Алкогольді (металкогольді) психоздар — алкоголизмге байланысты пайда
болатын және дамитын, клиникалық көрінісі реакцияның экзогенді типімен
қоршаған орта шындығын бейнелеудің дөрекі бұзылыстарымен, эндоформды
және психоорганикалық бұзылыстармен сипатталатын психоздар.
Бұл психоздар алкогольмен ұзақ улану нәтижесінде ішкі мүшелердің
зақымдалуы және зат алмасу бұзылуы кезінде дамиды, сондықтан оларды
металкогольді деп атап кеткен. АЛКОГОЛЬДІ ПСИХОЗДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Қазіргі отандық және шетелдік ғалымдар алкогольді психоздарды
алкогольді делирий, вербальды галлюциноз, алкогольді параноид немесе қызғаныш сандырағы деп жіктейді. Алкогольді психоздардың жедел және созылмалы
ағымын, алкогольді энцефалопатияның созылмалы түрін: Корсаков психозы, алкогольді псевдопаралич, токсикалық энцефалопатияны (Гайе—Вернике) ажыратады. Сонымен қатар, алкогольді психоздардың ағымын 3 типке бөледі: эпизодты, рецидивті, созылмалы. Алкогольді психоздардың диагностикасы, емі және
профилактикасы үшін оның ағымының типі мен басты психотикалық
симпоматиканың кешенін ескеру қажет.
Алкогольді делирий- алкогольді психоздардың ішіндегі ең жиі кездеметін формасы, 80пайыз жағдайда кездеседі. Ішуді тоқтатқанан кейін 2- 4 күнде басталады, кешкі уақытта симптомдары күшейе түседі. Иллюзарлы-каллюцинаторлы сананың бұлыңғырлануымен сахна тәрізді шынайы галлюцинация және парэйдолиямен жүреді. Екіншілік сандырақ, айқын қорқыныш сезімі, психомоторлы қозу, уақыт пен орынға ориенторовканың бұзылуы да болады.
Алкогольді галлюциноз бұл психоздардың ішінде 2ші орын алады. Қорқыныш формасында есту, вербальды галлюцинациялармен және сандырақ галлюцинациясымен аффективті бұзылыстарымен сипаталады.