Дәрістің мақсаты: Статистикалық қорытындылаушы көрсеткіштердің ең көп тараған түрі индекстер туралы толық ақпараттар алу. Олардың түрлерінің ерекшеліктерін қарастыру және әрқайсысының мәні мен маңыздылығын ашып көрсету.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:индекс, индекстік әдіс, жеке индекстер, жалпы индекстер, агрегатты индекстер, тұрақты индекстер, өзгермелі құрамды индекстер.
Дәрістің конспектісі 1 сұрақ. Агрегатты деген сөз латынның «aggrego» деген сөзінен шыққан, қазақшада «қосамыз» деген сөзден шыққан. Мұнда қарастырылып отырған индекстердің алымы мен бөлімі екі көрсеткіштің, яғни сандық және сапалық көрсеткіштердің қосындысына тең. Агрегатты индекстерді есептеу кезінде индекстелетін және оларды салмақтайтын нақты шамалары, яғни сатылған тауарлардың немесе өндірілген өнімдердің саны олардың бағасы мен өзіндік құны және т.б. көрсеткіштері белгілі болу керек.
Тауар айналымының жалпы индексін қарастырайық.
Iqp = ∑q1*p1 /∑ q0*p0 Тауар айналымының көлемдік жалпы индексі
Iq = ∑q1*p0 /∑ q0*p0 Бағаның жалпы индексі:
Ip = ∑q1*p1 /∑ q1*p0 кейде бұл индексті Пааше индексі деп те атайды.
Статистикада осы үш индекстің арасында байланысты келесі түрде жазамыз:
Iqp = Iq * Ip ∑q1*p1 /∑ q0*p0 = (∑q1*p0 /∑ q0*p0 )*(∑q1*p1 /∑ q1*p0)
2 сұрақ. Бірақ, кейбір жағдайларда бұл көрсеткіштердің сандық және сапалық мәндері белгісіз болып оның орнына өткен мерзімдегі тауар айналымы, өндірілген өнімге жұмсалған жалпы шығын және сатылған тауардың көлемі мен оның әр данасының бағасы немесе өзіндік құны процент есебімен, өзгерген қалпында берілуі мүмкін. Мұндай жағдайда олардың өзгерісін анықтау үшін жеке индекстер бойышна есептелген көрсеткіштерді қолдана отырып, агрегатты индекстерді орташа индектсерге түрлендіреміз. Жеке индекстерді қолдан себебіміз агрегатты индестер арқылы есептелген көрсеткіштер жеке индекстердің орташа көрсеткіші болып табылады.
Экономикалық біртектес құбылыстар мен процестердің сапалық өзгерісін, сол көрсеткіштердің орташа дәрежесін салыстыру арқылы сипаттайды.
Сапа бойынша орташа дәрежесінің өзгеруі осы көрсеткіштің өзінің және жиынтық құрамының өзгеуіне байланысты болады. Мысалы, біртектес дақылдардың орташа өнімділігінің өзгерісі осы дақылдардың әрқайсысына өнімділігі мен егіс көлемінің өзгеруіне, яғни өзара байланысын екі еселейтін әсерінен болғандығы байқалады.
Статистикада агрегаттық индекстерді орташа индекстерге түрлендіру арифметикалық және үйлесімділік (гармониялық) тәсілдермен жүргізіледі.