ІҢКӘр дүние (1972 ж., «Жазушы» баспасы)



Pdf көрінісі
бет2/31
Дата06.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#7829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

ҚАПШАҒАЙ ӘСЕРІ 

Көшелерінен көк жусан иісі кетпеген, 

Қалаға қарай көкпеңбек теңіз беттеген. 

Даланы іздеп таба алмай тұрмын мен қазір, 

Айналам тұтас астасып кетіп көкпенен. 

 

ГЭС-тің шырқау мұнарасынан мұндалап, 



Желпіндім дейсің Алатау жаққа бір қарап. 

Іленің суы Балқашқа қарай жөңкілмей, 

Сызылып ағып келеді қырға сырғанап. 

 

Рахат қой теңіз тебіреніп тулап тереңнен, 



Бір жағы дала, данадай сабаз кемел, кең. 

Мұнараға шығып не  ойлады дейсің,  

                                                            

ойладым  

Теңізге қалай айналмас-ау деп дегенмен. 

 

Керек пе теңіз? 



Әулетті қолдар «әу» десе, 

Көк айдын болып кетер-ақ еді тау неше. 

Теңіз бен дала тағдырын ойлап тұрмын мен 

Қапшағай ГЭС-тен тараған қуат сәулеше. 

 

* * * 


 

Кешегі қанды майданда, 

Хабар-ошарсыз кеткендер 

Қайтып келер ме еді бір. 

 

Туған ауылдарын, 



Тума бауарларын, 

Табысып көрер ме еді бір 

 

Жыламау мүмкін емес, 



Бәрі де жылар еді, 

Бәрі де сұрар еді: 

От-судан аман ба деп, 



Туған жердің құба белі. 

Біз игерген тыңды айтар едік

Су келген құмды айтар едік. 

Көрсетіп бау-бақшаларды, 

Көрсетіп Қапшағайларды, 

Қаратау, Теміртауларды, 

Аралап бір қайтар едік. 

 

Туған жер, уыс топырақ,  



Бір сәттік көркің үшін де, 

Он өліп он тірілсең де, 

Пида ғой жан менен тән. 

Ұмытылмас бірақ, 

Қайран Отан, қайран Отан. 

 

* * * 



 

Көкжиекке бір ымырт қонды келіп, 

Жарық дүние тағы бір күнді ұрлатты. 

Жалқын сәуле жарығы жонды бөліп, 

Сәл қозғалған селеулер діріл қақты. 

 

Бозторғайлар шырқаған талықсып үн, 



Қоңыр қырлар қайтадан қалғыды енді. 

Қайтсін дала қарсы алды таныс түнін, 

Тағы асыға күтеді таңғы желді. 

 

Күннің нұрын іңір кеп жасқаса әрі, 



Байтақ дала – бей-жай-ау, белі мүлдем. 

...Ымырт пенен таң алды астасады, 

Жұлдыз туып жұлдыздар сөнуімен. 

 

* * * 



Көктемнің кезі,  

                          

көлдерге құйған қар суы, 

Балқұрақ қамыс қозғалып кетсе – бал шуы, 

Бойыңды кейде дір еткізеді, дүние-ай, 

Байқатпай ғана аяулы сезім шаншуы. 

 

Денеңде қалған, тереңде қалған сол бір мұң, 



Ояуы сөнген, бояуы семген солғын мұң. 

Тап өзі шығар, қайдан білесің, қарағым, 

Көзімнен тамбай, көңілімде қалған мөлдірдің. 

 

Тағы да көктем, тағы да, тағы шаншыды, ә?.. 



Ескі ауруға ұқсап ұстайтын кезі бар, сірә, 

Көңілімде қалған мөлдірім бе, әлде кезінде 

Тама алмай бекер тат болып қалған тамшы ма? 

 

Дірілдеп жатқан көзіме түссе таң шығы, 



Дүрмек көктемнің құлаққа келсе шаң-шұңы, 

Бойымды менің дір еткізеді, дүние-ай, 

Тамырыма тұнған аяулы сезім талшығы. 


 

КӨЛ ЖАҒАСЫНДА 

 

Кешкілікте көлден самал соқты ғой, 



Шабандап есіп, сараң соқты ғой, 

Тыншу мезгілде тыпыршып тұрмын, 

Самал бола алмай, 

                               

амал жоқтық-ай! 

 

Жағасы көлдің бозқонақ, өлең, 



Қоғасы көлдің қозғалады әрең. 

Лап етіп жанып, лып етіп сөніп, 

Лықсиды жүрек – бозбала денем! 

 

Кемерді шайып толқын келеді, 



Төбемнен қою бір түн келеді. 

Тұр өңір тыныш...  

                              

жүрегімде ұрыс, 

Шаттықтан шалқып күлкім келеді... 

 

* * * 



Қорланға ғашық болған есіл Естай, 

Көңлінің қаңтарылған көші жастай. 

Ойлаушы ем: 

                     

«Қолы жетпей Қорланына 

Жер басып жүрді екен деп несіне Естай. 

 

Ойлаушы ем, ақылға тіл төселдірген 



Тағдырға жібермес деп есеңді  сен. 

Ойлаушы ем:  



Мен егер де Естай болсам, 

Қорланға қосылам деп есен жүрсем». 

 

Ойлаушы ем және ойлаушы ем:  



                                                   

«жақсы көрсе, 

Қорланға артық па деп басты берсе». 

Қайырлап қалады деп ойламаушы ем, 

Қос желкен қыр соңына тасқын ерсе. 

 

Ертістің аржағында алаңдаған, 



Естайға ақындығы – талан болған. 

Ыстығы махаббаттың  ішке түсіп, 

Мұң болып сыртқа шығып аман қалған. 

 

* * * 



Махаббат бір дерт емес пе еді, қарағым, 

Өрті емес пе еді назырқану менен наланың. 

Енді ұшықса емі болмас бұл ауру, 

Аузын тырнап ала көрме жараның... 

 

Махаббат бір көл емес пе еді, қарағым, 



Ақ қайраны мен емес пе едім жағаның. 

Хош, хош, енді қайырламай қайранға, 

Қара суға жүзіп кеткен шабағым. 

 

* * * 



Өліара мезгіл… 

                        

Он алты жаста едік біз, 

Өліара өтсе, өруге жүрген елікпіз. 

Сансыз табандар сарсылған дүние сені біз, 


Тауыса алмаспыз, «армансыз кезсек» дедік біз. 

 

Жалғыз да жарым жорытпай жайық жапанға, 



Тұяғы барлар туған соң тыныш жатар ма! 

Қырық құбылып Құралай ертең өткен соң, 

Құлындай ойнап шығамыз біз де сапарға. 

 

Түнеріп аспан томсарған бұлттар қарсы алып, 



Жауар ма  екен ебілде-себіл тамшы ағып. 

Жасамыс аспан жаңа бір ұрпақ келгенде, 

Жасаурап алып жылайды, әйтеуір, жар салып. 

 

Көк сағымдарға жетердей-ақпын жүгірсем, 



Көгіме қарай көтерілсеңші, Күнім, сен. 

Көзімді қарып, сезімді жанып, тұр міне, 

Бұл көктем жерге келмегендей-ақ бұрын-соң. 

 

Алқынып асығыс аптыққан демін баса алмай, 



Өрге асып кетсе, өзендер таудан асардай. 

Марқаюы бар, қартаюы жоқ дүние, 

Табиғат заңын тоқтатам қалай қош алмай? 

 

Өліара мезгіл… 



                     

өте ғой енді тезірек, 

Жолыңды ашты жаңа бір маусым кезі кеп.  

Безініп тумай, сезініп туып барлығын, 

Бүлкілдеп тұрған бір «пәле» екенсің, 

Бүйірімде жатқан бір «пәле» екенсің., о жүрек!  

 

 


 

* * * 


Он бестен он алтыға жеткен кезім, 

Өндірдей өлкем де  өзім, көктем де  өзім. 

Жүйткіген жүйрік сезім - өкпек желім, 

Масаты мақпал майса көк пен жерім! 

 

Мен – көктем, мезгіл – көктем, маңай – көктем, 



Күн шығып көк өзектен арай төккен. 

Жасамыс жиде, талдың жапырағы 

Жасарды талай қурап, талай кепкен.  

 

Сағымды көкжиекке дала күрмеп, 



Жапырақ жанданады самал үрлеп. 

Жапырақ шайқалғанда, саусағымен 

Шертеді шабытымның шанағын кеп. 

 

Кеудемнің табиғатқа қосқан әні, 



Сар желіп, шаужайына қосшы алады. 

Күй – дүние, күйтті –  көңіл дос болады, 

Көктем боп көктем – өмір басталады.                   

                            

                        * * * 

Қау етіп құныс тамыр, бел көгеріп, 

Қаз-үйрек қазоты өскен көлге қонып. 

Көз ұшы – қара қырдан қайырамыз 

Қозы-лақ көкке құмар желдеп өріп. 

 

Артынан ақ жаңбырдың – олжалы қыр. 



Ауылдың бер жағы қыр, ар жағы қыр. 

Қан күрең нәлге бояп нау бұлттарын 

Адырда алаурап тұр – маржан іңір. 

 

Іңірдің шалығымен солықтаған 



Қыр жатыр соңғы сәуле болып тәмам. 

Жел тұрса қорым жақтан қыздармен бір 

Қозы-лақ қайыруға барып қалам. 

 

Қарсыда қарауытып төбе жатты –  



Көмбесі ескі атыз бан көне жаптың. 

Бәтима, Балғима кеп шақырған соң 

Бүгін де қозы-лаққа келе жаттым. 

 

Мен – көктем, мезгіл – көктем, маңай – көктем, 



Мелдеген көк жиектен арай кеткен. 

Барады іңір іріп түнге айналып 

Қоңыр бұлт қоламтадай қалайы еріткен. 

 

Қалғандай қараңғымен сағынысып, 



Жапалық жыртық түнді жарып ұшып. 

Қыздардың көйлегінің етегіндей 

Көңілім келе жатыр алып-ұшып. 

 

1969 ж., қаңтар. 

 

 

ОН СЕГІЗ ЖАСАР - ҚҰРАЛАЙ 



 

Он сегіз жасар қыз едің, 

Он сегіз жасар өрімдей, 


Ойда жоқта бой  түзедің, 

Қайда жүр едің көрінбей?.. 

 

Махаббат дейтін ауылға 



Салған жоқ па едің ат-көлік, 

Мап-майда жазғы жауынға 

Көрген жоқ па едің тап болып. 

 

Қараған көзді қандырмай, 



Жандырмай кетпес қалқа қыз. 

Қанатымызды талдырмай, 

Қасыңа жақын қондырмай, 

Қосылар ма екен ортамыз. 

 

Он сегіз жасар – құралай, 



Салқының түссе - өрерсің. 

Ызғарына да шыдамай,  

Ызғытып тұрып желерсің. 

 

Ылдидан ырғып, белге өтіп, 



Ылғи да, ылғи желдетіп. 

Туған жеріңнің жүргенде 

Төбелеріне төрлетіп. 

Құмай қуса – құсасыз, 

Тап бола көрме төбетке 

Жіліншігіңе жел бекіп. 

 

7.06.69 ж. 

 

 



 

* * * 


Саған, апа, сағынып хат жазайын, 

Сағынышым сарғайған мақтадайын. 

Сарғайған зат лап етіп жанып кетсе, 

Шақпақ көңілім шағынып шаққан уайым. 

 

Жүрегімді жылуы жібіткенде, 



Уайымнан да жанамын, үміттен де. 

Жанып жүріп бір күні өшіп қалсам, 

Күлім ұшып кетер деп күдіктенбе! 

 

Өшпейді, апа, оттарым жанып жүрген, 



Жанбай жатып жалынға қарылдым мен. 

Қалай жану қасиетін білгендіктен, 

Сағындым мен, сағындым, сағындым мен!  

 

* * * 



Соңғы салқындар созылып тұрып сіңірдей, 

Шарт сынды бұтақ шағырмақтарға ілінбей. 

Жаз келді міне, 

                           

жапырағын жайқап сол терек, 

Желкілдейді енді өткен-кеткені білінбей. 

 

Аяз да өтті,  



                    

сәуле де жетті алаулап, 

Айығып кетті нала мен наздан анау бақ. 

...Көрші бұтақтың омырылып түскен орнынан 

Қып-қызыл кеште қызыл нұр тұрды талаурап. 

 


                  * * * 

Сіздің ауыл аспанында 

Әлде жаңбыр, әлде қар. 

Қалың тұман қас-қағымда 

Түсті ме екен жолды орар. 

 

Сіздің ауыл ат байлай ма, 



Белдеуіне боз үйдің. 

Бойжеткендер қатты ойнай ма, 

Қылын бұрап сезімнің. 

 

Ауылыңды сұрай-сұрай, 



Елден естіп тапқасын, 

Білдіріп кеп ұяң шырай, 

Байла, қалқам, ат басын. 

 

Сәті түсіп жол болмаса –  



Ата-енеңнен именіп, 

Жұрттан бұрын ең болмаса, 

Көрпеше сал үйге еніп... 

 

                          



ТАҢ 

Бозала таңда бозторғай әлі шыр етпей, 

Тып-тыныш дала тұмшанып шыққа сүмектей, 

Жылыстап алып, жарығы налып жұлдыздың 

Қалтырайды кеп, баяу бір соққан жүректей. 

 

Ұйықтаған бұлттар ұйтқыған желмен жайылып, 



Тазарады аспан нұрына талғақ шайынып, 

Сейілмей салқын соныға түсіп топ жылқы, 



Қотанда қойлар күйісін соңғы қайырып. 

 

Бозторғай ұшып, үлгірді сәтте сайрап та, 



Қарашықтай құс қайда жүр өзі, қай жақта? 

Табиғат – уыз, шайқалып кетті шелегі

Әлден-ақ кейін айналып кетті қаймаққа. 

 

 



            

ТЕМІРЖОЛШЫ 

Ендіктермен, еңкулермен тайпалған, 

Құлындай орғып, құлындай ойнап қайқаңнан, 

Отанның шалғай түпкірлеріне таралып, 

Заманның жүгін арқалап алған майталман. 

 

Қатал табиғат қаперіне алмай күйтін түк, 



Түстікке қарай, құбылаға қарай құйқылжып, 

Самалдан озып, сағымнан сәтте  қара үзген, 

Жүйріктік пе, әлде байлаған көзді сыйқырлық. 

 

Жарқылдап ағып болат жолдардың бойында 



Қаншама жүктің қамытын салған мойынға. 

Әр сапарлары бір ғана сабақ жіп болса, 

Аптада жерді болады қырық қаюға. 

 

Вокзалдарға кеп қаңтарып тастап ат басын, 



Бусанып тұрар... босатқандай-ақ тартпасын. 

Қаратаулардың Қапшағайларға сүйрейді 

Қазандарынан қорытылып шыққан мәрт тасын. 

 

Теңізден өтіп, таулардың шығып жігінен 



Таңды ұрып таңға жүйткиді күні-түнімен. 

Паровоздардың сәріде дауысы оятып, 

Ұйықтаймыз ұйып тепловоздардың үнімен. 

 

Ей теміржолшы, 



                             

теңізден өтсең – толқынға, 

Таулардан өтсең – ақбас шыңына мол тұлға, 

Даладан өтсең – алыста жалғыз қой жайған 

Аттылы шопан... соларға бір-бір қол бұлға. 

 

                 



ШАЛҒЫНДА 

Қозы көш жерде, қол созым белде көк шалғын, 

Көк шалғын қаулап, желкілдеп кетті ақжал құм. 

Ой-хой, шіркін, орақтың кезі қызады-ау, 

Қырық күн шілде... одан соң, сексен-тоқсан күн. 

 

Шалғышы шалдар күн шықпай жетіп сол маңға, 



Сол маңға сосын қара орақтарын салғанда, 

Қылпылдап тұрған қайқы бел темір – алмас жүз, 

Көк шалғын түгіл көде мен қауды таңдай ма? 

 

Таңдай ма, тәйірі, алмас жүз бітсе маңдайға, 



Қалмай ма жайлы сәт туған шақта қолда ойнап, 

Шалғынға мана қатарлас түскен қариялар 

Бірінен-бірі шақырым жерде шалғайда... 

 

Шалғындар солай орылып, қайта көктейтін, 



Биыл да міне... көк шалғын болып кетті ой-қыр. 

...Шалғылары өткір, шабыны да мол өңірге 

Салт атпен келер сабаудай бір шал жетпей тұр. 


 

 

 



 

 

 



 

 

ДҮБІРЛІ ДӘУРЕН 



 

(1976 ж., «Жалын» баспасы) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

ӘУБӘКІР ТУРАЛЫ ЭЛЕГИЯ 

Әуелден жалқы, әкеден жалғыз әулеті, 

Әубәкір әуей, ақкөңіл жігіт әулекі.  

Албарда қой көп, ауласы той боп жататын, 

Он саусағы – өнер, қолының кірі – дәулеті. 

 

Әубәкір салсын әуелетіп бір ән салса,, 



Топқа да барсын, тойға да кірсін тамсанса. 

Ел ақтап кетіп апталап кейде келгенде, 

Әйелі жұтқа бастағы беріп қарсы алса, 

Қимылына бір риза болмай, әйтеуір, 

Ұрмай тынбайтын, оқталып қолға қамшы алса. 

 

Ер-тұрман жасап, тарамыс тартып, таспа өріп, 



Келіншектердің қасында жүрді қас керіп. 

Байғазыға да байтал мінгізген Әубәкір, 

Бәсекелерде бәс алып және бәс беріп. 

 

Сөздегі мәрттік, көздерін өрт қып жандырып, 



Сол ауылдарды салт атпен кезді салдырып. 

Белінен туған бір перзент еді арманы, 

Арманы болса, әдіра қалсын бар мүлік. 

 

Арманда еді, «армансыз адам жоқ қой» деп, 



Әйеліне де кигізді қызыл, көк көйлек. 

Бойда бар жігер, үміттен күдер үзе ме, 

«Келетін күннің кереметтері көп қой» деп. 

 

Әубәкір шапқан ер-тұрман нарқы бір қара, 



Бәсеке бар жұрт Әубәкір соққан сырғаға. 

Әйелдерге Әукең әзіл айтатын оспадар, 

Сөлкебайым бар, теңгелеріңді бұлдама! 



 

Кереге көктеп, уық пен шаңырақ қашайтын, 

Оюы қандай, өрнегі қандай нәші айқын. 

Торғайдың талын тоқсанға бұрап, мың иіп, 

Түбіттей иіріп ағаштан түйін жасайтын. 

 

Бір жылы әкем жасатамын деп қамыт, бау, 



Әубәкірді үйге әкелдік әрең салып дау. 

Қарға тамырлы Қарабас бізге – жиен ел, 

Қарап отырмай жеңешем және қағытты-ау. 

 

Әубәкір отыр, әндетіп отыр: «Алқоңыр» 



Айта алмай жүрген арманы ма екен әлдебір. 

Алдамшы сағым алдады ма екен әлдебір, 

Әубәкір отыр, әндетіп отыр «Алқоңыр». 

Ауыз үйде әжем ас салып жүріп, салды айтып: 

Қайтсін-ай, - деді,- қашаннан жалғыз қам көңіл. 



 

Домбыра сөйлеп перненің пейілі кеңейді-ау, 

Нарқасқа жігіт нали ма мынау, не дейді-ау... 

Ілуде біреу іліктіретін іңкәрді,  

Шаршатқан ба әлде шарана жайлы көп ойлау. 

 

Қозыдай жамырап, құлындай бірге тебісіп, 



Көтеріп шаңырақ, жоқ-жұқананы бөлісіп, 

Әубәкірменен тел өскен әкем тағдырдың, 

Таттырған дәмін татулықпенен жеп-ішіп. 

 


...Кеудеге сыйған махаббат деген мол қайнар, 

Қайнарды ашуға қашанда бір күш қол байлар. 

Қайнарын ашпай қайран боп кеткен талайлар  

Ашар деп сеніп, арттағы қараборбайлар. 

 

Әубәкір атын байлаған үйде ән саулап, 



Жиналушы еді қатар да, қолаң, көрші аймақ. 

Құнығушы еді, тынығушы еді әніне, 

Кенеттен жетіп, көрінбей кетіп келсе айлап. 

 

...Кешкілік біздің төрт қанат үйге сыймай ел, 



Қорғасын дауысын қорытып бойға құйды-ай ол. 

Керемет дауысы кеудеге сонда сыймады, 

Қараша үйге қалайша күйде сыйды-ай ол? 

 

Қараша туырлық құйын ұрғандай қозғалып, 



Қанат біткендей ұшып кетуге аз қалып. 

Теңселіп тұрды, жел соғып тұрды төр жақтан, 

Жанарға тамшы жас үйірді де көз қарып. 

 

Ұйыған сүттей тыңдаған елде тамсана 



Үміт бар екен, күдік бар екен қаншама? 

Қарағым, - деді әуенін бір сәт Әубәкір 



Үзе бергенде, жанындағы шал Жаншора. 

 



Қарағым, - деді, - қарға тамырлы ел, жиен ең, 

Жамбыдай сақтар жартыкеш қана сүйек ең, 

Табиғат берген шашып та төкпей тартуды 

Келешегіңнің игілігіне иелен! 

 


Айналаң – сауық, алды-артың – жора-жолдасың,  

Әмәнда сені адалдық қана қорғасын! 

Адамға қалай зар боласың сен тіріде 

Адамды өзіңе баурайтын пейілің болғасын. 

 

Әубәкір үнсіз. 



                     

Домбыра қалды томсарып, 

Екі-ақ ауыз сөз соққыдай тиді соншалық. 

Қалың елді қақ жарып бір сәт есіктен 

Әубәкір кетті көпшік пен қолға қамшы алып. 

 

Сәбилік күннен санамда қалған бұл бір жай, 



Алыстап кетті алдымнан қашқан бұлғындай. 

Атаусыз шаңырақ, ақаусыз қаңырап қалды ғой 

Атын бір қосып ешкім де оны жыр қылмай.  

 

Әр үйге тарап құсауызы мен қышқашы,  



Әйелін алды әйелі өлген тұстасы. 

Жаншора шалдың сөзі еске түсіп ойлаймын: 

«Пышаққа қашан жарыған қазақ ұстасы». 

                                                                          



1969 ж 

 

АВТОБУСТА ҚАСЫМДА ОТЫРҒАН ҚЫЗҒА 

Қыз отырды қасымда қарақаттай, 

Маған жазым жабысқан жарақаттай, 

Әлде менен қымсынып отыр ма екен, 

Әлде мені қомсынып отыр ма екен, 

Көбелектей көкті іздеп маза таппай. 

 

Ұшқысы кеп отыр-ау, айналайын, 



Бар ұша ғой, бағыңды байламайын. 

Бір көбелек қонды ғой қолымызға, 

Қазір бізге, қарағым, сол да уайым… 

 

Бір уайым жетпей ме басымызға, 



(Бір уайым шығар-ау осы қыз да). 

Бір адамдай қудық қой бірталайын, 

Көбелекті қуатын жасымызда. 

 



Ұш,  қарағым, жарыққа үйір болма, 

Қырық қадам шықтың ғой қиыр жолға. 

Биік, төмен ұшқанның пайдасы жоқ, 

Бақ келмейді және де сиынғанға. 

 

Ұлан дала, кездеспей ұшан белде, 



Кездестік-ау, кездейсоқ қысаң жерде.  

Тілім менің қырқылып отыр, қалқам, 

Саған енді серік боп ұшам деуге, 

Саған енді ынтық боп құшам деуге. 

 

Шын ұшқың кеп отыр ма, айналайын, 



Бар ұша ғой, бағыңды байламайын. 

Оттан-судан аман жүр алыс жолда, 

Көбелек деп мен сені ойламайын. 

                          

                * * * 

Ақ төбетке әр мезгіл ас құй, апа, 

Аңға салдық – қалды ма қасқыр ілмей. 

Арлан төбет көкжалға тік қияда 

Аңдап тұрып, қадалған тас бүйідей. 


 

Ауыз салған жерінде ақ мойнағым, 

Тапжылмастан кірпігін қақпай қалып, 

Қанталаған көздері шоқтай жанып, 

Қапталына қара күш боп байланып, 

 

Қасқыр алған... 



                            

Құмайдан қалған тұяқ, 

Өтіп кеткен күндері – жалған қиял. 

Қартайды ғой – ғұмырға болмай құса, 

Келте өмірге көңілі толмайды сәл. 

 

Жанар алды тартқан соң көмескілеу, 



Жон ескілеу, баяғы жол ескілеу 

Маңқ етпейтін маубасар маңғаз төбет 

Қасқар алды дегенге сенбес біреу. 

 

Сенбес біреу... 



                       

Сенгендер тамсанар да, 

Кәрі төбет қозғалар қан сонарда. 

Енді қасқыр алмайды ол... Жолдан қайтсам

Шықса болды алдымнан арсалаңдап. 

 

         



                   

АПАМ 

Майысып алтыбақан тепкен апам,  

Дауысы алты қырға жеткен апам. 

Толысып қызыл күрең тобылғыдай, 

Жат жұртқа жаратылып кеткен апам. 

 


Біздің үй қонған кезде жел бетіне, 

Келісіп кәмшат бөркің келбетіңе, 

Толықсып шығушы едің, әттең, сенің 

Жете алмай жүрген кезің он жетіге 

 

Камзолың қара барқын пүліш еді, 



Сом теңге сөлкебайың күміс еді, 

Сен әлі бейхабар ең бөгде сөзден, 

Біздің үй бөгде сөзден тыныш еді. 

 

Көгілдір балапандай көркің, кейпің, 



Қолаң шаш қыр арқаңа төркіндейтін. 

Төгілтіп қос етегін қоя берген 

Желбіршек жібек көйлек желпілдейтін. 

 

Жүзіндей ұстараның сезіміңнен 



Сескендік, бозбаладан көзі күлген. 

Мінезің майдай еріп, қайран елік, 

Үрке алмай жүрдің бірақ өз үйіңнен. 

 

Сақылдап қайнағанда қара шәйнек, 



Шай құйдың әрі әсерлеп, әрі әсемдеп. 

Жарықтық, жайсаң әкем отыратын 

Сен барда артық айтпай баға сөйлеп. 

 

Он жеті таяқ тастам арман екен, 



Желдетіп, жақын келіп қалған екен. 

Сол жылы саған біреу сөз салғанда, 

Жер шұқып төмен қарап қалған әкем. 

 


Жер шұқып төмен қарап қалған әкем, 

Ұста еді бір құрдасы, зорлап әкеп, 

Бір апта соқтырып ап, жиһаз-жасау 

Ту қойын тартты алдына таңдап әкеп. 

 

Жіптіктей жүрісіңе алаңдамай, 



Болмады бар-жоғыңды бағамдамай. 

Дәм-тұзың көтеріліп бір-ақ күнде 

Сен кеттің алды-артыңа қарайламай. 

 

Майысып алтыбақан тепкен апам 



Дауысы алты қырға жеткен апам. 

Толысып қызыл күрең тобылғыдай, 

Жат жұртқа жаратылып кеткен апам. 

 

Қайда екен алты-ай бақан… ай-хай бақан, 



Армансыз тебе алдың ба, қайран апам? 

Тербетіп алтыбақан, 

 

 

 



 

тел өскен жарқын апам, 

Көрем де сіздің үйден жиен қызды 

Кей-кейде әкем жайлы ойға батам. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет