Ылмыстар институты



Pdf көрінісі
бет17/31
Дата25.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#59475
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31
Байланысты:
treatise9312

Бақылау сұрақтары: 
 
1. Ұйымдасқан топ жасаған иеленіп алу мен ысырап етуді саралаңыз? 
2.ірі мөлшерде жасалған талан-таражды саралаңыз? 
13. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген 
адам, егер оларды өзінің қызмет бабын пайдаланумен қатар жасауын 
саралаңыз? 
14. 2009 ж. Меншікке қарсы қылмыстарға жасалған өзгерістер мен 
толықтырудың мәні неде? 


68 
Әдебиеттер 
1.Каиржанов Е.И, Айкимбаев А. Проблемы борьбы с уклонением от уплаты 
налогов. Алматы, 2001, 40 с. 
2.Каиржанов Е.И, Исимов С.А. Борьба с кражами грузов на железно-дорожном 
транспорте. Алматы, 2001, 68 с. 
3. Чинхоев Ш.И. Квалификация хищений государственного и обществен-ного 
имущества в особо крупных размерах. Алматы, 1983, 119 с. 
4. Алауов Е. Проблемы правовой борьбы с вымогательством /Под ред. Е. 
Каиржанова. Алматы, 1997, 201 с. 
5.Каиржанов Е.И., Накипов Б.Н. Рецидивная преступность: состояние и 
профилактика. Алматы, 1996, 125 с. 
6. Нормативные акты и справочные материалы: Преступления против 
собственности //Ответ. Г.Т. Тленчиева. Алматы, 1997, 73 с. 
7.Филимонова А.А. Преступления против собственности граждан. Алматы, 
1980, 81 с. 
4 СЕНІП ТАПСЫРЫЛҒАН БӨТЕННІҢ МҮЛКІН ИЕЛЕНІП АЛУ
МЕН ЫСЫРАП ЕТУ АРҚЫЛЫ ТАЛАН- ТАРАЖҒА САЛУҒА ЖАЗА
ТАҒАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
4.1 М
ҮЛІКТІ ТАЛАН ТАРАЖҒА САЛУ ҮШІН ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ 
 
 
Қылмысты дұрыс саралау - мемлекеттің жаза мәселесін қолдану 
саласындағы қызметінің дұрыс жүзеге асырылуының алғашқы шарты болып 
табылады. Қылмыстық заңның 19-бабының 3 – тармағында көрсетілгендей, 
қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп 
танылады. Қылмыстық заңның осы нормасының өзі адамды қылмыстық 
жауапқа тарту үшін немесе кінәлі деп тану үшін оның жасаған іс- 
әрекетінде белгілі бір қылмыс құрамының белгілері болуы керек екендігін 
және қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері
бар іс-әрекетті істеу қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып 
табылатыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабында 
көрсетілген. Осыған ұқсас нормалар Қазақстан Республикасының
Қылмыстық істер жүргізу кодексінің көптеген нормаларында да бірнеше
рет көрсетілген. Іс-әрекетінде қылмыстың белгілері жоқ адамдар жауапқа 
және жазаға тартылмайды. Адамды қылмыстық жауапқа тарту оның іс-
әрекетінде белгілі, нақты немесе бірнеше қылмыс құрамының белгілері
бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. 


69 
Қылмысты дұрыс саралауға және жазалауға қатысты біршама авторлар
өз пікірлерін ұсынғаны белгілі. Соның ішінде әсіресе қылмысты саралау 
мәселесін Қазақстан Республикасы бойынша ауқымды қарастырған
профессор А.Н. Ағыбаев және А.Ш. Маликова. Қылмысты дұрыс саралау – 
қылмыстылықтың жағдайын, деңгейін, құрылысын, қозғалысын дұрыс 
анықтауға мүмкіндік береді. Ал, қылмысты дұрыс сараламаудың өзі 
қылмыстық құқықтың алдына қойған мақсаттарының бірі жасалған іс -
әрекеттерге дұрыс, әділ жаза тағайындау қағидасына қайшы келеді. 
А.Ш. 
Маликова 
өзінің 
диссертациясының 
авторефератында
көрсеткендей, қылмыстық заңға байланысты қылмыстық құқық
теориясында саралау түсінігінің қолданылғаны дұрыс болып табылады, 
өйткені қылмыстық -құқықтық нормаға сәйкес құқықтық баға беру, 
қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтау, қоғамға зиянды іс-әрекеттің 
сипаты мен дәрежесін белгілеу, қылмыстарды ажыратып жіктеу, оның
қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеу, норма бәсекелестігін
үйлестіру кезінде керекті нормаларды таңдап алу, сонымен қатар
қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде қылмысты саралау ретінде
көрініс табады делінген. 
А.Ш. Маликованың ойынша, қылмысты дұрыс саралау дегеніміз -
қоғамға қауіпті іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмыс 
құрамымен қамтылуын атайды. Қылмысты саралауда іс-әрекеттің қылмыс
құрамының тиісті баптары немесе оның бөліктеріне, тармақтарына сай 
келетіндігін дәлме-дәл көрсету қажет. Егер адамның іс-әрекетінде
бірнеше қылмыстың құрамы болса, онда оның іс-әрекеті бірнеше баптар 
немесе баптардың бірнеше бөліктері, тармақтары бойынша сараланады.
Қандай түрде болса да қылмысты дұрыс сараламау ол заңдылықты 
бұзуға, қылмысқа қарсы күрес жүргізетін органдардың беделіне нұқсан
келтірумен байланысты болады. Мұндай құбылысқа жол бермеу үшін
қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән-жайын терең зерттей білу,
істелген іс-әрекетті дұрыс саралау қажет, сондай-ақ қылмысты қылмыс 
еместіліктен немесе соған ұқсас қылмыстардан ажырататын белгілерді
айқындау керек. Біздің құқықтық мемлекетімізде бір де бір адам,
егер оның істеген іс-әретінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық
жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиіс емес. 
Демек, қылмыстық заңды дұрыс қолданып, істің мән – жайын терең 
зерттей білу, жасалған іс-әрекетті дұрыс саралау қажет деп ойлаймыз. 
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі (1997ж) 
қарастырылып отырған қылмыс үшін жаза түрлерін елеулі түрде кеңейтті. 
Қылмыстық кодекстің 38-бабы 1-бөлігі “Жаза - соттың үкімі бойынша 
тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Жаза 
қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға ғана қолданылады” деп 
көрсеткен. Қылмыстық жаза мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу 
құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес 
жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани 
шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру 


70 
мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да қылмыстық шара
мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген 
жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық 
кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты-әлеуметтік әділеттілкті
қалпына келтіру, сондай-ақ соталған адамды түзеу және сотталған адамның 
да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстарды жасауынан алдын ала 
сақтандыру екендігі айтылған. 
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз - қылмыс істеген 
адамға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, 
келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің
жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ 
жаза тағайындау болып табылады. Қазақстан Республикасы қылмыстық 
кодексінің 176 - бабының 1- бөлігінде жазаның бес түрі қарастырылған: 
1. екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе 
сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе 
өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға; 
2. жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық 
жұмыстарға тартуға; 
3. екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына; 
4. алты айға дейінгі мерзімге қамауға; 
5. үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. 
Енді осы жазаның жекелеген түрлеріне сипаттама беріп көрейік. 
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып табылатын 
жекелеген жазаларды қоданудың шарты, шегі және тәртібі белгіленген. 
Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі 
жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қылмыстық кодекстің 
40-бабы бойынша: айыппұл осы кодексте көрсетілген шекте, заңмен 
белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік 
көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған 
адамның жалақысынан немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең 
ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу 
(40-бап, 1-бөлігі). Айыппұл негізгі немесе қосымша жаза ретінде тек қана 
заңда көрсетілген ретте және соның шегінде ғана қолданылады және 
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық көрсеткіштің
жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі шегінде немесе сотталған адамның
жалақысының немесе екі аптадан бір жылға дейінгі кезеңдегі өзге де 
табысының мөлшерінде тағайындалады. Айыппұлдың мөлшерін жасалған 
қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере 
отырып сот белгілейді. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негізгі 
жұмыстан немесе бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды 
орындауынан тұрады, олардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар 
немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді. Жазаның бұл түрі 
негізгі жаза ретінде санкцияларда тікелей көрсетілген жағдайларда
қолданылады. ҚР ҚК 45, 46 және 48-баптарында көзделген мерзімдер 
шегінде, егер сотталған адам қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтарған 


71 
ретте бас бостандығын шектеумен, қамауға алумен немесе бас 
бостандығынан айырумен ауыстырылады. ҚК 43-бабына сәйкес түзеу 
жұмыстары сотталған адамды мәжбүрлеп еңбекке тарта отырып, үкімде 
көрсетілген оның ай сайынғы табысының бір бөлегін мемлекет пайдасына
ұстауды білдіретін қылмыстық жазаның бір түрі болып табылады. ҚК 46-
бабының 1-бөлігіне сәйкес, қамау - сотталған адамды қатаң оқшаулау 
жағдайында ұстау болып табылады. Бас бостандығынан айыру дегеніміз (48-
бап) - сотталған адамды сот белгілеген мерзімде күшпен қоғамнан оқшаулап, 
оны 
арнайы 
белгіленген 
түзеу 
мекемелеріне 
орналастыру.
Байқағанымыздай, сот саралаған иеленіп алу немесе ысырап етушілік 
жасаған жағдайда тағайындай алатын санкциялардың тізімі қылмыстық 
жазаның әртүрлі дәрежесін қамтиды. Қазақстан Республикасының 1997 
жылғы 16 шілдедегі “Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексін 
күшіне енгізу туралы” заңына сәйкес қамауға алу сияқты қылмыстық жаза 
әлі әрекет ету күшіне енбесе де сотқа ысырап етушінің жеке басының 
сипаттарына және жасалған қылмыстың ауырлығына және тағы басқа қажет 
нақты жаза тағайындауда және таңдауда үлкен мүмкіндік берілген. 
Иеленіп алу мен ысырап етудің сараланған тобын (Қазақстан 
Республикасының қылмыстық кодексінің 176- бабының 2- бөлігі) жасағаны 
үшін сот келесідей балама жаза тағайындауы мүмкін: 
1. бес жүзден бір мың айлық есептік – көрсеткішке дейінгі мөлшерде 
немесе сотталған адамның бес айдан бір жылға дейінгі кезеңдегі 
жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға; 
2. төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге; 
3. мүлкін тәркілеп немесе онсыз белгілі бір лауазымдарды атқару немесе 
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра 
отырып, екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру. 
Бас бостандығын шектеу жазасы сияқты қылмыстық жаза әлі күшіне 
енбегенін есепке ала отырып соттың жоғарыда айтылған екі жазаның біреуін 
таңдауға мүмкіндігі бар. 
Ерекше сараланушы мән-жайлар бойынша бөтеннің мүлкін иеленіп алу 
және ысырап ету арқылы талан-тараж жасағаны үшін (Қазақстан 
Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-бөлігі) заң шығарушы 
мүлкін тәркілеп және үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды 
атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес 
жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын 
қарастырған. 
Өзге мемлекеттердің заң шығару тәжірибесін зерттеу мынаны көрсетеді, 
бұрынғы ССР Одағының барлық республикаларының ішінде, кейбір 
мемлекеттер бөтен мүлікті иеленіп алғаны және ысырап еткені үшін 
қылмыстық жазалау шараларымен салыстырғанда, лауазымды тұлғаның 
бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап ету жолымен талан-таражға 
салғаны үшін қатаңдау жаза тағайындаған. Мысалы, Латвия Республикасы 
Қылмыстық кодексінің 179-бабында, Эстония Республикасы Қылмыстық 
кодексінің 141- бабында. Біздің ойымызша мұндай көзқарас мүлік иелерінің 


72 
мүддесін меншік нысанына байланыссыз қорғау теңдігі қағидасына қайшы 
келеді. 
Тәжірибеде туындап жатқан тағы бір маңызды мәселенің бірі – ірі 
мөлшерде бөтеннің мүлкін иеленіп алу мен ысырап ету арқылы талан-
таражға салғаны үшін жауаптылық мәселесі. 
Кейбір зерттеушілер бөтеннің мүлкін талан-тараждаудағы келтірілген 
зиянның мөлшеріне қарай жауаптылықты әрі қарай дифференциялау керек 
деген мәселені алға тартады. Біздің пікірімізше, жалпы алғанда бұл 
ұсыныстар орынды. Қазіргі жағдайларда сәйкес қылмыстық-құқықтық 
нормаларда бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иеленіп алуы мен ысырап 
еткені үшін жауаптылықты қарау қажеттілігі бар. Тәжірибеде талан-таражға 
салынған бөтен мүліктің мөлшері Қазақстан Республикасының қылмыстық 
кодексінің 175 - бабындағы ескертуде көрсетілген мөлшерден (500 айлық 
есептік көрсеткіш) асып кететін жағдайлар кездесетіні сирек емес. Бөтеннің 
мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету жолымен мұндай әдіспен талан-тараж
ету ірі мөлшердегі талан-тараж етуден қоғамдық қауіптілігі өте жоғары. 
Бұдан шығаратынымыз, бөтеннің мүлкін ерекше елеулі ірі мөлшерде 
талан-тараж ету сияқты ерекше сараланушы белгі Қазақстан 
Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілуі тиіс. 
Көрші мемлекеттердің заңдарын талдағанымызда, ТМД мемлекеттерінің 
кейбірінің Қылмыстық кодексінде аса ірі мөлшерде талан-тараж ету ерекше 
сараланушы белгі ретінде қарастырылған. Мысалы, Өзбекстанның 
(Қылмыстық кодексінің 164, 167, 168, 169- баптарының) және Украинаның 
(Қылмыстық кодексінің 185, 186, 187, 199, 191-баптарында) Қылмыстық 
кодексінде қарастырылған. 
Бұл ұсынысты есепке алу айлық есептік көрсеткішті екі мың есе асатын 
мөлшерде бөтен мүлікті аса ірі мөлшердегі талан-тараж ету үшін қылмыстық 
жауаптылықты күшейтуге мүмкіндік берер еді, яғни айлық есептік 
көрсеткіштен екі мың рет асатын талан-тараж Қазақстан Республикасының 
заңдылығында қылмыс жасау кезінде бекітілу керек. 
Бұдан шығаратын қорытындымыз, біздің ойымызша, бөтеннің мүлкін 
иеленіп алу және ысырап ету арқылы аса ірі мөлшерде талан-таражға 
салғаны немесе ұйымдасқан топтың талан-тараждағаны үшін жеті жылдан 
он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және міндетті түрде 
мүлкін тәркілеу түріндегі қылмыстық жаза тағайындалған жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет