Дәріс 24. Халық және еңбек ресурстарының статистикасы. 1. Халық құрамы мен саны
2. Халықтың табиғи және механикалық қозғалысының көрсеткіштері.
Дәрістің мақсаты:Халық статистикасының негізгі міндеттері мен мақсаттарын көрсету, теориялық біліммен қатар қазіргі кезде республикамызда орын алған халық туралы мәліметтерді студенттерге беру. Сонымен қатар еңбек ресурстары туралы ақпараттармен студенттерді қамтамасыз ету, оның ерекшелігін, көрсеткіштерінің жүйесін анықтау.
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:халық саны, миграция, халық статистикасы, еңбек ресурстары
Дәрістің конспектісі 1 сұрақ. Халық құрамы жынысына қарай әйел адамға, ер адамға бөлінеді. Олардың арасында жыныстық құрылым қалыптасады. Ол демографиялы, әлеуметтік-экономикалық факторлар ықпалымен қалыптасады. Жыныстық құрылымның сандық сипаттамасы үші абсолютті және қатысты көрсеткіштер қолданылады. Абсолютік көрсеткіштерге әйел және ер адамдар саны жатады. Қатысты көрсеткіштер: халықтағы ерлер мен әйелдердің үлесі; 100 әйелге келетін ерлер саны (керісінше), әйел санының ерлерден артық қатысты салмағы. Егер үлестік салмақ 1% болса маңызды емес диспорция, ал 1-3 % орта , 3% көп жыныстық құрылымдық диспорция болады.
Жыныстық құрылымды статистикалық зерттеу өндірістік күшттердің дамуы мен орналасуын зерттегенде, еңбек ресустарының балансын жасағанда, табиғи қозғалыс заңдылығына және халықтың ұдайы өндірісінің зерттеуінде өте үлкен мағынаға ие болады. Халықтың жас құрамы статистикалық есеппен зерттеледі. Ол халықты жас топтары және контингенттер бойынша бөлінеді. Халықтың жастық құрамы бір, бес, кейде он жылдық аралықпен топтасуымен сипатталады. Жеке жастық этаптарды бөліп көрсету үшін жас классификациясы қалданылады. (мектептік контингент, сайланушылар контингенті, еңбекке жарамды жастағы контингенттер т.б. ).
Көпшілік құбылыстардың кейбір заңдылықтары туумен өлу процесін зерттегенде ашылған, сондықтан халық статистикасы – ежелгі ғылым. Қазір ол әлемдік статистиканың бір саласы. Халық - демографияның зерттеу нысанасы, демография халықтың тарихи, саяси, экономикалық, әлеуметтік,заңды, медициналық аспектісінде дамуының жалпы заңдлықтарын белгілейді. Оның абстрактілігі - аналитикалық әдістерді қолданылуы. Халық статистикасы өз пәнін нақты бір уақытта, жерде зерттейді әр халықтың табиғи, әлеуметтік, механикалық қозғалысы анықталады.
Миграция дегеніміз - халықтың территориялық орын ауыстыруы. Халықтың әлеуметтік қозғалысы дегеніміз - халықтың өмірінің әлеуметтік шарттарының өзгеруі.
2 сұрақ. Халық статистикасы дегеніміз - қадағалау бірлігі және адам, жанұя, үй шаруашылығы болуы мүмкін, ал нысанасы ретінде зерртеуші алдындағы мақсат пен міндеттерге байланысты әр түрлі жиынтықтарды сипаттайды (балалар, жастар, еңбекке жарамдылар, әйелдер, еркектер.т.б)
Халық статистикасының маңызды міндеттері:
халық санын анықтау және аймақ бойынша орналасуын анықтау.
ерекше белгілеріне байланысты халқ құрамын зерртеу.
халықтың табиғи қозғалсын зерттеу (өлу,туу,некеге тұру,ажырасу )
халық миграциясын зерттеу.
халықтың әлеуметтік әкономикалық жағдайының сипатталуы.
халық саны мен құрамының болашақтағы болжамы.
Халық санының туу мен өлуге байланысты өзгерісін табиғи қозғалыс деп аталады. Оны сипаттайтын көрсеткіштер: Осылардың барі халық санына тікелей не жанама әсер етеді. Туу, өлу, некеге тұру айырылысу,т абиғи өсімнің абсолюттік көрсеткіштерін салыстыру демографиялық үрдістері жайлы нақты бір қорытынды жасауға мүмкіндік береді, ал халықтың табиғи қозғалысының абсолюттік көрсеткіші туу, өлу деңгейне т.б. сипаттай алмайды Себебі олар халықтың жалпы санына тәуелді, сондықтан демографиялық жағдайды талдау тәжіри бесінде 1000 адамға есептелетін (%-пайызға) таби қозғалыстың қатысты көрсеткіштері кеңінен қолданылады.Туу коэффиценті бір жылда туғандар санын (N) халықтың орташа жылдық санына қатынасынан алуға болады.
Ктуу = ∙ 100
Халықтың ұдайы өндірісін бөлшектеп сипаттау үшін жеке коэффиценттер қолданылады, оның ішінде фертильділік көрсеткіші.Ол туғандар санының 15-45 жас әйелдердін орта санына қатынасымен анықталады.
К арн.Туу = ∙ 100 (S(15-45) –фертильділік жас)
Бұл көрсеткіш туу туралы нақты көрініс береді,себебі туылғандар саны халықтың бәрінен емес,тек ұдайы өндіріс процесіне қатысы бар белгілі бір континентпен салыстырылады.Өлу коэффиценті бір жылда өлгендер санының (M) халықтың орташа жылдық санына бөлеміз.
Көлу = ∙100
Нәрестелердің өлімін зерттеу маңызды болып табылады.Сол себепті нәрестелер өлімнің коэффиценті есептеледі.Ол бір жылға дейін (m)жаста өлген сәби санының жалпы туылғандар санына қатынасымен есептеледі,бірақ ағымдық жылда 1- жасқа дейінгі өткен жылы туған балалар өлуі мүмкіндігін ескеру қажет.
Халықтың жалпы миграциялық өсім (миграциялық интенсивтілік), берілген тұрғылықты, жергілікті жерге көшіп келген адамдар саны мен берілген тұрғылықты жерден көшіп кеткен адамдар санының айырмасымен анықталады.
Миграциялық өсімнің немесе миграциялық интенсивтіліктің коэффициенті: