Ылым министрлігі


Дәріс 5: Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау



бет16/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85
Дәріс 5: Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау.

  1. Статистикалық мәліметтерді жинақтау мазмұны мен міндеттері.

  2. Топтау әдісі. Топтаудың түрлері

  3. Статистикалық топтау мен жіктемелерді құру қағидалары

  4. Статистикалық таратпа қатарлары




  1. Статистикалық кестелер туралы жалпы түсінік, құрастыру қағидалары мен негізгі элементтері.

Дәрістің мақсаты: Статистикалық зерттеудің екінші кезеңі жинақтау және топтаудың ерекшеліктерін және түрлерін ажырата білу. Топтау кезінде қолданылатын формулаларды тәжірибеде қолдана білу.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: статистикалық жинақтау, жай жинақтау, күрделі жинақтау, статистикалық топтау, бір үлгідегі типтік топтау, құрылымдық топтау, тадаулық топтау, жай топтау, күрделі топтау, қайта топтау.


Дәрістің конспектісі
1 сұрақ. Статистистикада зерттеу жұмыстары үш кезеңге бөлінеді:
- статистикалық бақылау
- статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау
- статистикалық мәліметтерді қорытындылау,талдау.
Статистикалық мәлiметтердi жинақтау — статистикальқ зерттеудiң екiншi сатысы больп табылады жене ол әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердiң өзгерiсiн зерттеуде шешушi рөл аткарады. Бұның негiзгi мақсаты — статистикалық бакылау нәтижесiнде жиналған мәлiметтерге қорытынды жасау.
Бастапқы алынған мәлiметтердi жинақтауды дұрыс ұйымдастыру аса күрделi және жауапты іс болып саналады. Себебi каншама бай, толъқ материалдар жиналғанымен, жинақтау жұмыстары дұрыс ұйымдастырылмаса, ғылыми жүйеде өңделмесе, онда ол өзiнің мағынасън жоғалтады. Іс жүзiнде кұнсызданады жене одан нәтижелi талдау қорытындылары жасалынбайды. Сондықтан, статистикальқ баылаудьң нәтижесiнде жиналған мәлiметтердi дұрыс жинақтап, өңдеудiң әлеуметтiк-экономикалык маңызы өте жоғары.. Сол үшін алдын-ала мәлiметтердi жинақтаудың жоспары жасалады. Онда, негiзiнен, жинақтау кезiнде кiмдердiң қандай жұмыс атқаратындығы және оның қашан, кай уақытта орындау қажеттiгi толық карастырылады. Сонымен бiрге жиналған мәлiметтердi өңдеу тәсiлдерi анықталып, кестелердiң үлгiлерi жасалынады. Статистикалық мәлiметтердi жинақтау жай және күрделi болып екігебөлiнедi.
Жай жинақтау дегенiмiз - жиналған материалдарды топқа бөлмей, қорытынды керсеткiштерiн есептеу. Бұл - жинақтаудың ең жеңiл түрi және ол жиналған мәліметтердiң керсеткiштерiн қосу арқылы есептеледi. Мысалы, республикамыздағы студенттердiң жалпы санын анықтау үшiн барлық жоғары оқу орындарындағы оқитын студенттердiң санын есепке алып, қосамыз.
Күрделi жинақтау дегеніміз алдын-ала жасалынған бағдарлама бойынша жиынтық бiрліктерiн топқа бөлу және әрбiр топ бойынша сол жинақтардың жалпы мөлшерiн есептеп шығару. Мысалы, республикамыздағы студенттердің жалпы санын мамандықтары бойынша анықтау керек болса, онда әрбiр жоғары оқу орындарында оқитын студенттердi мамандықтарына қарай қосу аркылы есептеймiз жене т.с.с.
Статистикалық мәлiметтердi жинақтау екi түрлi жолмен ұйымдастырылады. Ұйымдастырудың бiрiншi жолы — барлық мәлiметтердi бiр орталыққа жинап, осында қорытынды жасау. Мысалы, баланың тууы, адамның өлуi, некелесу жене ажырасу туралы есептеулердi алуға болады. Ұйымдастырудың екiнші жолы алғашқы мәлiметтер төменгi сатыдағы мекемелерде жинақталып, қорытынды мәлiметтер жоғарғы сатыдағы мекемелерге тапсырылады.
Сонымен, жалпы алғанда, статистикакалық жинақтау деп, бақылау нәтижесiнде жиналған бастапқы мәлiметтердi ғылыми жүйеде өңдеудi және жиынтық бiрлiктерiн өздерiне тән белгiлерi бойынша топқа бөлiп, қорытынды корсеткiштердi есептеудi айтады. Демек, мәлiметтердi жинақтау жұмыстары көптеген аса күрделi есептеу тәсiлдерiн колдануды талап етедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет