ІҢКӘр дүние (1972 ж., «Жазушы» баспасы)



Pdf көрінісі
бет26/31
Дата06.03.2017
өлшемі1,85 Mb.
#7829
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

АҚ-ҚАРА 

 

...Сондай да сондай болады сәттер басыңда 



Сондайда бірақ тағдырға құлап бас ұрма! 

Сондайда бар ғой өзіңнен өзің ашынба, 

Үйір ғой тағдыр иықтан ылғи басуға. 

 

Үйір ғой тағдыр иықтан ылғи басуға, 



Тұйыққа тіреп, алдыңды орап тосуға. 

Ақылыңның да айдарынан жел аз есер 

Айласы шексіз, амалы шолақ ғасырда. 

 

Айласы шексіз, амалы шолақ ғасырда, 



Бақ тайса бастан «бақытсызбын» деп шошынба! 

Жалған дүниеде жалғыз сен емес, жарығым, 

Жазым да болған тағдыр дейтұғын жасынға. 

 

Сондайда бар ғой, жалғыз өзіңді антқа ора, 



Жазым да болсаң жасынға тіктеп жалт қара! 

Көзіңнің нұрын қарып түсерде байқалар, 

Ақ пенен қара, ақ пенен қара, ақ-қара. 


 

* * * 


 

Алатаудың басына бір шөкім бұлт 

Қайдан ғана ойнақтап шыға келді. 

Ұлы адамға оралған мұң секілді 

Тарқатылып түбіттей тұнады енді. 

 

Бір шөкім бұлт таралып, тарамдалып, 



Ордаланып, орнығып, орамдалып, 

Қарлы боран немесе қара нөсер 

Құяды-ай кеп, құяды содан барып. 

 

Тау етегі содан соң бір сілкініп, 



Басталады басқана бір тіршілік. 

Тау екеш тау қайтсін-ай, айналасын 

Көгертеді басынан бұлтын сығып. 

 

Алатаудың басына бір шөкім бұлт 



Шыға келіп шұбайды қау секілді. 

Ұлы адамға оралған мұң секілді, 

Мұңсыз адам бұлты жоқ тау секілді... 

 

 



* * * 

Ауылда тудым. 

                             

Қалаға келдім. 

Далалық едім. 

                        

Қалалық болдым. 

Ортама қарай өзгердім. 



 

Заманнан талай  жаңалық көрдім, 

Жаңалыққа орай жаңғырып көрдім, 

         

Тамырын танып сезгенмін. 

 

Заман да жылдам, 



                               

адам да жылдам, 

Құламай ұстап заман жалынан, 

          

Қоғам заңынан айналдым! 

 

Жарылған кезде Заман ағынан, 



Айла аспас кезде адам ойынан, 

Адамға зауал – адамға сауал, 

          

Амал барына қайранмын! 

 

29.12.1986 ж. 


                           БАЛАМА 

Шайқалмаған сары уыз балапан бала, 

Көргенің сенің әлди мен алақан ғана. 

Қиялыңменен аймалап Айнакөлдерді 

Көзіңнің нұрын сүйкейсің Алатауға да! 

 

Көк пенен көлдің арасын шайқағың келер,  



Жүрек пен мидың қатпарын байқағың келер. 

Қызылшақа қиялың жалаңаш әлі,  

Қаттыға тисе, қиын ғой … қайтарым берер. 

 

Қызылшақа қиялың сана болғанша,  



Уыз – жүрегің ушығып, жара болғанша. 

Жара жазылып, уыты тарағанынша, 

Ұшырасың жүректі зәрені алғанша. 

 

Заманың жылдам болғанмен тез жетілетін, 



(Тез жетілетіндер әдеті тез кетілетін). 

Көзге шыққан сүйелдей сыңарлық жаман, 

Құмарлық жаман – қамшыдай көзге тиетін. 

 

«Құмар болма анаған, не мынаған», 



Дейміз біздер.  

                        

Дегбір жоқ. Көңіл алаң. 

Себеп-салдар ойлатып маған Заман, 

Себебімен қарсы етер сені маған. 

 

…Шайқалмаған сары уыз,  



                                             

шайқайды заман, 

Шайқайды заман, бағыңды байқайды заман. 


-  

Сенікі дұрыс, қайткенмен, Заман сенікі, 

Заман сенікі,  

                       

жақсы ғой, пай...пай, Заманаң!  

 

 



 

* * * 


Басымды салдың-ау сарсаңға, 

Жүрегім айналды шаршауға. 

Жүйкем де жұқарып барады 

Не істейін, не істейін мен сонда?. 

 

Жанымды жедің-ау жегідей, 



Дел-салмын.  

                

Жын соққан перідей. 

Алдамай, арбамай билейсің, 

Сенікі не құдірет, не дүлей. 

 

Билейсің ырқымды, 



Білесің мен білмес 

Сөйлейсің мың түрлі, 

Білесің мен білмес 

Сиқырлы бір тілді. 

 

Жап-жаңа өзіңнен шаршаған 



Жүрек те, жүйке де 

Қайтадан тімтінді, 

Өзіңе ұмтылды... 

 

                



                                     

* * * 

Ғашықтық –  азап,  

                           

азабы ғажап бірақ та,  

Дертінде тозақ, деміндегісі жұмақ па?! 

Шын ғашық болсаң, біріңді-бірің жылатпа, 

Жылаттың екен,  

                           

жыласын ғашық, жұбатпа! 

 

Жыласын ғашық,  



                             

жылауы әбден тарқасын, 

Күйігі бойға, күйініші ойға тарқасын. 

Ғашықтар жылап, дүние құлап қалған жоқ, 

Дүние – жалған ғашықтығынан қорқасың! 

 

Дүние – жалған 



                              

ғашықтығына кім бірақ 

Құламас дейсің, көзі мен көңілі бұлдырап. 

Бір құлатарың, бір жылатарың болса да, 

Қызықсың дүние-ай, қызыл түлкідей, құрғыр-ақ. 

 

Қызықсың дүние-ай, қызыл түлкідей алдарсың, 



Алданыш – тәтті, бар болғыр, бәр сәт бар болсын! 

Қумасқа болмас қу қызық сені қайтейік, 

Адам ғып жүрек, сүйетін құдірет бергесін! 

 

Адам ғып жүрек, сүйетін құдірет бергенмен, 



Махаббат дерттің дауасын тапқан кемнен-кем! 

Зарығу болған, тарығу болған мүмкін ол, 

Тұратын шығар табынып, жылап, еңіреуден, 


  

Тұратын шығар табынып, жылап, еңіреуден, 

(Жыр жазған шығар мендей бір ақын        

                                                        

тебіренген.) 

Дүниені жуып, дүниені шайып тазартқан 

Ғашықтық дерті аумайды жаңбыр, желдерден. 

 

Ғашықтық дерті аумайды жаңбыр, желдерден, 



Жаңбырым, желім – жалғызым менің, кел бермен! 

Тазарсын менің бойдағы пәле-құзғанам, 

Бір ғана дәттен, бір ғана сәттен сен берген. 

 

Бір ғана дәттен, бір ғана сәттен сен берген, 



Сен де өлмейсің ғой, ал одан кейін мен де өлмен. 

Басымызға біздің Қозы мен Баян секілді 

Ортақ құлпытас қоймайды ешкім өлгенмен. 

 

Бір ғана белгі  қояр да, қоймас, қоя алмас, 



Тас қойып барып табынғанға ешкім оянбас. 

…Деміңді үрлеп, дертіңді қалай беріп ең, 

Одан да маған соны айтшы, қалқам, ең алғаш.  

 

Деміңді үрлеп, дертіңді қалай беріп ең, 



Еркімді билеп, еркіңді қалай беріп ең. 

Сертімді алып, сертіңді қалай беріп ең, 

Махаббат - уға елтуді қалай үйретіп, 

Өртіңді талай өшіріп барып  өліп ем. 

Өлтірдің! – десең, өліп те саған сеніп ем, 



Сенімен бәрі,  

                          

болды ғой бәрі сенімен… 


 

Шын ғашық болсаң – сен дағы мені бір жылат,  

Тәтті бір түстей көзімнің алдын бұлдырат! 

Жұмағың - жұмақ, тозағың да қат, қимасым, 

Көзіңнен бір күн ұшармын мен де біл, бірақ!  

 

 



 

* * * 


 

Кеттің ұшып, қалдым жерде, 

Сағынышқа салдың демде... 

Сен – көктесің, мен – жердемін, 

Сен – періште, мен – пендемін, 

Жаутаңдаймын әркімдерге... 

Кеттің ұшып, қалдым жерде, 

Жаутаңдаймын әркімдерге. 

Көкте кімге жолығарсың, 

Жерді бірақ сағынарсың, 

Тәлкектейді, тағдырға ерме! 

Тағдырға ерме, тәлкек етер, 

Сені мен ғой еркелетер. 

Мүмкін жұрттың не демеуі, 

Болма көктің көбелегі 

Елтең етер, селтең етер. 

Болма, көктің көбелегі, 

Өзге оттың не керегі? 

Ессіз-түссіз бір сезімді, 

Еске түсір бір сөзіңді, 

Жеке... жеме-жемедегі. 


 

 

 



* * * 

 

Кеттің ұшып құс секілді, 



Көргеніміз түс секілді, 

           

Қорқам бірақ жоруға. 

Рақаты көп тұс секілді, 

Қылмысы жоқ іс секілді, 

         

Қалқам бірақ соңында. 

 

Суға шайған нәл секілді, 



Тарағанмен бар секілді 

          

Денемізде дағы әлі. 

...Түн түндігін қаша түрді, 

Қайта еңкейді, қанша өкінді, 

          

Жазды уақыт жараны. 

 

Құс секілді қайта қондың, 



Қайта қондың, қайда қондың?.. 

            

Қайран өмір қақтығыс. 

Қырды шарлап, ойда жүрдің, 

Тәлкегін-ай, тәйірі, өмірдің, 

           

Тәтті дүниең – тәтті түс. 

 

 



 

КУӘ  ҚАЙДА? 

Есімде жоқ ең алғаш жылағаным –  



Айды әпер, - деп аспаннан сұрағаным. 

Бақыт деген сол шығар жылағанда, - 

Білмеу шығар – жанында куә барын. 

 

Одан кейін есімде жылағаным –  



Естен танып, жер сүзе құлағаным. 

Жер ұшықтап, ұрысып әлдекімге 

Білем, әжем біреуді сыбағанын. 

 

Тайға міндім одан соң – шын құладым, 



Бас айналып, көз алдым бұлдырады. 

Қай жерімнің білмеймін ауырғанын 

Бұрап мені ызаның қыл бұрауы. 

 

Шын жыладым, қайнады зығырданым, 



Қап, қап! – дедім, құлағым шыңылдады. 

Езу тартып күлді әжем, ұнады ма 

Баласының жыламай жығылғаны. 

 

Қайдан күлсін, күлген тек сыңайы ғой, 



Сырт күлгені – іші айтқан «құдайы» ғой! 

Шын құлаудың ойлады-ау басы осы-ау деп, 

Құлау, тұру ұдайы, ұдайы ғой... 

 

Жығылғанда үйрендік жыламауға, 



Көз жасы тек кеудеге мұң орауда. 

Жығылған кім, 

Жыққан кім, 

Жылаған кім? 

Әже, сендей араша – куә қайда?! 


 

 

 



 

 

* * * 



 

Құс қанаты талса – қонатын шығар, 

Адам қанаты талса – жүрегі соғатын шығар, 

Адам жүрегі құс қанатындай,  

Соға-соға ғұмыры қысқаратындай, 

Бір күні демалатын шығар... 

 

Құс қанаты талса – қауырсын құйрығымен қонар, 



Адам қанаты талса – тағдыр бұйрығымен қонар. 

Құс сайрайтын шығар, 

Адам ойлатын шығар, 

Тоймайтын шығар «қу дүниеге» олар. 

 

 

 



ҚЫРЫҚТАҒЫ ҚАЙЫНАҒАЛАР 

 

Бұл кісілер – біреудің қайынағалары, 



(Қайынаға болып туды деп ойлама бәрі.) 

Ойнақтап кеше отыздың орғылында олар, 

Жайқамағаны қалды ма, жайламағаны. 

 

Шайқамағаны қалмаған, байқамағаны, 



Жан қалтасында жүргендей той-томалағы. 

Шашылып шалқып, думан мен дырдуға малтып, 

Айта жүрері бар бұлар... айта қалары. 

Сүрнігіп жүріп, сүрініп, сонар қуалап, 

Қырықтан аса қырқадан қайта қарады. 

Қайта қараса – қапылып, қараталасқан 

Дүниенің бәрі – талайдың қайталағаны. 

 

Сөйткенше болмай, 



                           

қара шаш қылтанақтанды, 

Қипалақтады ағалар, бұлталақтады. 

Сонарға құмар сол көңіл алағзығанда, 

Кеміс боп жүрді қайтсін-ай, бір тояттауы... 

 

Сонда да бірақ азаймас көздегі сұрақ, 



Көздегі сұрақ – бұл кезде көздегі сынап. 

Қырықтағы еркек әйелге өліп-өшпесе, 

Өлуі мүмкін әйелдер өздері құлап. 

 

Қырықтағы еркек шоқ сынды қоламтадағы, 



Қызуы бойда, үрлесе заман талабы. 

Шайқалып барып түскенде сабасына адам 

Санасын сонда қайтадан жаңарта алады. 

 

Қырықтағы ереке қалады қайынаға болып, 



Қайынағалықтан зиян да, пайда да көріп... 

Серілік дәурен бәрібір байытпайтынын 

Байыптай келіп, біледі ойлана келіп. 

 

Бұл кісілер – біреудің қайынағалары, 



Сыпайы тартып сондықтан – майдалағаны. 

Қырықтағы еркек қаншама қайынаға болсын, 

Замандас болмай бәрібір қайда барады?! 

 

 

 



 

МІНЕЗІМ 

 

Өзімді-өзім жеңе алмай жүрген бір кезім, 



Жеңе алмауыма себепші – бірден-бір өзім. 

Өзімді-өзім кінәлап салыстырамын, 

Қабілетім кімнен кем еді, кімнен мінезім. 

 

Бойымда барды ұқсатып жарата алмаған, 



Өзім ғой – өзім, дұшан жоқ атар оқ маған. 

Дұшаным жоқ деу, әрине аңғалдық болар, 

Тышқанның мұрнын адалмын қаната алмаған. 

 

Адалдығыңнан не пайда? Әрекет егер, 



Қаракет жасай алмаса қара көтерер. 

Ақ көңіл сенің айтқыштық мінезіңді де 

Астарлап алып біреулер пәлеге теңер. 

 

Еркелігіңді біреулер есерлік дей ме, 



Өзіңе сену өзіңе кесел жүктей ме? 

Ығына қарай уақыттың иіле берсе, 

Біреулер соны заманға төселдік дей ме? 

 

Заманға сонда жаялық төсеніш болса, 



Есебін білсе, ешкіммен есеп ашпаса, 

Өзгерсе заман біз дағы жалт береміз бе, 

Бүгін басқаша, едік қой кеше басқаша… 

 

Заманға менің өкпем жоқ, қоғамға тағы, 



Өкпемнің бәрін таңбаймын адамға тағы. 

Жеңе алмай жүрген өз-өзін мен бе екен  

                                                                 

жалғыз, 


Білмейді-ау көбі, сол мені алаңдатады. 

 

Өзімді-өзім жеңе алмай жүрген бір кезім… 



Іздеймін кейде мен сондай күндердің өзін. 

Өзімді-өзім жеңемін, өлемін бір күн, 

Өлтіре жаздап жүр  мені  құрғыр мінезім. 

 

 



 

 

                     * * * 



Табаным талай шоқ басып, 

Қып-қызыл отқа күйді ерін. 

Тарпаң ем, тағдыр ноқтасын 

Салғызбай басқа сүйредім. 

 

Салғызбай қайда барайын, 



Артық деп пе едің мен кімнен. 

Кең еді дүние сарайым 

Қор болмасыма сендім мен. 

 

Ноқтаға басым маталып 



Ноқта - аға болдым амалсыз. 

Ұшатын күндер от алып 

Ұшты да кетті хабарсыз. 

 

Періште боп та, пенде боп 



Амалсыз талай алмастым. 

Арамдық деген менде жоқ, 

Екі аяғымды тең бастым. 

 

Екі аяғымды тең басып 



Келемін жердің бетінде. 

Тағдырдың күллі таңбасын 

Тәнтімін өтіп көруге. 

 

Табаным тиген шоқтарға, 



Күйдірген ерін оттарға. 

Еркіндігіңде жақсы өмір, 

Тағат та керек, тоқтам да! 

Ырзамын тағдыр бәріне 

Жүрек пен махаббат барда! 

 

 



 

* * * 


 

Тағдыр, басқа не салсаң да көнермін, 

Қасарсаң да, қабарсаң да көнермін. 

Тұтылармын, ұтылармын мен сенен, 

Шым-шымына кім батпайды тереңнің. 

 

Тағдыр, мені шылауыңа орадың, 



Ылауыңа жегіп едің жарадым. 

Тұрқыңды мен сүйрей алмай барамын, 

Ырқыңды мен билей алмай барамын. 

 

Тағдыр, саған кейде күйіп келемін, 



Өзімді-өзім илеп, иіп келемін. 

Шындық дейтін шылбырыңның бары рас, 

Шылбырыңа сүйретіліп өлемін! 

 

 



 

* * * 


Шашыңа ақ кіріпті ғой, айналайын-ай, 

Уақыт сені де жіпсіз байлағанын-ай. 

Өмірге опынушы едің, опасыз жалған, 

Осқылап «бет-жүзің» демей ойнағанын-ай... 

 

Өмірге опынушы едің, беу, қарағым-ай, 



Тәніңді тәттісіменен аулағанын-ай. 

Санаңды ащысыменен тұздықтағаны-ау, 

Сөйлеуші ең, «әйге» қарамай, «шайға» қарамай. 

 

Санаңды ащысыменен тұздықтаған-ау, 



Мән бермей қарайсың түрлі қызыққа мынау, 

Шашыңа ақ кірген сайын аяусыз уақыт 

Аяулы сезімдеріңді сүзіп қалады-ау. 

Аяулы сезімдеріңді сүзіп қалады-ау, 

Жүректе күрмеу де күрмеу үзік қалады-ау... 

 

 



* * * 

Шаштым, төгілдім, шайқалдым, 

Жастық буы бар, «сайтанның» 

Уын ұрттадым, уыт қайтардым. 

Буы биледі, уын ұрттадым 

Шаштым, төгілдім, шайқалдым. 

 

Шаштым, төгілдім, шайқалдым, 



Аштым өзімді – айқардым. 

Көңіл мәселін мың-сан қайтардым, 

Өмір есебін шештім деп қалай айтармын. 

Басып қамшымды, барыммен байқалдым. 

Кімде жоқ дейсің өксік-өкініш, 

Мүмкін кейіндеу бармақ тістермін, 

Мүмкін мен дағы басты шайқармын. 

Шаштым, төгілдім, шайқалдым, 

«Өмір сүрдім!» деп айтармын! 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

БІР  МЫСҚАЛ 

 

(1996 ж., «Жазушы» баспасы) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АБАЙ  ЕСКЕРТКІШІНЕ 

 

Ой мұңын емген,  



                           

қайғыны жеңген қайырымсыз, 

Кейпіңіз – адам, адамға бірақ айбынсыз. 

Ақындық деген адамдар үшін жаралған,  

Жаралғаннан соң ақиқат үшін айнусыз. 

 

Ақиқат атап, шындық деп айтар жартассың, 



Жел-құздар қағып, жағаңа толқын жармассын. 

Тәніңді егер табиғат шайып тауысса, 

Табиғат сынды ұлылығына болмас сын! 

 

 

ӘБІҚАЙ АҚЫННЫҢ МЕШІН ЖЫЛҒЫ 



МОНОЛОГЫ 

 

Елуде көрдік жылды Мешін деген, 



Жұмбағы алда жатыр шешілмеген. 

Ер жігіт, таланыңа бұл бір заман 

Талғамай табылғанды жесін деген.  

(Әбіқай Нұртазаұлы) 

 

 

Қиямет деген осы ма, 



Қарғыс деген осы ма? 

Ел еңіреп босыған, 

Ер елінен шошыған, 

Қай заман бұл, қай заман? 

Нар түйеде жая жоқ, 

Ну орманда сая жоқ, 

Намыс бар да, нану жоқ, 

Нақыл бар да,  ақыл жоқ, 

Найза бар да, батыр жоқ, 

Нарқы бар да, парқы жоқ, 

Надан елдің салты деп, 

Налиды да жылайды, 

Құдай мұны қарғаса, 

Бұл құдайға құлайды. 

Жар астында жау деген, 

Жол үстінде апат бар. 



Нәлет тағдыр, әуреле, 

Аямасаң, тапап қал! 

Әбіқайды аяма, 

Өлсем сүйек көмілер – 

Бақыт мені табалап, 

Қайғы маған егілер. 

Қабырғаммен қайысып,  

Мен ел қамын ойлаймын. 

Дем біткенше таусылып, 

Һәм денемнен жан шығып, 

Домбырамның дауысын 

Долы үніме қайраймын! 



 

1965 ж. 

 

 



* * * 

 

Адал әйел – ақ періште... 



                                       

барлық еркек арманда, 

Кездесетін пәк пейіште,  

                                        

о дүниеге барғанда. 

Армандайды бірақ бекер –  

                                         

арман емес дүниені, 

Махаббатқа бас тікпейтін әйел бар ма жалғанда. 

 

Махаббатқа басын тіксе – барлық әйел періште, 



Махаббатқа жасын төксе – адалдығы, 

                                                                 

теріс пе?!  

Бас тіккен жан, жас төккен жан –  



                                                       

әміріне жүректің, 

Ол жүрегін сала алмайды одан кейін бөліске. 

 

Бір-ақ Өмір, бір-ақ Тағдыр, бір-ақ Уақыт,  



                                                                  

бір-ақ Дәм, 

Болашағы болжаусыз ғой, 

                                            

болжамына сұрақ тән. 

Қаталдығын суырады қатігез бір қынаптан, 

Адал әйел...  

                     

айрылады пейіштен де, жұмақтан. 

 

Кім кінәлі, кім кінәлі



                                     

кім күнәһар... кім, кім, кім? 

Адам, сенің өзіңде ғой күллі еркің, күллі ырқың. 

Бір жасыннан бір жазымды  

                                              

тастай салар тосыннан, 

Бір басыңнан айналатын тағдыр деген бір бұлтың... 

 

 



* * * 

 

Ажалдан қорқып, Өмірден қорғалақтама, 



Қорғалақтама,  

                         

бекерге қалбалақтама! 

Қорыққаныңмен қоймайды тура келсе Ажал, 

Қарамайды Ажал – ешқашан сорға, баққа да! 

 

Қарамайды Ажал – жалғызға,  



                                                  

жалқыларыңа, 

Қармағаныңа қарамай, қамтығаныңа, 


Бәрін де Ажал тып-типыл теңестіреді, 

Шашылып кеше, шайқалып, шалқығаныңа! 

Байлыққа, баққа, беделге сөзге ермейді Ажал, 

Қапыда кілең... қайырылып кез келмейді Ажал... 

 

 

АЙҒА АТЫЛМА! 



(әзіл) 

Көз сұғыңды қадама жас балаға, 

Кездесерсің кездейсоқ масқараға. 

Өз теңіңнен іздесей махаббатты, 

«Алла асыраған пендесі аш бола ма?..» 

 

Көз сұғыңды қадама тәйірі алғырға, 



Тәйірі алғырды бекерге ойландырма. 

Өз теңіңнен іздесей махаббатты, 

Маймыл болма ойнаған айна алдында. 

 

Ажарың да жақсы ғой, айбатың да, 



Қалжыңың да тәп-тәуір… қайратың да. 

Адам биік секірмес өз бойынан, 

Арыстаным,  

                      

абайла, Айға атылма! 

 

* * * 

 

Әлди, әлди, әй, бөпем, 



Ақ бесігің жайлы екен. 

Періште перзент шаранам, 

Тамырыма исің тараған. 


 

Таланым болып өс, бөпем, 

Тәніме қуат қос, бөпем. 

Заман мен тағдыр түйінін,  

Адамдық армен шеш, бөпем. 

 

Ашық қой, бөпем, қабағың,  



Бес елі шығар таланың. 

Көшелі кемел заманың 

Әлдилесін, қарағым.  

 

Заманға ботам, сай болар, 



Ғарышқа барар, Ай барар. 

Жеті қат жерді зерделер, 

Әлемді шарлап айналар. 

 

Анасын бөпем ұмытпас, 



Кіндіктің қанын суытпас. 

Жер Анасындай бөпемнің 

Жүрегін ешкім жылытпас. 

 

Азамат болар ақ бөпем, 



Адамзат үшін бақ па екен. 

Ұмытпа, бөпем, бесігің 

Тұғырға да тең, баққа тең. 

 

Ақ сүтті ботам, ақтарсың, 



Келешек кием – сақтаушым! 

Сүтіммен сіңген махаббат 

Сүйегіңменен сақталсын. 


 

Адамға бесік – жұмыр Жер, 

Саған да бесік – жұмыр Жер. 

Бесігің сынды, ақ ботам

Тербетіп сені дірілдер. 

 

Заманың бір күн келгенсін, 



Өзің де бесік терберсің. 

Махаббатыммен, ақ ботам, 

Аналық әлди дем берсін. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет