Ылым министрлігі



бет13/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85
2 сұрақ. Статистикалық бақылаудың нәтижесінде жиналган бастапқы мәліметтер жан-жақты тексеруден өтеді. Онда бақылауға жататын бірліктердің толық қамтылғандығы, көрсеткіштердін, дұрыс толтырылғандығы мен салыстырмалылы, есептегендігі және т.б. қарастырылады. Бірақ, есеп беру немесе арнайы ұйымдастырылған бақылаудың қайсыбірін алсаң да, онда әр түрлі себептердің салдарынан қате кетуі мүмкін. Статистикалық қате деп нақты факті мен зерттеу нәтижессінің көрсеткіштері арасындағы сәйкессіздікті, айырмашылықты санамауды және түрлі себептерге қатысты болатын бұрмалаушылықты айтады. Статистикалық бақылау мәліметтеріндегі жіберілген қателер репрезентативті және тіркеу кезіндегі қате больш екі түрге бөлінеді.
Репрезентативті қате тек ішінара бақылау жүргізгенде ғана кездеседі. Бұл - жалпы жиынтық қорытындысын ішінара бақылау жиынтықтары толық қалпында көрсете алмаушылығы деген дұрыс.
Тіркеу кезіндегі жіберілеіін қате. Бұл - әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне әсерін тигізетін фактілердің дұрыс анықталмауы салдарынан туатын қате. Бұл қателік дұрыс жазбағандықтан, тіркеуді дұрыс жүргізбегендіктен, бұрмалау мен қате есептеудің салдарынан пайда болады. Оның өзі фактінің біртектілігіне орай квздейсоқ же­не жуйвлі түрде жіберілген қame больш екіге бөлінеді.
Кездейсоқ жіберілген қате. Ол әр түрлі себептердің әсерінен артықты-кемді қателікке ұрынуы ықтимал. Бұл - не азайтыльш, не көбейтіліп жазылу деген ұғым. Ол арнайы мамандығының жоқтығынан, шаршап-шалдығудан, жұмысқа атүсті салдыр-салақ қараудан болады. Мысалы, бір бағананың көрсеткішінің мүлдем басқа, екінші бағанаға ауыстырылып жазылуы немесе 43 жастың орнына 33 немесе 53 жас деп қате көрсетіліп кетуі мүмкін.
Егер статистикалық бақылау жиынтығының көлемі көп болатын болса, онда кездейсоқ жіберілген қате оның жалпы қорытындысына ешқандай әсерін тигізбейді. Себебі, жалпы жиынтықты есептегенде кездейсоқ жіберілген кателер бірінің орнын бірі толтырып отырады.
Жүйелі түрде (ұдайы) жіберілетін қате. Мұнда көрсеткіштер белгілі бір себептерге қарай біржақты бұрмаланып, яғни көбейтіліп, не кемітіліп жазылады. Бұл есеп жұмыстарын жүргізу кезінде өте қауіпті және оның нәтижесі жалпы жиьштыққа кері әсерін тигізеді. Жүйелі түрде ұдайы жіберілетін қате қасақана әдейі жіберілген және абайсызда жіберілген больш екіге бөлінеді.
Абайсызда, байқаусызда жіберілетін қате қастандықпен, жиі жасалынбайды. Ол қателік сұралушы адамдардың дұрыс жауап бермеу салдарынан жіберілуі мумкін. Мысалы, халық санағы кезінде адамдардың көпшілігі өздерінің жастарын дөңгелек сандар арқылы көрсетеді. Сұралушы адам 39 немесе 41 жаста болғанмен, өзін 40 жастамын деп айтуы кездеседі. Соның салдарынан 40 жастағы адамдардың саны 39 және 41 жастағылардан көп болып шығады. Сондықтан да санақшылар санақ кезінде халықтың жас мөлшерін дұрыс анықтау үшін адамдардың туған жылын бөлек, айын бөлек бағанаға жазьш, анық-қанығын айқындайды.
Қасақана немесе әдейі жіберілетін қате. Бұл - алдын-ала ойластырылған (саналы түрде), көбейтіп немесе кемітіп жазу арқылы жасалынған қателер.
Әдейі жіберілген қате есеп беру формаларында жиі кездеседі. Мысалы, кәсіпорындар мен мекемелердің өздері өндірген өнімдерінің көлемін кемітіп, ал жұмыс көлемін арттырып немесе қоймадагы бағалы заттардың, шикізаттардың мөлшерін есеп беру формаларында азайтып көрсету фактілерін атап айтуға болады. Мұндай қателердің жіберілуі көбіне-көп өлшеу аспаптарының дұрыс болмауынан, тіркеушілердің, санақшылардың тіркеу немесе санақ қағаздарындағы сұрақтардың мәнін толық түсінбеушілігінен және т.б. себептерден туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет