Ылмыстар институты


Осы тұлғалардың әрекетін саралаңыздар



Pdf көрінісі
бет19/31
Дата25.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#59475
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Осы тұлғалардың әрекетін саралаңыздар. 
3 тапсырма 
Сәбитов пен Тұрсынов «Водоканал» мекемесінің кассирі Ахметовты 
банк бөлімшесінен шығып келе жатқанда кездестіріп, одан 200 000 теңге 
талап етеді. Ол талапты орындаудан бас тартқан соң, Сәбитов пен Тұрсынов 


74 
жақын маңда орналасқан үйдің ауласына күштеп апарып сөмкесін тексереді. 
Бірақ осы уақытта оларды полицейлер байқап қалып , ұсталады. 
Алдын ала тергеу органдары кінәлілердің әрекеттерін ҚР. ҚК 177б. 
сәйкестендіріп саралады. 
Егер де Сәбитов пен Тұрсынов Ахметовтың денсаулығына зиян 
келтірсе, саралау түрі өзгерер ме еді? 
ҚК –тің 177 бабында көрсетілген қылмыстардың объективтік 
жағының белгілеріне талдау жасаңыз және жоғарыда аталған 
айыптылардың әрекеттеріне баға беріңіз. 
4 тапсырма 
Туристік топ мүшелері: Селезнев, Архипов, Болдыров орманда 
сөнбеген отты қалдырып кетеді. Соның салдарынан өрт пайда болып, 20га 
орман жанып кетеді. 
Бұл туристер қылмыстық жауапкершілікке тартылады ма? 
Егер де сөнбеген оттан орман жанбағанда сұрақтың шешімі өзгерер 
ме еді? 
5 тапсырма 
Есімов 
пен 
Сұлтанов 
тиым 
салынған 
әдістермен 
балық 
шаруашылығының тауар өндіру аумағынан 500 келі балық аулайды.
Осы тұлғалардың жауапкершілігі қалай анықталады? 
Егер олар табиғи су қоймасынан балық аулағанда онда олардың 
әрекетін саралау өзгерер ме еді? 
 
6 тапсырма 
Қуатов өзінің әйелі мен Есетовтің арасындағы ашыналық қарым-
қатынасқа байланысты кек алу мақсатымен Есетовтің үйіне өрт қояды. Өрт 
кезінде аула алдындағы қосалқы құрылыспен бірге сақтандыру құны 500 000 
теңге көлеміндегі мүлкі жанып кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет