында айқындылық дәрежесі төмен вербальды
галлюцинациялармен жүретін алкогольді психоз.
Алкогольді параноид клиникасындағы негізгі синдром қызғаньш немесе
соңына түсу сандырағы болып табылады, эсер ету сандырақтық идеялары да
кездеседі.
Сандырақтық идеялар мазмұны бойынша нақты, науқастың айналасындағы
шындықпен және нақты адамдармен байланысты (әйелімен, көршілерімен,
қызметтестерімен, достарымен). Науқас күйзелістері эмоционалды қаныққан,
науқастар бойын қорқыныш, үрей билейді. Олардың жүріс-тұрысы, әрекеттері
сандырақ фабуласымен байланысты. Науқас агрессивті болуы мүмкін.
Қызғаныш сандырағына шалдыққан науқастың жүріс-тұрысы тәртіптілігімен
ерекшеленеді, жиі науқастар өзінің сандырақтық идеяларын жасырады,
сондықтан оларды диагностикалау қиын және олар әлеуметтік қауіптілік ту-
ындатады. Сандырақпен қатар науқаста фрагментарлы есту, сирегірек — көру
галлюцинациялары байқалуы мүмкін. Науқас әрқашан дерлік орын, уақыт және
өзіндік тұлғасы бойынша бағдарланған.
Алкогольді параноид ағымына қарай жедел бұзақтығы 3—4 апта), жеделдеу
(2—3 айға дейін) және созылмалы (3 айдан жоғары) болып бөлінеді.
Алкогольді галлюциноздың созылмалы түрінде эмоциялық қанықтылық
пен айқындылық бәсеңдейді.
Алкогольді параноид пен галлюциноз арасындағы дифференциалды диагнозы
басым белгілеріне сүйеніп жүргізіледі.