Ылмыстар институты


Қуатовтың әрекеті қалай сараланады?



Pdf көрінісі
бет20/31
Дата25.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#59475
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
treatise9312

Қуатовтың әрекеті қалай сараланады? 
Егер де өрт адам құрбандығына әкеліп соқса, әрекетті саралау 
өзгерер ме еді? 
 
7 тапсырма 
Латин театрдың киім шешетін жерінің еденінен Юсуповқа тиесілі 
қойын кітапшасын тауып алады. Қойын кітапшасының ішінен «Романс» 
маркалы алтын сағаттың жөндеуге берілгендігін растайтын тапсырыс 
түбіртегін тауып алып, 70 000 теңгеге бағаланған алтын сағатты тиісті 
түбіртек бойынша алады. 
Латиннің әрекеті қалай сараланады? 
8 тапсырма 


75 
Борисов Михайловтың ұсынысымен 2700 АҚШ долларына ешбір 
құжатсыз автокөлікті салып алады. Арада 4 күн өтісімен Михайловтың 
Борисовқа ұрланған автокөлікті сатқаны мәлім болып, оның бағасы 5800 
АҚШ долларына бағаланғандығы анықталады. 
Борисов қылмыстық жауапкершілікке тартылады ма? 
 
9 тапсырма 
Қабанов пен Ходыров КАМАЗ маркалы жүкавтокөлігімен ауылға 
келеді. Машинаны Қанаевтің үйінің маңына қойып, Қанаевтың меншігіндегі 
атты айдап әкеліп артады. Сол уақытта жәбірленуші үйінен жүгіре шығып 
мылтықтан оқ атады. Қылмыскерлер қорқып, автокөлік пен жылқыларды 
тастап тығылғанымен кейіннен ұсталады. 
Іс барысында мынадай сұрақтар туындайды: ұрлық аяқталған ба, жоқ 
па? Аудандық сот ҚР. КК 175б., 2б. сәйкес кінәлілер сотталады және 24 
бапқа сілтеме жасау қажет емес деп шешеді. 
Бұл сұрақты қалай шешуге болатын еді, егер ұрланған мүлікті 
мекеменің күзетілетін аумағында жасырып қойып, айыпты бақылап-
өткізу бекетінде қолға түссе? 
 
10 тапсырма 
Виктор мен Константин Соловьевтар мас күйінде велосипедпен кетіп 
бара жатқан 4 азаматты кездестіреді. Константин солардын ішіндегі 1 
азаматтан велосипедін беруді талап етті. Талапты орындаудан бас тартқан 
Дятьковты басынан ұрған Константин қарсы соққы алады. Сонда 
Соловъевтің екеуі де жәбірленушіні бас сала ұрып, Виктор кірпішпен арқасы 
мен басынан соғып, ұялы телефонын алып қояды. Кейіннен айыпталушылар 
оқиға болған жерден қашып кетеді. Медициналық қорытынды бойынша 
жәбірленуші денсаулығының қысқаша бұзылуына әкеліп соққан жеңіл 
жарақат алады. 
Бастапқыда айыпталушылардың әрекеттерін сот қарақшылық деп 
саралағанымен, 2-ші инстанцияда сот қарақшылыққа қатысушылардың 
біреуіның әрекетінде эксцесс бар және ол ұялы телефонды иеленумен көрініс 
тапты, сондай-ақ қылмысқа басқа қатысушының әрекеті яғни, велосипедті 
бер деп талап ету мен жәбірленушіні ұру қасақана бұзақылықпен шектеледі 
деп шешті. Іс барысында анықталғандай Соловьев Константинге велосипед 
бөтеннің мүлкін ұрлаудың міндетті белгісі болып табылатын иелену үшін 
емес, дүкенге барып келу үшін уақытша керек болған. 
Ұрып-соғу кезінде жәбірленушінің қалтасынан жерге түсіп қалған ұялы 
телефонды Виктор ұрып-соғудың құралы ретінде қолдану үшін алған. 
Соңыра телефон өзінде қалғанымен Викторда оны иеленіп кету ниеті 
болмаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет