Ылым министрлігі


Дәріс 6: Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау



бет19/85
Дата02.03.2023
өлшемі1,66 Mb.
#71225
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85
Дәріс 6: Статистикалық мәліметтерді жинақтау және топтау.
1. Статистикалық кестелер туралы жалпы түсінік, құрастыру қағидалары мен негізгі элементтері.


Дәрістің мақсаты: Статистикалық зерттеудің екінші кезеңі жинақтау және топтаудың ерекшеліктерін және түрлерін ажырата білу. Топтау кезінде қолданылатын формулаларды тәжірибеде қолдана білу.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: статистикалық жинақтау, жай жинақтау, күрделі жинақтау, статистикалық топтау, бір үлгідегі типтік топтау, құрылымдық топтау, тадаулық топтау, жай топтау, күрделі топтау, қайта топтау.


Дәрістің конспектісі
1 сұрақ. Статистикалық кесте дегеніміз - сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану. Статистикалық кестенің екі элементі: бастауышы мен баяндауышы бар. Бастауыш дегеніміз - зерттелетін объектіні, сандарды суреттейтін статистакалық жиынтық немесе оның топтастырылған бірліктері. Бастауыш кестенің сол жағына орналасады және жолдардың мағынасы ретінде беріледі. Баяндауыш дегеніміз — зерттеліп отырған объектінің сандық көрсеткіштермен сипатталуы немесе толық мазмұндалуы. Баяндауыш кестенің оң жағына орналасады және бағаналардың аты ретінде беріледі.
Кесте құрастырудың негізгі ережелері бар: кестенің жоғарғы жағында оны нақты аты жазылып, бастауыш пен баяндауышын дұрыс жазып толтыру, яғни сөздерін толық беру қажет. Бірақ, жолдарда, бағаналарда көрсетілген, көрсеткіштердің қай уақытта, қай жерден алынғаны, өлшем бірліктері көрсетілуі тиіс. Егер өлшем бірліктерін жазғанда, бір өлшемнің ғана аты берiлген болса, онда оны кестенiң жоғарғы жағына атынан кейін жазуға болады, ал өлшем бірліктері р түрлі болатын болса, онда оларды кестенің бастауышынан кейін бөлек бір бағана етіп көрсету қажет.
Кейбір жағдайларда кестенің бағаналары көп болатын болса, онда бастауышты әріппен, ал баяндауышты санмен көрсетеді. Еске сала кететін бір жай, кестенiң бастауышы мен баяндауышы ете көп болып берiлмеуі керек. Себебі, кестенiң көлемі неғұрлым көп болатын болса, соғұрлым оның оқылуы қиындап, дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, керекті көрсеткіштерді жеке кесте арқылы көрсетуге тырысқан жөн.
Кестеде есептелінген мәліметтер берілген болса, онда түсіндірме, ал ерекшелігі бар көрсеткіштер үшін қайдан алынғаны туралы сілтеме, ескертпе берілуі тиіс.
Бастауштың құрылысына қарай статистикалық кестелер жай, топтық және күрделі болып үш түрге бөлінеді
Жай кесте. Бастауыш бір ғана белгі арқылы бөлініп, процестер, қүбылыстар, объектілер аттары көрсетілсе, ондай кестені статистикалық жай кесте дейміз, Жай кестенің үш түрі болады. Олар: тізімдік, территориялық және хронологиялык (мезгілдік).
Тізімдік жай кесте бастауышында зерттелетін объектінің тізімі беріледі. Кесте бастауышында зерттелетін аймақтың (ауданның, облыстың) тізімі берілген болса, онда оны аймақтық жай кесте деп атайды. Кесте бастауышында уақыт мерзімі (жыл, тоқсан, ай, күн), ал баяндауышында сапдық көрсеткіштер берілетін болса, онда оны хронологиялық жай кесте деп атаймыз
Көп жағдайда уақыт мерзімі кестенің бастауышында емес, баяндауышында керсетілетін болса, онда ол хронологиялық жай кесте болмайды. Мысалы, кесте бастауышында облыстардың немесе аудандардың аттары, ал баяндауышында уақыт мерзімі бойынша көрсеткіштері көрсетілген болса, оңда ол хронологиялық тізімді кесте дейміз. Демек, жоғарыда көрсетілген жай кестелердің өзі көптеген қызықты мәліметтер беріп, белгілі бір қорытынды жасауға тікелей көмегін тигізеді.
Топтық кесте. Кесте бастауьшы топталған белгінің негізінде қүрылған болса, онда оны топтық кесте дейміз, Яғни топтық кесте берілген көрсеткіштерге топтастыру әдісін қолдану арқылы жасалады.
Құрама кесте. Мұнда кестенің бастауышында келтірілген құбылыстар екі немесе одан көп көрсеткіштер бойынша топталып, ал әр топ өзара тағы да басқа бір белгілері бойьшша жеке бөліктерге бөлінеді. Мысалы, халықтар санын қала және ауыл тұрғындары деп бөлсек, ал оларды білімдері, ұлттары немесе жас құрамдары бойынша тағы да бөлуге болады. Сондықтан, құрама кестенің негізіне құрама (күрделі) топтау жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет