Сонда Кконт= 70*4-20*6 / √(70+6)(6+4)(70+20)(20+4) = 280-120 / √76*10*90*24 =160/1281=0,125
Бұл коэффициенттен жұмысшылардың жыныстық тобы мен өнім өндіру мөлшерін орындайтындар арасында өзара байланыс төмен, яғни тіпті жоқ екендігі байқалады.
Кконт де Кас сияқты –1 ден +1 –ге дейінгі мәнге өзгереді, бірақ ассоциация коэфициентінен әрқашанда кіші болып келеді.
Теориялық корреляциялық қатынас. Икемділік коэффициенті. Сызықтық емес байланыстар
Көп факторлы корреляциялық регрессиялық талдау.
Дәрістің мақсаты:Қоғамдық құбылыстардың байланыстылығын статистикалық зерттеудің мәнісін, функционалдық және корреляциялық байланыстар, байланыс тығыздылығының көрсеткіштерін, бір факторлы және көп факторлы корреляция-регрессиялық талдауды үйрету.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:функционалдық және корреляциялық байланыс, рангілі корреляция коэфициенті, Спирмэннің коэфициенті, тура байланыс, кері байланыс, түзу және қисық сызықты байланыс, Фехнер коэфициенті, корреляциялық қатынас әдісі.
Дәрістің конспектісі 1 сұрақ. Қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгеруін және бір біріне тәуелділігін, яғни нәтижелі белгі мен факторлы белгі арасныдағы байланыс тығыздығын зерттейтін бірден-бір көрсеткіш – корреляциялық қатынас әдісі.
Коррекциялық қатынас депқатысты шаманы айтады және оны математикалық статистикада гректің ŋ (эта) әрпімен белгілейді. Мұнда шашыранды қосындысының ережесін (G2=δ2+Ĝ) негізеге алып, топаралық шашырандының (δ2) жалпы шашырандығы (G2) қатынасы қарастырылады, оны ғылымда төмендеу (детерминация) коэфициенті деп аталады. Төмендеу коэфициенті мына формула бойынша есептеледі: