ІҢКӘр дүние (1972 ж., «Жазушы» баспасы)



Pdf көрінісі
бет7/31
Дата06.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#7829
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31

Он жыл ғой... 

“- 


Япыр-ай, 

                      

содан бері он жыл уақыт” - 

Дедім де, демім шықпай қалдым қатып. 

Ғұмырдың кештім екен қанша жолын, 

Арбасын тіршіліктің салдырлатып. 

 

Он жыл ғой... 



                        

он күн емес, он ай емес, 

(Он жылды елестету оңай емес). 

Тағдырдың заңы қалай тастай қатты 

Кешегі тамашамның талайы елес. 

 

Он жыл ғой... 



Мен он орақ ормасам да, 

Сапарда сара болмас жол қашанда. 

Жүрдім мен қатарымның алды-артында, 

Сан рет бұрылдым да оңға, солға... 

 

Он жыл ғой... 



                           

он ылди ма, он асу ма, 

(Даурықпан жеттім деп бір дара шыңға.) 

Жақсыға жақын жүрдім жанасуға, 

Жарадым жол серікке, қарасынға. 

Өз ойым, өз бетіммен міне, он жыл 

Келемін дүние – көкпар додасында. 


Он жылғы тәжірибе, тәлімім бар, 

Тағдырым, таланымды таң асырма! 

Заманым, енді мені баласынба! 

22.08.76 ж

                  

ОРАМАЛ 

Әр апта сайын әйелдер жуған орамал. 

Тазарды деген, тәйірі, бір сөз ғой жорамал. 

Теріңнің иісі түбіттей қайта бұрқырап, 

Әтірдің иісі сәлден-ақ кейін жоғалар. 

 

Сағыныш, сенім – шын махаббаттың тезі ғой, 



Орамал берсе... ойлансын деген кезі ғой. 

Кім тоқып берсе, орамал соның көзі де, 

Кім көп сүртінсе, орамал соның өзі ғой. 

 

Ескерткіш, белгі, сүртін сен мейлі, сүртінбе, 



Ол орамалды маңдайға біткен мүлкім де. 

Тағдырдың заңы талақ боп кетсе, әйелдер, 

Тер иісін жуып тазартуларың мүмкін бе?.. 

 

               



ӨТКЕЛ 

                       

І 

Шалқардан Ырғыз арқылы 



Торғайға тартсаң – Нұрамен, 

Тосынның орғыл сар құмы 

Томсарып жатқан бір әлем. 

 

Бір шеті – анау «Ұлықұм», 



Бір шеті – мынау «Балақұм», 

Бір шеті – айбын Ұлытау, 



Бір шеті – айдын Аралың. 

 

Жиектеп құмды қарт Торғай, 



Алқымы кеппей ағатын. 

«Балақұмды» асып тоқталмай, 

Тоқырап сосын қалатын. 

 

Бастауын Ұлытаудан ап, 



Аралға құйған құрдыммен. 

Даланың төсін баурап ап, 

Құмға да мейірін білдірген. 

 

Жазықтың жалқы өзенін, 



Жангелдин көші жағалап. 

Өткелдің құрғақ өзегін 

Әрең деп өтті әрі орап. 

 



Жігіттер, өткел басында 

Жасайық жақсы демалыс. 

Ауыр жол алда, расында, 

Дуанға дейін жол алыс. 

 

Дегенде қызыл комиссар 



Кілт тоқтап қызыл керуен де. 

Құп-құйттай қостар-қоныстар, 

Дап-дайын болды сол демде. 

 

Қазылып қазан-ошақтар, 



Бүлкілдеп шәйнек мосыда. 

Жоқ-жітік өңкей жасақтар  



«Азаттық алды осы да!»  

Дегендей мәз боп қарады 

Өзді-өзі тіккен қосына. 

 

Шалғынға белбеу, орамал 



Дастарқан болып жайылып, 

Ас ішіп жатыр, әне олар 

Апыл да құпыл шайынып. 

 

 



«Жабасақ – Жантай» жақтан кеп, 

Керуенге кеше қосылған 

Ұяңдау жігіт Ақпамбет: 

«Комиссар жолдас, қосымнан 

Дәм татыңыз» - деп айтып қап, 

Абдырап әбден қысылған. 

 

«Шын жатақ, бәсе, ағынан 



Жарылса керек осылай». 

Жангелдин оның соңынан 

Жөнелді еріп, қосына. 

 

«Келініңіз қалды үйде, аға, 



Жасаған мынау женті ерек...» 

Дейді ол, 

              

Бар жұрт жинала 

Ойысты солай ентелеп.  

 

Бәрінде бір-бір түйіншек, 



Дорба ма, қалта, тағы не... 

Орайы келіп бүгін тек 



Орауын жазған бәрі де. 

 



Аралдың мынау балығы, 

Шалқардың қауыншегі еді. 



Ойылдық жігіт тарыны 

«Сөк еді», - деп кеп төгеді. 

 



Жігіттер, - деді Жангелдин, 



Жолдары бөлек әр белдің. 

Заңдары бөлек әр елдің, 

Дәмі де бөлек әр астың. 

Толғағы бөлек әр әйел, 

Талғамы бөлек әр Ердің. 

Революция – тек қана 

Бірегей заты әлемнің. 

 

Аттарыңменен бір мінер, 



Астарыңменен бір ішер, 

 

Жан-жақтан келіп қосылып 



Ашынып, сосын тасынып 

Бүгін де ертең сілкінер 

Болсаңдар егер ұлы сел, 

Революция сыры сол! 

 

...Сөйткенше құм жақ қапталда, 



Бұрқ еткен бір шаң құйындай. 

Жайылып жүрген аттарға 

Жасындай ағып құйылды-ай. 

 


Ойбай-ай, аға, мен білем

«Ұрыөткел» еді – мына өткел. 

Ұрылар анау, ол – кілең 

Тас бауыр, қара жүректер. 

 

Біреуі оның құрдасым, 



Он бес жыл жылқы бір баққан. 

Әй, қайдан... қайдан тыңдасын, 

Қарайған қаны жын қаққан. 

 

Деді де, 



               

әлгі Ақпамбет  

Өкпесін алып қолына 

Әй-шайға қарап жатқан жоқ, 

Жылқылар жүрген соныға 

Жүгіріп әне барады. 

Көтеріп қолын, дауыстап: 

Әй, тоқта, тоқта, әй, Ысқақ, 



Әй, тоқта, тоқта, Ханәлі! 

Бір жылы туған төл ек қой, 

Бірге де жалшы боп ек қой. 

Таяғын ұстап тағдырдың 

Бұйырып бірге жеп ек қой. 

Құл болып ғұмыр кешкенше, 

Қарақшы болсақ деп ек қой... 

Тұра алмадым мен уәдеде 

Уәжсіз ол да себеп қой. 

Түсінсеңдерші, мына көш 

Басқа көштерден бөлек қой. 

Тимеңдер атқа, тимеңдер, 



Құла мен жүйрік жирендер 

Комиссарға да керек қой. 

 

 

Қас-қағым сәтте ұрылар 



Он-он бес атты қосарлап, 

Тосынның орғыл құмына 

Енетін болды асарда-ақ. 

Қол мерген екен қайбірі 

Артына аз-кем бұрылды. 

Селк етті құмның ой-қыры, 

Солқ етті, 

                 

Жігіт жығылды. 

 

                         



ІІ 

Ырғыз бен Торғай арасы 

Он сегіз бекет қызыл үй. 

Тоқтамай хабар толасы 

Суымай суыт із ылғи. 

Орынбор, Омбы, Верныйға 

Тәулікте жетіп баратын. 

Жүрсе де Сардар ой-қырда 

Құлағы түрік болатын. 

 

Комиссар көші туралы 



Жеткенде кенет бұл хабар, 

Жүрегі аттай тулады 

Аспандай жүзі бұлт алар. 

 

Содан соң Сардар ойланып, 



Кесімге келді көшелі. 

«Атқа мін, - деді, - әй, Халық, 

Ұры ең ғой сен де кешегі». 

 

Бетке алып «Қабақ» қопасын, 



Айналып «Ұрыөткелді», 

Баспай-ақ құмның жотасын, 

Бауырлап жазық бөктерді 

 

Сағалап сонау жыңғылдан 



Қырғары шықсаң, ұқтың ба?.. 

Ұры да қары ін қылған 

Қашаннан бері жықпылда. 

 

Ханәлі, Ысқақ жатқалы 



Мен білсем, аттай он бес жыл. 

Ешкімнің қаппас қақпаны 

Солар ма екен «өлмес құл»? 

 

Мақсат жоқ, ой жоқ немесе 



Жүре ме үйір жынға ұсап. 

Інімде өлем демесе, 

Інінен шығар туды шақ. 

 

Бөрісі бейне даланың 



«Болса деп тілер жемтік кез». 

Ескірген айла-амалын 

Доғарсын, тәйірі, енді тез. 

 

Керуенге келіп қосылсын, 



Сарбазым болсын, қол берем. 

Жорықта тірлік кешірсін, 

Бейнет те көрсін елменен. 

 

Көппенен көрген шеруді 



Ұлы той ғана демесін. 

Аласың деп айт кегіңді 

Байлардың ұрып енесін. 

 

Ұрының табын  тануы –  



Ұрының жауын тануы. 

Тәлкекте жүрген тағдырын 

Тегеурін қолға алуы. 

 

Намысын жаңа заманның 



Найзағайына жануы –  

Большевиктердің тәсілі, 

Большевиктердің қаруы. 

 

Жақыбай, жарлы, құл-құтан, 



Заманның солай ағысы. 

Атуы үшін нұрлы таң 

Бірге одақ деп айт бәрісі. 

 

Мына ұрлық ұят, далбаса, 



Сардардың соңғы сөзі де. 

Иланбаса егер, нанбаса, 

«Келеді іздеп өзі» де. 

 

                        



ІІІ 

Ертеңгі сәске, 

                        

«Ұрыөткел» 

Комиссар, Сардар табысқан. 

Алып та ұшқан жүректер 

Сағыныш болып тоғысқан. 

 



Әлеке-ай, елдің ниеті 



Алды ғой қазір бізге ауып. 

Кешегі сынды бір-екі 

Тағы бар... ептеп түз қауіп. 

 



Ол рас, Сардар, қоғамның 

Безініп қатал заңынан. 

Адасқан кейбір адамның 

Азабын, мұңын таныған, 

Азаттық жолға соларды 

Азамат болып бастаған 

Большевик дейді ол адамды 

Революция – жас заман! 

 

Жарқылдап Сардар жанары 



Жүрегі тулап бүлк етті. 

Өткелдің арғы алабы 

Сол кезде шаңмен бұрқ етті. 

 



Ұрылар анау ант атқан! 

Кешегі анау бурыл ат! 



Жігіттер өре жан-жақтан 

Анталай берді шу құрап. 

 


Анталай беріп, топталған 

«Мұнысы қалай ұрының?» 

...Ұлы сәске боп қалған 

Көтеріліп Ұлы күн. 

 

Топқа кеп Халық кіргенде, 



Томсарып тұрды Ханәлі. 

Жанып та сөніп бір демде 

Жиынға Ысқақ қарады. 

 



Бай айтса, зәре қалмаған, 

Бір кезде біз ек жарлы да, ез. 

Он бес жыл құмды шарлаған 

Қорқумен қазір қанды көз. 

 

Қорқатын түк те қалған жоқ, 



Қорқытар тажал – ажал ма? 

Келген де жоқпыз сауда деп 

Салатын жанды базарға. 

 

Иманның ұлы, сен айтқан 



Жығылып келдік бір сөзге. 

Не айтса мейлі жұрт өзге, 

Біз ғана емес байларға 

Көп дейді қарсы бұл кезде. 

Дәулетбай байдан кек алсам, 

Өлер ем келмей бір сөзге. 

 

Дегенде Ысқақ, демінен 



Дірілдеп шыққан ащы ыза, 

Қайнаған бұрқ-сарқ лебімен 

Жарардай екен тасты да. 

 



Кешірім, бауырым, сөзің жөн,-  



Жұлдызды адам шеттегі, 

Танысайық, - деп, - өзіңмен, - 



Ысқаққа қарай беттеді. 

 



Жангелдин болам, 

Мен Ысқақ. 



Хангелді менмін – қол мерген. 

Алақан қысып, қол ұстап 

Амандасты олар енді елмен. 

 

                     * * * 



«Ұрыөткел», 

                     

ар жақ қапталда 

Арулап қойған ақ жуып, 

Оранып қоңыр мақпалға 

Ақпамбет қалды мәңгілік. 

Қозғалды керуен, жағаны 

Жиектеп алған созылып, 

Қабірге тағы Ханәлі 

Қарады бауыры езіліп. 

 

                     * * * 



Қозғалды керуен.  

                               

Кең дала. 

Кең дала – туған топырақ.  

Ойнайды самал жел ғана, 


Тып-тыныш аймақ, атырап. 

 

 



Жанында жаңа достары 

Комиссар бір ән бастады. 

Жүрекке ыстық бір жолы, 

Қайталап тағы тұрды оны: 

«Әлемнің құл мен аштары», 

«Әлемнің құл мен аштары», 

Ханәлі, Ысқақ үн-түнсіз 

Ғаламат сөзді қостады. 

 

ПАРТИЗАН САЙ 

(баллада) 

 

Он жеті адам атылуға бұйырылдық, 



Жүргеннен соң большевиктер жолында. 

(Хакімбек Токин)

 

 



... Сарт етті сұр түрме есігі 

Он жеті қос жанар жарқ етті. 

Он жеті большевик кесімі – 

Тәуекел! Тәуекел! 



                                   

Ант етті. 

 

Атылып Хакімбек барысша, 



Тар кісен қол бұрап тоқталды. 

Василий Кулаков орысша 

Сыбырлап бірдеңе деп қалды. 

 



Тәуекел! – деп қалды қарт Омар, 

Тәуекел – тағдырдың жазғаны! 

Десе де, 

Ормандай өрт алар 

Тұтана, тұтана жаздады. 

 

Айтар сөз: “қап, әттең, қап, әттең!” 



Қабарып, қарысып тұрды әне. 

Жарысып ойлары заматпен 

Алысып жүректер тулады.. 

 

Алқынған аптығы басылмай, 



Деп қалды: “не болды, апыр-ау. 

Сардар мен Таран да осындай 

Түрмеде отыр ма, бәтір-ау. 

 

Әйтпесе, бір апта бойына 



Бір амал, бір тәсіл таппас па? 

Қол жинап, күш жинап қайыра 

Қиқулап қайта бір шаппас па? 

 

Хакімбек теңселе алға аттап, 



Сүйенді қара тас жақтауға. 

Қаталдық құдіретін салмақтап, 

Тас тұрды қабырға, қапталда. 

Бала кез табанын тілдірген 

Қыземшек Қызбел тау мәрмары. 

Не жазды, не істедің кім білген 

Сұп суық, сұп-сұрғылт жан-жағы. 

 

“Тасқа адам бұйрығы заң болар, 



Сенің түк кінәң жоқ кеш мені.” 

“Тысқа шық”- дегенде жандарал 

Сұр тасты  сипалап “Қош!” деді. 

 

Қара тас түн екен сыртта да, 



Тып-тыныш, мып-мылқау ен дала. 

Дымқылын сездірген шық қана, 

Сыбырын сездірген жел ғана. 

 

Оқасы, жотасы жарқылдап, 



Он шақты сары ала жандайшап. 

Санайды бұларды саңқылдап: 

Он, он бес ... он жеті... 



                                       

Қандай шат! 

 

Өкшесі тықылдап біреуі, 



Таңдайы тақылдап біреуі. 

Он жеті большевик сапта,- деп 



Мәлімдеп қарқылдап күледі. 

 



Соңғы сөз, соңғы сөз – соңғы үміт! 

Деп біреу бұйырып саңқ етті. 

Он жеті жүректе сең жүріп 

Сенімнің алдында ант етті. 

 

Сенімнің алдында Сардарға, 



(Ажалға қолдарын бір сілтеп.) 

Мәскеуге, Ленинге барғанда 

Комиссар ұялмай кірсін деп. 

 


Ант суы ішілген жоқ бірақ, 

Ант сөзін айтуға болмады. 

Көздерден ұшқын боп атқылап, 

Он жеті жүректі жалғады. 

 



Ендеше отырғыз арбаға, 



Қарай гөр, қайсарын бұлардың. 

Әй, Омар, барасың аллаңа, 

Аятын айта бер құранның. 

 

Дегенде, 



                

қарт Омар: “Жә, тәйірі. 

істеп бақ қолыңнан келгенін. 

Тоқтатып бақ кәне, атойлы 

Заманның – төңкеріс желдерін. 

 

Тоқтатып бақ, - деді, - тоқырат 



Халықтың қаһарын, кегін сен. 

Бәріміз барар жер – топырақ, 

Көп болса, келерсің кейін сен. 

 

Қан сорған қашаннан қандала ең, 



Бетіңе түкірген бүкіл ел. 

Бар болса, көрермін сонда мен, 

Құдай да бетіңе түкірер”. 

 

... Ырдуан қозғалды ырғалып, 



Тас түрме әп-сәтте қалды алыс. 

Ызадан үн-түнсіз ыңыранып, 

Келеді он жеті жолбарыс. 


 

Апырмай, дұшпанның алдында 



Дәрменсіз өлем деп ойлап па ем. 

Болмады-ау, бір айла-шарғым да 

Шар болат бойдағы қайратпен. 

 

Сардардың сөзі еді, “текке өлме!” 



Тал қармап өлсек те алданыш. 

Мынау түн түпсіз боп кеткен бе, 

Ататын түрі жоқ таң да алыс”. 

 



Жоқ, Хакім, - деді Омар жәй  ғана, 

Бұл таңғы қараңғы - өліара. 

Өліара, өткелсіз қайда да 

Өмірдің жалғасы бола ма?.. 

 

Сол кезде, сол минут, сол секунд, 



Аға, - деп  әлдекім қалды тез. 

Езілген емендей еңсесін 

Хакімбек көтеріп алды тез. 

Аға, мен босандым, қолымды 



Әйділда шешті ақыры, тапты амал. 

Сен оған түйістір жоныңды 



Шеш қолын, көрсетпе, қапталға ал. 

  

Байқатпа, қимылды, жарығым, 



Қазақсың – қыл арқан жіп көрген. 

Күрмеуін, шиесін, шалуын 

Ағыт тез, бармақпен, сұқ қолмен. 

 


Хакімбек білетін, түрмеге 

Кешегі соң келген бес жігіт 

Бір бүрін ашпаған гүлге де, 

Көлге де ұқсайтын бес тұнық. 

 

Білетін осылар нәтінде, 



Заманның асылы боларын. 

Білетін осылар сәтінде 

Заманның жасыны боларын. 

 

Білетін заманның жолында 



Осылар ойнарын озса арман. 

Ал мана бұлардың қолында 

Кісеннің жоғын да көз шалған. 

 



Біз болдық. 

Біз дайын. 



Бес дауыс 

Қимылмен, ымменен бір шықты 

Ажалға атылмақ бес барыс, 

Күтулі бір ғана бұйрықты. 

 

Деді Омар: 



Ақмырза осы адыр, 

Қапталда Торғайдың өзені. 

Айқастан пайда жоқ, жасауыл 

Бой бермес жүрегім сезеді. 

 

Жігіттер, айла-амал жалғыз-ақ. 



Қашу да құтылу, қалайда. 

Жан-жағың сары ала, сан тұзақ 

Ал қалай үзесің соны ойла! 

 

Омар қарт тағы да үн қатты, 



Алыссаң сен біреу, жау екеу. 

Сол кезде Хакімбек ым қақты: 

Жігіттер, тәуекел, тәуекел! 



 

Әуп, - деді. 



                     

Арбадан атылып, 

Аттыны қапты кеп қара күш. 

Саусақты алқымға батырып 

Жіберді тас білек, тарамыс. 

 



Әуп, - деді. 

                    - 

О, тоба, о, тоба, 

Деп қалды Хакімбек ышқынып. 

Тағы бір жолбарыс жотаға 

Жабысты.  

                   

Жанышты. Түсті іліп. 

 



Әйділда, таста атты, бұқ жылдам, 



Еңбектеп өзенге тарт тура. 

Казакты тастай сап қылғынған 

Бұйрығын естіді ол қарттың да. 

 



Ат, ойбай, ананы, мынаны! 

Ұшты оқтар зуылдап жалғаса.  

Суменен шайғандай қынаны 

Қара жер, қара түн қан жоса. 



 

Кісенін – қолдағы қарғыны 

Үзе алмай, үздігіп Хакімбек. 

Айқайлап жіберді: “Арғыны 

алып өл, өлдің ғой ақыр”- деп.  

 

“Әйділда ұзады-ау, е құдай”, 



Деді Омар тәубе ғып ішінен. 

Қыранды қаңтарған темір-ай... 

Хакім тұр өрт лаулап түсінен. 

 

Сол сәтте өткір көз қалды іліп, 



Құбылыс – құлардай аспаны. 

Мені өлтір, ат мені, әңгүдік, 



Ол – бала он сегіз жастағы. 

 

Дегенше үш атты, төрт атты 



Баланы тықсырып ортаға. 

Бірдеңе сарт етті, жарқ етті, 

Белгісіз,  найза ма, балта ма? 

 



Қош, көке! 

                     

Құлындай шыңғырған 

жас дауыс шыңғырып түн жарды. 

Хакімбек көзінен зығырдан 

Жас тамды. 

                    

Уһілеп, ыңыранды. 

 

* * * 


Таң атты сібірлеп, арбада 

Он екі тірі адам, төрт өлік. 

Жара ескі. 

                    

Таң менен қан жаңа 

Хакімбек келеді өртеніп. 

 



Анау сай сендердің қабірің,- 

Дегенде бір жендет демігіп. 

Алқапқа шашыратып жарығын 

Құдіретті күн қалды көрініп. 

 

Хакімбек жас күнге таңдана 



Қарт Омар еске алды жас шықты. 

Он қазақ, екі орыс арбада 

Шынжырлар салдырлап төс қақты. 

 

* * * 



Торғайда “Партизан сайында” 

Шымқай гүл. 

                       

Ағылған жас-кәрі. 

Ортада баяғы Әйділда –  

Күрестің көзтірі дастаны. 

 

1977 ж. 

 

РЕВКОМ ҮЙІ 

Қаласы кәрі Торғай сегіз көше, 

Тарихпен таңданбайсың егіз десе. 

Немере, шөбересі мұндағы жұрт 

Әліби, Аманкелді неңіз? – десе. 



 

Бұл үйден Ырғыз жақтан салт атпен кеп, 

 

Даланың комиссары дәм татқан, - деп, 



Айтады қайсібір қарт: «Біздің үйден 

Сардар бір қысылшаңда жол тапқан» - деп. 

 

Ел-халық төңкеріске «сәт-ай!»  десіп, 



От кешіп жүргенде ерлер, атой кешіп, 

Әр үйге түнеп кеткен боп шығады, 

Не Таран, не Токарев, не Қайдосов. 

 

Сарбаз ел ынтық болған отты өмірге,  



Ол рас, шежіре көп өткенінде. 

«Әліби көпірі» бар өткелінде, 

«Партизан сайлары» бар бөктерінде. 

 

Лап етіп шарпылғанда отқа бір күн, 



Қызыл ту құдіретіндей боп «тәңірдің» 

Қадалған, бар он сегіз бекет мұнда –  

Он сегіз отауындай Октябрьдің. 

 

Семсерін сілкінген жер сілтеп Батыр, 



Бар мұнда айқас орны – Үрпек, Татыр. 

Комиссар керуенінің іздері бар, 

Жайқалған қызыл шымқай гүл боп қазір. 

 

Бар талай көне дуал, қораш қорған, 



Мүжілген алай-түлей алас таңнан. 

Ту тіккен Сардар өзі тойтөбе бар, 

Қастерлі сан биіктен, сан асқардан. 

 


Бір кезде талай елдің басын қосқан, 

Ішінде Сардар, сабаз ақылдасқан. 

Бұрышта – комиссардың тар бөлмесі, 

Әрине, қаланбаған асыл тастан. 

 

Қызыл үй тұр Торғайдың ортасында, 



Төңкеріс компасындай, картасындай, 

Аңсаған әділеттің алқасындай, 

Даланың жайсаң жақсы мәрті осында, 

Жиналған ревкомның штабына, 

Жиналған серттесуге, анттасуға. 

 

...Даланың тас қараңғы түнінде өктем, 



Комиссар отырды үнсіз дірілдеп дем. 

Сол сәтте Россия жаңалығы 

Телеграф хабары боп шұғыл жеткен. 

 

Шуақтай, шұғыладай түнді серпіп, 



Комиссар Сардарменен тұрды сергіп. 

Осынау тар бөлмеде туды сонда, 

Далада Революция – тұңғыш Ерлік. 

                           * * * 

Сол үйдің алды бүгін алқызыл гүл, 

Сол үйдің ауласында шалқыды жыр. 

Сол үйде желбіреген алқызыл ту –  

Октябрь, Революция мәңгі ізі бұл. 

 

 

СОҢҒЫ  ҚОҢЫРАУ 



Көктемгі аспанның жаңғырып дауысы бір күні, 

Көз жауын алып құлпырар сосын қыр гүлі. 

Хабарын алып жеттің бе, жаңа маусымның 

Соңғы қоңырау – он жеті жастың күркірі. 

 

Балалық шақтың оятып күллі өлкесін, 



Балауса ойдың қасытып кенет желкесін. 

Қимастық шақтың қып-қызыл жібін үзгендей, 

Қимастық үні, не деген ғана еркесің!  

 

Ертең-ақ, ертең толқындарымен тербеп кеп, 



Теңіздей өмір төріне қарай төрлетпек. 

Құлақтың бірақ құрышында қалар мәңгілік, 

Сол қоңырау үні, сол бір топ бала, сол мектеп. 

 

Сол қоңырау үні үмітпен бастап жол басын, 



Арманға  қосып алысқа тартар арнасын. 

Сан қоңырауларды күмбірлетерсің,  

                                                         

дауысы тек 

Он жеті жастың тазалығынан танбасын! 

 

* * * 



Таңғы шықтай тал түбіне ұйыған, 

Тағдыр білер, қайда барып бұйырам. 

Өзегіңді жарып шыққан әйтеуір, 

Ей, табиғат, бір өзіңе сиынам. 

 

Құмға сіңір, мекенім жер – лайым, 



Көлге жеткіз, меруерт боп тұнайын. 

Ей, табиғат, сен анасың, бір тамшың 

Зая кетсе, жалғыз саған уайым. 


 

Тамшы туар, 

                    

шырағданың, шырайың,  

Аман болсын, қара Жерің, Күн, Айың! 

Мен – балаңмын,  

                             

сені біреу мүсіркеп, 

Аяр болса, жалғыз саған уайым. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет