2 сұрақ. Біртектес құбылыстардың екі уақыт аралығындағы нақты көрсеткіш шамаларының қатынасын жеке дара индекстер деп атайды. Мысалы, ағымдағы және базалық уақыттағы өндірілген өнімнің көлемін, бағасын, өзіндік құнын және тағы да басқаларын салыстыру арқылы қаншаға өзгергендігін есептеуге болады. Тікелей салыстыруға және қосуға келмейтін элементтерден тұратын, күрделі қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгерісін жалпы индекстер деп атайды.
Статистикада жеке дара индекстер латынның кіші «i» әрпімен белгіленеді. Зерттеу зерзатының белгісіне қарай, нені зерттейтіндігіне қарай, яғни енеі зерттейтіндігіне байлансты индекстік белгінің оң жағына оның таңбасы қатар жазылады. Жеке индекстер статистикалық қорытындылаушы көрсеткіштер ретінде ісжүзінде жиі қолданылады. Себебі жеке индекстер қатысты шамалар сияқты біртектес құбылыстың екі кезеңдегі өзгеру дәрежесін, онымен салыстыратын уақыттың мәніне бөлу керек.
Жеке дара индекстер төменде берілген формулалар бойынша анықталады:
а) өнім көлемінің жеке дара индексі
iq = q1 /q0 q1,q0 - өнімнің ағымдағы және базалық мезгілдегі көлемі
б) өнімнің өзіндік құнының жеке дара индексі
iz = z1 /z0 z 1 , z0 - өнімнің ағымдағы және базалық мезгілдегі өзіндік құны
Егер қатар дәрежелері уақытына байланысты бірнеше кезеңнен тұрып, ал олардың ағымдық мезгілдегі әрбір дәрежесі оның алдыңғы уақытта тұрған шамасымен салыстырған болса, онда оны өзгермелі немесе тізбекті индекстер деп атайды және ол статистикада былай жазылады:
iq = q1 /q0 , q2 /q1 , q3 /q2 және т..с.с
Егер қатардың әрбір дәрежесін белгілі бір тұрақты базалық кезеңнің мәнімен салыстыратын болсақ, онда оны базалық индекстер деп атайды және ол статистикада былай жазылады:
iq = q1 /q0 , q2 /q0 , q3 /q0 және т..с.с
Егер базалық және тізбектік индекстер бір мезгілді құбылыстарды қарастыратын болса, онда олар бір бірімен өзара байланысты болады. Егер 2005-2010 жж қарастырсақ:
iq = q1 /q0 * q2 /q1 * q3 /q2 * q4 /q3 * q5 /q4 = q5 /q0
Мұндағы q1 /q0 , q2 /q1 , q3 /q2 - тізбекті индекстер
q5 /q0 - базалық индекс
Сол сияқты соңғы базалық индекстерді алдыңғы қатардағы базалық индекстерге бөлу арқылы тізбекті индекстерді аламыз.
q5 /q0 : q4 /q0 = q5 /q4 ; q4 /q0 : q3 /q0 = q4 /q3 т.с.с.
q5 /q0 ; q4 /q0 ; q3 /q0 - базалық индекстер
q5 /q4 ; q4 /q3 - тізбекті индекстер
Кесте 1 – 2005-2010жж арасындағы мұнай өндірісі көлемі
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
2014
|
2015
|
Өндірілген мұнай, мың т
|
22839
|
23684
|
24461
|
25556
|
25388
|
25220
|
Базалық индекстер
|
1,0
|
1,037
|
1,071
|
1,119
|
1,112
|
1,104
|
Тізбектік индекстер
|
1,0
|
1,037
|
1,033
|
1,045
|
0,993
|
0,993
|
Тікелей салыстыруға келмейін және қосуға болмайтын элементтерден тұратын, күрделі қоғамдық құбылысытардың уақытқа байланысты өзгерісін жалпы индекстер деп атайды. Статистикада жалпы индекстерді латынның үлкен «I» әріпімен белгілейді және нені зерттейтіндігіне байланысты осы белгінің төменгі оң жағына оның таңбасы бірге қосылып жазылады, яғни оны былай көрсетуге болады. Егер жиынтық бірліктері жеке бөліктерден немесе жеке топтардан тұратын болса, онда оларды топтық индекстер деп атайды. Мысалы, ауылшаруашылығы өнімдері жалпы индекске, ал егін және мал шаруашылығы өнімдері оптық индекстерге жатады. Есептеу әдістемесіне байланысты жалпы немсе топтық индекстер агрегаттық және орташа индекстер деп бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |