Ылмыстар институты



Pdf көрінісі
бет16/31
Дата25.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#59475
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
treatise9312

біріншіден, мұндай адамға, яғни иеленіп алу мен ысырап етудің кез-
келген субьектісі сияқты талан-тараждалған мүлік заңды негізде сеніп 
тапсырылған болуы тиіс; 
екіншіден, сеніп тапсырылған мүлікті талан-тараж ету мақсатында ол 
нақты өзінің қызмет бабын пайдалану керек. 
Мұндайда адамның қызмет бабы қандай болу керек деген сұрақ туады. 
Біздің ойымызша, қарастырылып отырған қылмыс құрамының субьектісі кез-
келген қызмет бабындағы, меншікке байланыссыз кез келген кәсіпорын, 
мекеме, ұйымның қызметіндегі адам бола алады. 
Тақырыпқа 
сәйкес 
республика 
бойынша 
қылмыстық 
істердің 
материалдарын зерттеулер мен арнайы әдебиеттерді талдау мынадай 
қорытынды жасауға әкеледі. Бұл жерде негізінен, бөтеннің мүлкін қызмет 
бабын пайдаланып иелену немесе ысырап етуде субьектілердің төрт санатын 
бөліп алуға болады: 
1. 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307- бабының 
ескертуінде түсінігі берілген лауазымды тұлғалар; 


63 
2. 
лауазымды тұлға болып табылмайтын өзге де мемлекеттік 
қызметкерлер; 
3. 
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 228 -бабындағы 
ескертуде түсінігі көрсетілген, коммерциялық немесе өзге де ұйымдарды 
басқару функциясын атқаратындар; 
4. 
өз қызмет бабын бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету үшін 
пайдаланатын коммерциялық және өзге де ұйымдардың қызметкерлері. 
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 307- бабының ескертуіне 
сәйкес, лауазымды тұлғалар деп тұрақты, уақытша немесе арнайы құзіретіне 
байланысты билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын, немесе 
мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы 
Күштерде, 
өзге 
де 
әскерлер 
мен 
Қазақстан 
Республикасының 
құрылымдарында ұйымдық - басқару немесе әкімшілік – шаруашылық 
қызметтерін орындайтын адамдар танылады. 
Тәжірибеде лауазымын пайдаланып Қазақстан Республикасы Қылмыстық 
кодексінің 307-бабында жауаптылық қарастырған қылмыс құрамының 
мазмұны мен бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету арқылы талан-
таражға салған лауазымды тұлғалардың қатысу жағдайы жөнінде белгілі бір 
даулар бар. Оны анықтау үшін біз мынаны назарға алуымыз керек, 
лауазымды тұлғаның өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп және 
ысырап ету арқылы талан-таражға салу үшін өзінің қызмет бабын 
пайдалануы бұл жерде мүліктік қылмыстың әдістерін де білдіреді, ал қызмет 
бабын асыра пайдаланып талан-тараж ету лауазымды қылмыс ретінде 
сипатталады. 
Бірінші жағдайда лауазымды тұлға өз қызмет бабын пайдалана отырып,
өндірістің технологиясын бұза отырып өзіне сеніп тапсырылған мүлікті өзіне 
иемденіп алады. Сондықтан мемлекеттік және қоғамдық қаражатты сол 
кәсіпорын, мекеменің әртүрлі комиссияларды, “меймандарды” қабылдау
үшін заңсыз жұмсалған лауазымды тұлғаның әрекеті бөтеннің мүлкін иеленіп 
алудың құрамын көрсетпейді. 
Сонымен қатар тәжірибеде бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету 
жолымен қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланып талан-тараж етудің
құрамы болып табылатын әрекеттерге дұрыс заңдық тұрғыдан баға бермеу 
жиі кездеседі. Осылайша, қылмыстық қол сұғушылықтан қорғалатын 
қылмыстық-құқықтық обьектілерді (меншік және қызметтік мүддені) 
шатастырады. 
Мысалы, Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының қылмыстық 
істер жөніндегі сот алқасы 2001 жылдың 3-ші сәуірінде Қарағанды қаласы 
Совет аудандық сотының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 
307-бабының 1-бөлігімен сотталған Ч-ның ісі бойынша 2000 жылы 26 
қыркүйекте шығарған үкіміне қатысты Қарағанды қаласы прокурорының 
орынбасарының шағымын қарады. 
Ч. коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның Қарағанды қаласының Совет 
ауданындағы аудандық басқармасының коммуналдық шаруашылығының 
басшысы бола тұрып, қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін жаза 


64 
тағайындалып сотталды. Көбінесе ол өз қызмет бабын пайдаланып өзіне 
сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алған. 
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы өз қызмет бабын пайдаланып 
жасаған лауазымды тұлғаның әрекеттерін Қазақстан Республикасы 
Қылмыстық кодексінің 307- бабының 1- бөлігіне сәйкес емес, 176- бабының 
2- бөлігінің “в” тармағымен саралауы керек деп көрсетті, өйткені өзіне сеніп 
тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу және ысырап ету арқылы қызмет 
бабын пайдаланып талан-тараж етудің өзі кінәнің қасақаналығымен 
қамтылған. Ч-ның әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық 
кодексінің 307- бабының 1- бөлігінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық 
кодексінің 176-бабының 2 –бөлігінің “в” тармағымен қайта сараланды. 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176- бабының 2- 
бөлігінің “в” тармағына сәйкес иеленіп алу мен ысырап етудің субьектілеріне 
тек қана лауазымды тұлғалар ғана емес, лауазымды тұлғалар қатарына 
жатпайтын мемлекеттік және муниципалдық қызметшілер де жатады. 
Сот тәжірибесін талдаудан байқағанымыз, сеніп тапсырылған бөтеннің 
мүлкін иеленіп алу және ысырап ету арқылы талан-тараж етуде өз қызмет 
бабын тек лауазымды тұлғалар ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік және 
муниципалдық қызметкерлер және өзге де әр түрлі қызмет саласындағы 
қызметкерлер де пайдаланады. Бұл санатқа коммерциялық немесе өзге де 
ұйымдардың басшылық қызметіндегілер де жатады. Қазақстан Республикасы 
Қылмыстық кодексінің 228-бабының ескертуіне сәйкес, коммерциялық 
немесе өзге де ұйымдардағы басшылық қызметтегілер деп меншік 
формасына байланыссыз коммерциялық ұйымдарда тұрақты, уақытша 
немесе арнайы құзіретіне сәйкес ұйымдық-басқару немесе әкімшілік – 
шаруашылық міндеттерін атқарушыларды танимыз. 
Мұндай функцияларды мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару 
органы болып табылмайтын коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлері 
де атқара алады. 
Сонымен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176- бабының 
2-бөлігінің “в” тармағындағы қарастырылған қылмыстың субъектісі 
коммерциялық 
және 
өзгеде 
ұйымдардағы 
басқарушы 
қызметін 
атқармайтындардың барлығы бола алады. Олардың әрекеттерін сеніп 
тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету арқылы қызмет 
бабын пайдалана отырып талан-таражға салу деп топтастыру үшін тергеу 
және сот қызметкерлеріне әрбір нақты жағдайда осы адамдар қылмыс жасау 
үшін өз қызмет бабын қандай әдістермен пайдаланғанын нақты анықтау 
керек. Бұл кінәлі адамның қылмысты әрекеттеріне қатаң түрде 
нақтыландыратын қылмыстық-құқықтық нормалардың талаптарына сәйкес 
баға беруге мүмкіндік береді. 1997 жылғы Қазақстан Республикасының 
Қылмыстық кодексі бөтеннің мүлкін ерекше ауыр жағдайларда ұрлауды, 
қатаң жаза тағайындай отырып қарастырады. Мұндай, иеленіп алу және 
ысырап ету арқылы талан-тараж етудің ерекше саралаушы құрамы Қазақстан 
Республикасы 
Қылмыстық 
кодексінің 
176-бабының 
3- 
бөлігінде 
қарастырылған. Бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету арқылы талан-


65 
тараж етудің ерекше ауыр жағдайларына Қазақстан Республикасы 
Қылмыстық кодексі мыналарға нұсқайды: 
1. ұйымдасқан топ жасаған; 
2. ірі мөлшерде; 
3. ұрлық немесе қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан да көп 
рет сотталған адамның жасауы; 
4. мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген 
адам, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен қатар жасауы. 
Аталған ерекше ауыр жағдайлардың ішіндегі ең күрделісі және 
нақтылауды талап ететіні бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету 
арқылы “ұйымдасқан топтың” талан-тараждауы болып табылады. Бұл 
түсінік (“ұйымдасқан топ”) “адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы” 
деген түсінікпен ұқсас. Алайда, бұлар өте сәйкес келетін ұғымдар емес. 
Ұйымдасқан топ адамдардың алдын ала сөз байласуына қарағанда қылмысқа 
қатысудың (оның ішінде бөтеннің мүлкін талан-тараждауға қатысудың) 
ауырлау нысаны. Мұны әсте естен шығармауымыз керек. Заң шығарушы да 
осы әрекеттер үшін санкцияларды анықтағанда осы тұрғыдағы көзқараста 
болады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1996 жылғы 
25 шілдедегі “Бөтеннің мүлкін ұрлауды саралаудың кейбір мәселелері” деген 
қаулысында,“ұйымдасқан топ деп алдын ала қылмыстар тобын жасау үшін 
қасақана біріккен екі немесе одан да көп адамнан тұратын тұрақты топ 
танылады,-” деп түсіндіріледі. Алайда, ұйымдасқан топ (Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3- бөлігі “1” тармағы) 
бірнеше қылмыстарды емес бір ғана қылмысты жасау үшін ұйымдастырылуы 
мүмкін. Сондықтан да жаңа Қылмыстық кодекске сәйкес ұйымдасқан топ 
алдын ала сөз байласқан адамдар тобынан тұрақтылығы белгісі жағынан ғана 
ерекшеленеді. 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабының 3-
бөлігінің тармақтарына ұқсас, Қылмыстық кодекстің 176-бабының 3-
бөлігінің “2” тармағын қарастырайық. 
Иеленіп алу мен ысырап етудің аса ауырлататын тағы бір түрі– бөтеннің
мүлкін ірі мөлшердегі талан-таражға салу болып табылады. Бөтеннің
мүлкін ірі мөлшерде иелену мен ысырап ету деп қылмыс жасау сәтіне
байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
айлық есептік көрсеткішті бес жүзден асып түсетін мүліктің құны мен
залалдың мөлшері танылады. Осыған орай Қазақстан Республикасы 
Жоғарғы Соты өзінің 2003 жылғы 11 шілдедегі “ Бөтеннің мүлкін заңсыз 
иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірбиесі туралы” №8 қаулысында, 
“ірі мөлшердегі” заңсыз иемдену деп қылмыс жасалу кезінде Қазақстан
Республикасының заңнамасымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштен 
бес жүз есе асып түсетін мүліктің құны мен залалдың мөлшері танылады 
делінген. Егер кінәлі адамның пиғылы ірі мөлшердегі мүлікті иеленіп алуға 
бағытталған, алайда өзіне байланысты емес мән- жайлар бойынша жүзеге 
асырылмаған болса, жасалған әрекет нақты ұрланған мөлшеріне қарамастан 
ірі мөлшердегі талан-тараж әрекет жасау ретінде дәрежеленуге тиіс 


66 
делінген. Кінәлі адам бөтеннің мүлкін заңсыз бір емес, бірнеше рет иемденсе, 
өздігінен туындаған әрбір эпизод бойынша кінәлі адамның бөтеннің мүлкін 
заңсыз иемденіп алып қою пиғылы дербес жүзеге асырылған болса, онда 
талан-таражға түскен мүліктің құнын жиынтықтап қосуға жол берілмейді. 
Қылмыстың заты болған мүліктің құнын анықтау кезінде оны меншік иесінің 
мемлекеттік бөлшек, нарықтық немесе комиссиялық бағамен сатып алуын 
негізге алу қажет. Бағасы көрсетілмеген және заңсыз иемденген мүліктің 
құны бойынша дау туындаған жағдайда, мүліктің құны сарапшылар 
қорытындысының негізінде анықталады. Бөтеннің мүлкін заңсыз 
иемденуден келтірілген зиянның орнын толтыру сот шешім қабылдаған 
сәттегі бағамен анықталады. 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3 
бөлігінің “3”тармағына талдау жасайық. 
Иеленіп алу мен ысырап етудің аса ауырлататын тағы бір түрі - ұрлық 
немесе қорқытып алушылық үшін бұрын екі немесе одан да көп рет 
сотталған адамның жасауы. 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде талан-тараж деп 
пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе 
өзге иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының басқа адамдардың 
пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру 
танылады. 
Қазақсан Республикасының Жоғары Соты өзінің 2003 жылғы 11 
шілдедегі “Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот 
тәжірбиесі туралы ” №8 қаулысында “ Егер адам бұрын немесе қорқытып 
алғаны үшін екі және одан да көп рет сотталған болса және соттылығы
заңмен белгіленген тәртіппен жойылмаған және алынбаған болса, кінәлі 
адамдардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің
175,176, 177, 178-баптарының 3-бөлігінің “ в ”тармағы және Қылмыстық 
кодекстің 179-бабы 3-бөлігінің “г” тармағы бойынша дәрежеленуі тиіс”-деп 
көрсетілген. Сондай-ақ осы Кодекстің басқа баптарында ұрлық немесе
қорқытып алушылық үшін бұрын сотталған адам деп осы Кодекстің 175-181, 
248, 255, 260- баптарында көзделген бір немесе бірнеше қылмыс үшін 
сотталған адам танылады. 
Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет, 
ұйымдасқан топ, ірі мөлшерде, ұрлық немесе қорқытып алушылық үшін 
бұрын немесе одан көп рет сотталған адам жасаған саралаушы 
нышандардың мағынасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 
175 –бабын талдағанда ашылған. Олар иеленіп алу мен ысырап етуге де 
қолданыла алды. 
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 484-// 
Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруға байланысты, Қылмыстық 
кодекстің 176-бабының 3-бөлігінің “4” тармағы енгізілген. Бұл тармақтың 
жаңадан қосылғандығы орынды және тереңнен талдауды қажет етеді. 
Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген
адам, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен қатар жасауы - бұл


67 
бөтеннің мүлкін иеленіп алу мен ысырап ету арқылы талан-таражға салу өз 
қызмет бабын пайдакүнемдік ниетпен теріс пайдалану сыбайлас 
жемқорлық қылмыс танылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық 
кодексінің 307-бабындағы ескертуге байланысты қызметінің түріне 
байланысты былай топтастырған: 
1. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамдарға лауазымды 
адамдар, Парламент пен мәслихаттардың депутаттары, судьялар және 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес 
барлық мемлекеттік қызметшілер жатады. 
2. Мемлекеттік қызмет атқаруға уәкілетті адамдарға: 
1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар; 
2) заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының
Президенттігіне, 
Қазақстан 
Республикасының 
Парламенті 
мен 
мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару
сайланбалы органдардың мүшелігіне кандидаттар ретінде тіркелген 
азаматтар; 
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша 
жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің
қаражатынан еңбегіне ақы төленетін қызметшілер; 
4) мемлекттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің
үлесі кемінде отыз бес процент болатын ұйымдарда басқару қызметтерін 
атқаратын адамдар теңестіріледі. 
3.Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі 
қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі
басқару органдарында , Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен 
әскери құрылымдарында ұйымдастырушылық -әкімшілік немесе әкімшілік
шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды адамдар деп 
танылады. 
4. Мемлекет қызметтерін және мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін
тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, 
өзгеде заңдарында белгіленген лауазымдарды атқаратын адамдар, сол 
сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына 
сәйкес мемлекеттік қызметшілердің саяси лауазымдарын атқаратын
адамдар жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар деп түсініледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет