ІҢКӘр дүние (1972 ж., «Жазушы» баспасы)



Pdf көрінісі
бет25/31
Дата06.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#7829
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31

ОТАНЫҢА ҚЫЗМЕТ ЕТ 

 



Отаныңа қызмет ет! 

                                      

Қызмет ет Отанға! 

Балам, саған осы менің –  

                                   

бұйрығым да батам да! 

Қатардағы солдат болу – жүру емес қатарда, 

Қатарды құр көбейткеннің қатарында атанба! 

 

«Қатарыңнан оз» дер едім, 



                                      

оған көзім жетер ме, 

Оза алмасаң, озбай-ақ қой, 

                                       

тек алқынба бекерге. 

Туған жерді мен сияқты түк қалдырмай арала, 

Бара алмасаң, бармай-ақ қой,  

                                       

мен бармадым шетелге. 

 

Мен жимадым, 



                         

жинамасаң. жинамашы дүние, 

Мен сияқты оны өзіңнің жеңдір көңіл күйіңе. 

Мен сияқты кеш оралма  келініме, үйіңе, 

Жан жарымдай жарың болса-ау көнтұғын иіңе. 

 

Мен сияқты, мен сияқты... 



                               

(Мен кімге үлгі болып ем), 

Жүрдім бірақ Отанымның сүрлеу, 

                                                     

соқпақ жолымен. 

Отаныңа қызмет ет!  Қызмет ет Отанға! 



Осы ұранға рухтан да, осы ұранға тебірен! 

 

 



 

 


ТАЙ  БӘЙГЕ 

(баллада) 

 

Соғыстан соңғы бір жылы 



Дуанда үлкен той болған. 

Он сегіз колхоз тұрғыны 

Ағылды дейсің әрқайдан. 

 

Аттылы, жаяу, арбалы 



Қалмады жеткен аяғы – 

Сықырлап біреу балдағы, 

Тықылдап біреу таяғы. 

 

Той десе қу бас домалап, 



Өкпесін алып ел ұшты. 

Біреуді біреу шамалап, 

Таныса болды – көрісті. 

 

Жанышқан қайғы қабағы, 



Жүйкесі бостау жаралы ел. 

Тартады дымқыл жанары 

Мүсіркей қалсаң сәл егер. 

 

Жүрегі жұрттың күпті еді, 



Жаутаңдап үміт – жоқ іздеп, 

Көрініп топтан күткені 

Кездесіп қалар тәрізді ед... 

 

Әркімде бір-бір бар үміт, 



Әлдилеп іштей алданған. 

Сағыныш дейтін сары жұрт 

Біреуде жалғыз сол қалған. 

 

Бірде –  



             

бар тұяқ тігерге, 

Ол да жоқ енді біреуде. 

Кеудеде орден тірелген 

Аяғы келмей тіреуге. 

 

Біреуде шала от қалған, 



Біреуде құйттай шарана. 

Барда да арман, 

                  

жоқта да арман, 

Ешкім жоқ түскен сабаға. 

 

Күпті боп келген көп бүгін, 



Күтініп келген жоқ ешкім. 

Бақытты топырақ жоқ бүгін 

Үстіндей осы дөңестің. 

 

Бақытты бала жоқ еді, 



Тап мендей бүгін дәл мұнда, 

Тайымның құйттай төбелі 

Жұлдыздай жанып алдамда. 

 

Он сегіз колхоз үй тіккен. 



Шықтық біз дөңес үстіне. 

Қараймын көкті тінтіп мен 

Таяды сәске түс, міне... 

 


Он сегіз колхоз үйлері 

Қоңырқай.  

                 

Көзге көрінді. 

Әйтсе де тойдың күйбеңі 

Көтерді бірден көңілді. 

 



Жаратқан өңшең тай неге, 



Көп екен? – атам деп қалды. 

Түсетін тұлпар бәйгеге 

Жоғы еске түсіп тоқталды. 

 

Қылмиған өңшең кілең тай, 



Үйіріле берді үркердей. 

Бәйгеге! – деді бір айқай, 



Атамның жүзін бір көрмей, 

Айтар бір сөзін ұға алмай, 

Атылып оқтай жөнедім. 

Шыға да бере шығандай 

Тайымның көрдім төбелін. 

 

Тайымның құйттай төбелі 



Жұлдыздай ағып келеді. 

Жұлдызым маған жеткізбей, 

«Жетем» деп қуам мен оны. 

 

«Озам-ау» деген жоқ-ты ойым, 



Демеп бір шабыт тереңнен, 

Сондықтан жұрттан оқ бойы 

Желпініп озып келем мен. 

 


Бауырынан бәрі жараған 

Болашақ тұлпар – бала тай. 

Жұлдызға өзін санаған 

Үстінде бір-бір балақай. 

 

Айқайлап, кейде қиқулап, 



Алдынан жаудың шапқандай. 

Бәйгенің күші сиқырлап 

Бойды алып бара жатқандай. 

 

Енді бір сәтте жан-жақтан 



Тістесе құйрық қапталдап. 

Артымда мана шаң қапқан 

Бір-екі, үш бала аттандап, 

Алдымды орап барады, 

Көтеріп, демеп бір-бірін. 

Қанатым қайда жаңағы, - 



Тебініп алға ырғыдым. 

 

Тайым да менің бір ыршып, 



Тайпалып қайта жөнелген. 

Мойнына қарай құнысып,  

Сипадым жұлдыз төбелден. 

 

Жөнелдік тағы қара үзіп, 



Жүйрікке, шіркін, жоқ дауа! 

Мәреге жетсек ағызып –  

Ендігі мақсат сол ғана. 

 

Атам да менің тұтанып, 



Тұтанып, жанып тұр білем. 

Қарайды бізге топ халық 

Көлегей көзбен, дүрбімен. 

 

Жо... жо... жоқ, жүйрік тек қана 



Біз емес екен, көп екен. 

Заулайды бәрі оқтала 

Нысана жалғыз мәре екен. 

 

Тұтанып тұрған тек қана 



Жалғыз қарт емес,  

                               

жалпақ ел. 

Жоғалтып барын, жоқ қарап 

Зәрезап болған... қорқады ел. 

 

Мінеки, соңғы белеңге 



Жұлдыздай шықтық жыпырлап, 

Тістесіп құйрық, тепеңдеп, 

Тұрдық та қалдық тыпырлап. 

 

Мәреге біздер жете алмай, 



Ел бізге қарай жүгірді. 

Өңшең тай, өңшең балақай, 

Аман-сау қолға ілінді. 

 

...Көздерде көлкіп көлшік – көл, 



Тәуба етті тайлар шабысын. 

Біз болсақ қайттық меншіктеп 

Колхоздың бір-бір намысын. 

 


Тың көтерген жыл 

 

Тың көтерген жыл… 



                                    

Май айы 


Аспанның ашық арайы. 

Ашылған дала талайы, 

Бұйра да бұйра боразда 

Біздің ауылдың маңайы. 

 

Көкемнің биыл көк «ДТ» 



Көктемнен мінген тұлпары. 

Кіреді жомарт жер құты, - 



Дейді де жерді жыртады. 

 

Ал біздер, 



                   

біздер топ бала - 

Түспеген құлын ноқтаға. 

Егістік жаққа оқтала, 

Оқтала қарап ойлаймыз, 

«ДТ»-ға мінсек деп қана. 

 

Ал біздер, 



                  

біздер топ бала, 

«Тың» деген сөзді тақтаға 

Жазамыз тұңғыш, септейміз. 

Жіктейміз дағы, көптейміз. 

Япырмай, үш-ақ әріптің  

Мағынасы қандай көп дейміз! 

 

 



ТІЛЕК 

 

Дүние зыр-зыр 



Көзден бұл-бұл 

Дем арасы ұшар ма? 

Қағып сыңғыр 

Уақыт құрғыр 

Көнбей ме екен тұсауға? 

 

Өткен-кеткен, 



Көп селдеткен, 

Сарқыла ме сезім-сел. 

Көп індеткен, 

Көп күнге өткен 

Ал өкпеле, өзің сен! 

 

Өкпеле де, 



От денеңе  

Сабыр күзет қойып қой. 

Көктемеңе 

Кет те деме 

Қоштаса біл, кейітпей. 

 

Тауға бас ұр, 



Тасқа бас ұр, 

Дауысыңды асыр, даурықпа! 

Ұлан асыр, 

Ұлы ғасыр, 

Ұлысың ғой, ұмытпа!  

 


Ұя 

(баллада) 

 

Сонау жылы -  



 

 

Ақшығанақ - Ақсайда, 



Бір жас бала - жақсы бала, жақсы ойда. 

Қой қайырып, қозы жайып жүруші ед, 

Төбел тайы сылти ма, әлде ақсай ма?… 

 

Онда ойы жоқ, 



 

 

ойы - тіпті басқада, 



Көз алдында - қызыл-жасыл астана. 

Төбел тайдың шіренетін үстінде 

Проспектіде тұрғандай боп, 

 

 



 

 

    



масқара! 

 

Қала деген тек түсінде әлі оның, 



Карта арқылы - алақанда әлемің. 

Пәле бала көріпкелі бар дерсің, 

Бәрін білед қаладағы "пәленің". 

 

Алматыда қанша ақын, жазушы, 



Қайсы нашар, қайсы мықты, азулы. 

Еңбектерін саралайтын солардың, 

Соларға өзі үйреткендей жазуды. 

 

Аға шопан: 



 

"Тәйт,– дейтұғын,– тәйірі алғыр", 



Бірдеңені соғасың-ай ойдан кіл. 

Тазала анау көк қозыда тоңғақ жүр, 

Қияли боп туған неме, қайдан бұл…" 


 

"Қияли боп туған неме қайдан бұл…" 

Осы бір сөз жаман тиіп жайдан бір. 

Кілт сергитін тәтті қиял, ойдан бұл. 

Тап сол кезде шыбын жаны шырқырап 

Бармақтай құс ұшты дейсің сайдан бір. 

 

Бала сол сәт қалды қарап сол құсқа, 



"Бейкүнә құс кеткені ме алысқа, 

Қайтар ма екен орта жолда талықса?…" 

Сай ішінде қалды туған ұясы, 

Орап салған үпілдірік қамысқа… 

 


ФЗО-ҒА КЕТКЕН ЖЕҢЕШЕМ 

                                    (



баллпада)  

– 

Жеңеше! –  дедім, 



Жеңешем маған жалт қарап, 

Боталап көзі жылауға өзі шаққа қап. 

 

Кенжем-ау, – деді, – ертең-ақ келем,  



                                                               

дәм жазса, 

Соғыс жоқ онда… алдымда тұрған оқ борап. 

 

– 



Келем ғой, келем, дәм жазса, келем, –  деді де, 

Белгісіз діріл бөгеліп қалды деміне. 

Орамал ұшын апара берді көзіне, 

Көзімді мен де көлегейледім жеңіме. 

 

Көрісіп жылап, 



                         

көрсетіп жылап көрмеген, 

Көкемнен келген қара қағазға сенбеген 

Жеңешем менің бойжеткен қыздай әлі де, 

Жолына тағдыр қалайша тұрмақ көлденең. 

 

Жеңешем менің жер басып жүрер болса егер, 



Отауын іздеп осылай қарай жол шегер. 

Жеңешем менің көкемнің ғана теңі ғой 

Көкемнің орны кімменен оған өлшенер. 

 

Сондықтан сенем, келеді жеңгем оралып, 



Шақырса Отан, отырар кім бар омалып. 

ФЗО-дан менің он тоғыз жасар жеңешем, 

Келеді ертең өмірдің сыйын мол алып. 


 

Жеңешем менің –  

                                

аққудың көгілдіріндей,   

Жүзінде нала, мұңы бар көңіл білінбей. 

Үстіне, әне, ақ жібек көйлек киіпті, 

Жеп-жеңіл екен ақша бұлт жеңілдігіндей. 

 

Ақша бұлтқа ұқсап, кетеді шарлап қиырды, 



Кетеді қазір. Жүрегім неге жиі ұрды? 

– 

Тезірек кел, – деп 



                               

соңғы рет айттым жеңгеме, 

Жеңешем де маған сұқтана қарап қиылды. 

 

Атам мен әжем де: 



– 

Тағдыр солай бұйырды. 

Біріне-бірі сүйеніп тұрып, сыйынды. 

Ырдуан арба қозғала берді сықырлап,  

Арбакеш бала шыбыртқы сонда үйірді. 

 

Сонымен, менің он тоғыз жасар жеңешем, 



Келіп боп түсіп, шымылдық көрді демесең, 

Қабағын ашып, қауызын жара алмаған 

Артығы жоқ-ау, гүлге де оны теңесең… 

 

Жеңешем менің жанымдай жақсы көретін, 



Жан көкем үшін жүрегін жұлып беретін… 

Көкемнің кеткен жолымен ол да жөнелді, 

Келетін сынды.. көкемді алып келетін. 

 

Жеңешем құрған шымылдық жерге сусыды, 



Шешемнің үнсіз көзінен жасы ыршыды. 

Көкем де жоғын, бөпем де жоғын ойласам, 

Кеудемнің менің қаттырақ соқты дүрсілі. 

 

Соңғы бір күндер сарғайып өңі суалған, 



Сағыныш сылып, үмітпен ғана жұбанған. 

Жеңешем менің шешімі батыл жан еді, 

Ауданға барып ФЗО-ға өзі сұранған. 

 

Ауылда  біздің әңгіме тиек ағытты: 



– 

Пеленшенің келіні кетіп қалыпты. 

– 

Қалаға кеткен.. 



– 

Далаға кеткен десейші, 

– 

ФЗО-ға кеткен, 



– 

ФЗО-сы несі, бетім-ау, 

– 

Күдерін үзіп біржола кеткен десейші. 



 

Қып-қызыл өсек қыздырма сөздер кеу-кеулеп, 

Соғыстың кезі (сөйлейтін ауыз семген жоқ). 

Көңілім күпті, сенімім мықты, ал шындық – 

Келмейді көкем, 

                         

жанымда және жеңгем жоқ. 

 

Жеңешем бірақ күдерін бізден үзбепті, 



Келін боп түскен Отауын – Отын іздепті. 

Магниттау деген қаладан жазған хатында: 

–  

Заводта қазір жасаймыз жарақ біз депті. 



Дегбірсыз әжем, соңына хаттың шыдап па, 

– 

Көкеңнен қалқам,  



                               

хат-хабар барын сұрап па, 



Сұрап па? – деді, 

– 

Сұрапты, – дедім бөгеліп, 



Ең тұңғыш рет өтірік айттым бірақ та. 

 

Өтірік емес, 



                   

шындығым еді – ол менің. 

Жан көкем менен жеңешемді бұл бөлмеуім.    

Келмейді көкем,  

                          

Жеңгемді бірақ ешкімге, 

«Бермеуім керек, бермеуім керек, бермеуім!» 

 

«Бермеуім керек!» 



                              

Бозбала балғын ниет бұл, 

Үмітімді менің жеңешем ғана сүйеп тұр. 

Қаусаған кәрі, қауқарсыз бала бұл үйде, 

«…Келеді жеңгем!» – 

                                 

Ортадағы ортақ тілек бұл.    

«Есен-сау жүрсін жолынан қыдыр жолыққыр!» 

Қарайды әжем, төрт қанат үйді шолып бір. 

– 

Қайтейін, – дейді, – Отаудың көркі, ботам-ай, 



Отаудан гөрі Отанға керек болып тұр». 

 

Отаудан гөрі Отанға керек болғасын, 



Заводтың барып ұстады жеңгем балғасын. 

Мыңдаған жесір, мыңдаған жетім балалар 

Жетілмей жатып жалғады ұрпақ жалғасын. 

 

Оқ пенен оттың ортасында олар ес білді, 



Махаббатпенен маңдайдың терін сес қылды.  

– 

ФЗО-ға кеткен, 



– 

ФЗО-ға кетті,  – деген сөз, 

– 

Майданға кетті, – дегенмен бірдей естілді. 



 

Менің де жеңгем сол ұрпақ, сол топ ішінде, 

Темірдей тәртіп тезіне түскен пішінде. 

Көксеңгір завод, көкпеңбек құрыш илеген, 

Жеңгемді кейде көретін едім түсімде. 

 

Темірдей тәртіп, темірдей тезі Өмірдің, 



Жеңгемді менің шыңдағандай боп көрінді. 

От көйлек киіп ойнады ол құрыш темірмен, 

Айналасында қып-қызыл жалын өрілді. 

Қып-қызыл жалын араны бөліп, жеңешем. 

Бермеді қолын, бермеді, кейін шегінді… 

 

Түсімді бірақ жорытқам да жоқ, жорымай, 



Сынаптай ойым сарсаңға түсті қорымай. 

Жеңгемнен бір сәлемдеме келді – о, ғажап, 

Ақ тілегімнің оңғарып жолы болуы-ай. 

 

Кездеме бөзін, әшмүшке шайын азғана,  



Бүкіл бір ауыл бөліскен кезде мәз бола, 

Атам мен әжем қасқайып жұртқа қарады, 

Сап тынды сонда қып-қызыл өсек, сөз-жала. 

 

– 



Пәленшекеңнің ФЗО-ға кеткен келіні-ай 

Бір жерден түбі шығады, – дейтін ел ұдай. 

Мінекей шықты, ақыры шықты, жеңешем, 

Газетке шықты: суретін қалдық танымай. 

 


Өкпеммен қоса газетті сонда қолға ұстап, 

Ұштым-ай дейсің, қонғандай басқа болды 

                                                                       

ұшпақ. 


– 

Көрдіңдер ме? – деп, жеңгемді менің, – 

                                                           

жүгірдім, 

Шаттығым өзі шартараптарға жол нұсқап, 

 

Сүйінші сұрап ес біліп, етек жапқалы, 



Көрмеген бала, сезімі көзсіз, қатты әрі. 

– 

Жеңешем менің, ФЗО-ға кеткен жеңешем, 



Отаумен бірге Отанның, міне мақтаны. 

 

Табаным жерге, 



                                

тимеді төбем көкке елі, 

Әттең-ай, әттең, жеңгеме қолым жетпеді. 

Стахановшы, жүлдегер дейді жеңешем, 

Кім екен оның… өнеге көрген мектебі? 

 

Біздің үй ме екен, Магниттау ма, завод па, 



Соғыс па, әлде соғыстан көрген сабақ па? 

Тағдырға деген ащы ызасы ма әлде оның, 

Махаббаты ма тастамас мәңгі талаққа? 

 

Артында қалған сәлемі ме әлде бізге оның, 



Білдіргені ме біздерден күдер үзбеуін? 

Тұмардай тағып жеңгемнің құйттай суретін, 

Көз қиығынан қимастық сезім іздедім. 

 

Атам мен әжем көз жасын іркіп жинаған, 



Айтатын сөзі жасына көздің сыймаған. 

– 

Қайтейін-ай, – деп күрсінген олар тағдырға 

Жауқазын гүлдің тозаңын бірге қимаған. 

 

Тағы да хаттар… 



Тағы да тағы – келді хат, 

Сүйінші сұрап жүгіргем жоқ мен бірақ. 

Атам мен әжем, 

                         

жеңгеме бүкіл ел құлап, 

Уақыт ұзап… 

                   

Оралмады елге ол бірақ. 

 

Сәлемі, хаты - жан ілтипаты демесең, 



Оралмады елге ФЗО-ға кеткен жеңешем 

Кездеме бөздің, әшмүшке шайдың күні өтті. 

Күні өтпес дүние – құп-құйттай көңіл есесі… 

 

Күні өтпес дүние – құп-құйттай ниет тап-таза 



Тап-таза болса – жүректе жоқ наза. 

Жеңешем бізді қия алмай әбден қиналып 

Хат жаза-жаза, шаршады ма екен хат жаза?! 

 

Хатта да бірақ, сұрайтын сұрақ селдіреп, 



Баяғы сезім бара да жатты сәл жүдеп, 

– 

Табиғат заңы – тұрмысқа шықтым, кеш,  



                                                              

кенжем, 


Қайтейін… – деген хат келді, міне, соңғы рет. 

 

Алдым да хатты, өксіп те өксіп жыладым, 



Өзімнен-өзім ең тұңғыш рет сұрадым: 

«Жан көкем неге майданға кетті сұранып, 



Жеңешем неге ФЗО-да бағын сынады?» 

 

Жауап берді әжем: 



                              

«Отаудан гөрі Отанға 

Керектігіңді сезінсең ерлік туады». 

Ал олай болса, 

                      

ФЗО-ға кеткен жеңешем 

Жұлдызы жанып алдымнан ертең шығады. 

 

 



 

 

 



 

ДӘУІР – ДАСТАН  

 

(1988 ж., «Жазушы» баспасы) 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

* * * 



Адамның бар ғой – іштегі ала-құласы, 

Санаға тиген өмір – сабақтың кінәсы. 

Әйтпесе сәби арамдық ойлап тумайды, 

Таза ғой адам табиғатында туасы. 

 

Таза ғой адам табиғатында, тумыста, 



Көнбіс қой адам көндіге берер тұрмысқа. 

...Бірте де бірте көз үйренеді сұқтанып, 

Сұғанақ неме, қол үйренеді қылмысқа. 

 

Бірте де бірте ой үйренеді ұрланып, 



Бой үйренеді бой тасалауға қуланып. 

Бой үйренеді, бой үйренеді бәріне 

Бой үйренеді ушығып, ұйып, уланып. 

 

Санаға ерік, денеге желік бітеді, 



Желөкпе әсер жүйкені жүндей түтеді. 

Сыртында мін жоқ, ішінде дым жоқ, көз күйік, 

Пайда болады жараның нағыз бітеуі. 

 

Көлеңкеге ұқсап, көлбеңдеп қоғам соңынан, 



Қоғамды бұрыс тартады түзу жолынан. 

Сынайды дағы, салады қоғам тезіне, 

Өз балаасы ғой, өлтіре алмайды қолынан. 

 

Өз баласымыз, өз перзентіміз қоғамның, 



Тездерге түсіп көрерміз талай топ алдын. 

О, Отан-ана, «баланы бастан»... деуші еді, 

Қолыңнан бізді, қолыңнан бізді алар кім?! 


* * *  

Әйелдің бар ғой, көрдің бе, жақсы көргенін, 

Тіл ұшыменен тіршілік дәмін бергенін. 

Өліп те талып Өмір сыйлаған сол әйел, 

Көрдің бе сосын, өсек-ғайбатқа ергенін. 

Әйелдің бар ғой, көрдің бе, тылсым қылығын, 

Жан сарайыңды хан сарайындай тазартса, 

Хақ емес пе еді, ханнан да биік тұруың! 

Сүттен ақ, оның судан да таза кезінде, 

Қасиетін күзет... кірпікті қақпа, көз ілме! 

Батырларыңның құдай боп кетер сәті сол, 

Батырларыңның жағасын жыртар езің де! 

Ынтықтығынан сылқ етіп "өлген" сәтінде, 

Өмір мен Өлім – өліарасы сол нәтінде. 

"Тірілте көрші, тірілте көрші" дер ме едің, 

"Бәтірекесі, бәтірекесі, бәтірге." 

Тамырынан лыпып, қан тамған сәтін көрдің бе, 

Сұрамай сенен ант алған сәтін көрдің бе? 

Өз қабырғаңнан жаратқан әйел, әуелде 

Қамырын таппай қаңтарған сәтін көрдің бе?! 

Әйелдің бар ғой, көрдің бе жараланғанын, 

Көрдің бе сонда, әлгінің бәрі жалғанын. 

Ілбішінге ұқсап жазылмайтұғын жарасын 

Көрдің бе, қалай көрсетпей жалап алғанын. 

Алданған сәтін, аһ ұрған сәтін көрдің бе, 

Қайғырған сәтін, қапылған сәтін көрдің бе? 

Тастағы қына, шөптегі шықтай дірілдеп, 

Артынан оның ақылман сәтін көрдің бе. 

Көзінде жасы, сөзімен қарғыс айтпай-ақ, 

Дүниеде сенен аяулы жалғыз жоқтай-ақ. 

Әйелдің бар ғой, көрдің бе жақсы көргенін 

Тіл ұшыменен тіршілік дәмін бергенін... 

 


                           * * *     

Ақ келіншек киіпті қара көйлек, 

Ойласын дегені ме, дара ғой деп. 

Қозғап-қозғап қояды паң мүсінін 

"Көздің жауын жаула да ала ғой"деп. 

 

Ажарында – сыпайы сыздану бар, 



Назарында – қас-қабақ, жүз бағу бар. 

Тереңінде тәкаппар міз бақпайтын, 

Бет жағында жылымсып міз бағу бар. 

 

Ерсі мінез, қимыл жоқ ебедейсіз, 



Қабағы ашық, қарайды көлегейсіз. 

Молшылықтың белгісі үйіндегі 

Қарашықта қалыпты себеп ойсыз. 

 

Әтірін айт, бір иіс гүлге сіңген. 



Мұрын жарып талдырар мүлде есіңнен. 

Шым етеді жүрегің, пайда бар ма, 

Үлдесі мен біреудің бүлдесінен. 

 

Жас шамасы қырыққа жетер-жетпес, 



Жастық шағы басынан өтер-өтпес. 

Сірә, өлердей сүйеді-ау, замандас та 

Бір тілегін сондықтан екеу етпес. 

 

Әйел заттың сұмдық қой – сұлулығы, 



Сұлулығы – киелі шымылдығы. 

Шымылдыққа сұқтанып көп қарайтын 

Бейбақ еркек біткеннің бір ұрлығы. 


 

Әлгі әйелге сол көзбен мен де қарап, 

Келісімін, кемшінін тең бағалап: 

– 

Жасандылау болғанмен әлсіздігі, 



Жақсы-ақ әйел, – дедім мен сәл жобалап, 

Сұлулығың өзіңе... мәңгі аманат. 

Сол сұлулық қайғыдан қара кисе, 

Сонда обал-ақ, обал-ақ, сонда обал-ақ... 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет