Кестенің үшінші бағанадағы көрсеткіштер қосындысьш қолдану арқылы (арифметикалық орташа шаманың формуласы бойынша) орта есеппен бір жүмысшыға шаққандағы еңбекақы мөлшерін анықтаймыз және ол 2500 теңгеге тең болды.
тенге
Демек, арифметикалық орташа шама салмақталған түрмен анықталса, онда орташа сызықтық ауытқу да салмақталган түрде болады және ол мына формула бойынша есептелінеді:
= 19000/100= 1900 тенге
Сонымен орташа сызықтық ауытқуды жай және салмақталған тәсілмен есептеу жолдарын 1 мен 2 кестелерде қарастырдық. Бірақ, статистикада бұл көрсеткіш сирек қолданылады, себебі мұнда математикалық таңбалар есепке алынбайды. Сол себепті осынау кемшіліктерді жібермеуге және сандық қатарлар белгілерінің ауытқу мөлшерін айқын көрсету үшін өзгерме көрсеткіштерінің басқа түрлерін пайдаланамыз. Оның ішінде ең жиі қолданылатын түрлері мыналар-шашыранды (дисперсия) мен орташа шаршылық ауытқу.
Шашыранды немесе дисперсия деп әрбір қатардағы белгінің (х) жеке мәнінен арифметикалық орташа шаманы алғандағы айырмаларды (х- ) екі ece дәрежелеп (х- )2 және бір-біріне қосып, одан шыққан ауытқу қосындыны белгі саньша (п), немесе дәрежеленген ауытқу көрсеткіштері жиіліктеріне (f) көбейтіп, оның қосындысын ∑ (х- )2 f сол жиіліктің жалпы жиынтыгъша (f) бөлгеннен шыққан бөліндіні айтады.
Шашырандының анықтамасын қысқарған түрде былай айтуға да болады: орташа сызықтық ауытқудың алымындағы жақша ішіндегі көрсеткіштерді дәрежелеу.
Статистикада шашыранды гректің σ2 (сигма шаршы) -әрпімен белгіленеді және мына формула бойынша есептелінеді:
жай түрі
салмақталған түрі
Енді 1 және 2-кестелердің соңғы бағаналарындағы көрсеткіштерді қолдана отырып, шашырандыны жай және салмақталған тәсілмен есептейміз.
= 940000/5=188000тенге
= 5000000/100=50000тенге
Шашыранды әрқашанда орташа сызықтык ауытқудан артық болады. Себебі ауытқу көрсеткіштері дөрежеленген.
Статистикада шашыранды көптеген әлеуметтік-экономикалық керсеткіштерге талдау жасау үшін қолданады. Бірақ, есептеу тәсілдерінің бір-біріне сәйкес болмауына байланысты шашырандыны арифметикалық орташа шамамен салыстыруға болмайды. Оны салыстыру үшін шашырандыны түбірге аламыз, ягни орташа шаршылық ауытқуды анықтаймыз.