Реферат тақырыбы: 1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидалары
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары мен міндеттері.
3. Қылмыстық іс жүргізу құқығының зиянды өтеуі
Тақырып бойынша тест: 1. Соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенше айыпталушыны кім кінәсіз деп есептейді 1. айыптау қорытындысын жасаған тергеуші
2. айыптау қорытындысын бекіткен прокурор
3. үкімді қабылдаған сот
4. сотта айыптау сөзімен шыққан прокурор
5. айыпталушының жұмыс берушісі
2.Қылмыстық процесте тарап ретінде кім қатыса алады 1. куә
2. сарапшы
3. азаматтық талапкердің өкілі
4. аудармашысы
5. сот мәжілісінің хатшысы
3.ҚР-ның қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, сезікті- 1. айып таққанға дейін бұлтартпау шарасын қолданған тұлға
2. айғағы бар тұлға
3. қылмыс жасады деп сезік туғызған тұлға
4. сезікті ретінде тану жөніндегі қаулыға қатысты тұлға
5. қылмыстық процесс қатысушысы
4.ҚР-ның қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, айыпталушы 1. Айыпталушы ретінде тарту жөніндегі қаулыға қатысты тұлға
2. айып тағылған тұлға
3. соттың өз өндірісіне қабылдаған іске қатысты тұлға
4. қылмыс жасағаны үшін айыпталған тұлға
5. қылмыстық процесс қатысушысы3
5.Қылмыстық процесте тарап ретінде кім қатыса алады 1. куә
2. сарапшы
3. азаматтық талапкердің өкілі
4. аудармашысы
5. сот мәжілісінің хатшысы
Дәріс 3. Ақтау. Іс жүргізу мерзімдері Жоспар: 1. Айыпталушы ретінде тартылған адамды кінәсіздігін тану жолымен ақтау.
2. Толық ақтау және ішінара ақтау
3. Мерзімдерді есептеу, сақтау және мерзімдерді қалпына келтіру.
1. Сот бойынша ақталған адам, сонымен бiрге оған қатысты жеке және жеке жариялы істер негiзінде қылмыстық iстi қысқарту туралы қылмыстық iзге түсу органының қаулысы шығарылған айыпталушы (сезiктi) кiнәсiз деп саналады және оның Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бiр шектеуге болмайды.
2. Адамға заңсыз ұстаудың, қамауға алудың, үйде қамауда ұстаудың, қызметiнен уақытша шеттетудiң, арнаулы медициналық мекемеге орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың нәтижесiнде келтiрiлген зиян қылмыстық процестi жүргiзушi органның кiнәсiне қарамастан толық көлемде республикалық бюджеттен өтеледi.
Сот бойынша ақталған адам, мүлiктiк зиянның толық көлемiнде өтелуiне, моральдық зиянның зардаптарының жойылуына және еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарының қалпына келтiрiлуiне құқығы бар. Соттың үкiмi бойынша құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенiнен, дипломаттық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан, сондай-ақ мемлекеттiк наградаларынан айырылған адамдардың атағы, сыныптық шенi, дипломаттық дәрежесi, бiлiктiлiк сыныбы қалпына келтiрiледi, мемлекеттiк наградалары қайтарылады.
3. Қылмыстық іс жүргізу Кодексте белгiленген мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен, жылдармен есептеледi. Мерзiмдердi есептеу кезiнде мерзiмнiң өтуi басталатын сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Мерзiмдi есептеу кезiнде оған жұмыс уақыты емес уақыт та кiредi. Мерзiмдi тәулiкпен есептеу кезiнде мерзiм оның ақырғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында аяқталады. Мерзiмдi айлармен немесе жылдармен есептеу кезiнде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде аяқталады, ал егер бұл айдың тиiстi күнi болмаса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс күнi емес (демалыс, мереке) күнге келсе, онда ұстау, қамауға алу, үйiнде қамауда ұстау және медициналық немесе арнаулы оқу-тәрбие мекемесiнде болуы кезiндегi мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң ақырғы күнi болып саналады. Егер шағым, өтiнiш немесе өзге де құжат мерзiм аяқталғанға дейiн почтаға тапсырылса, оны қабылдауға уәкiлеттi адамға берiлсе немесе мәлiмделсе, ал күзетпен ұсталушы не медициналық мекемеге орналастырылған адамдар үшiн, - егер шағым немесе өзге де құжат күзетпен ұстау орнының немесе медициналық мекеменiң әкiмшiлiгiне мерзiм аяқталғанға дейiн тапсырылса, мерзiм өтiп кеткен болып саналмайды. Шағымды немесе өзге де құжатты почтаға тапсыру уақыты почта штемпелi бойынша, ал оны қабылдауға уәкiлеттi адамға немесе күзетпен ұстау орнының немесе медициналық мекеменiң әкiмшiлiгiне тапсыру уақыты - бұл ұйымдар кеңсесiнiң немесе лауазымды адамдарының қойған белгiсi бойынша айқындалады. Лауазымды адамдардың белгiленген мерзiмдi сақтауы iс жүргiзу құжаттарында тиiстi көрсетумен расталады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысушы адамдарға тапсырылуға жататын құжаттардың алынғандығы iске қоса тiгiлген олардың қолхатымен расталады.
Мерзiм аяқталғаннан кейiн процеске қатысушылармен жасалған iс жүргiзу әрекетi жарамсыз болып саналады.
Дәлелдi себептермен өткiзiлiп алынған мерзiм, мүдделi адамның өтiнiшi бойынша, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың немесе iс жүргiзiп отырған судьяның қаулысымен қалпына келтiрiлуi мүмкiн. Бұл орайда мерзiм, егер қылмыстық процестi жүргiзушi органның тиiстi шешiмiмен өзгеше көзделмесе, басқа адамдар емес, оны өткiзiп алған адам үшiн қалпына келтiрiледi. Мүдделi адамның өтiнiшi бойынша белгiленген мерзiм өткiзiлiп алып шағым жасалған шешiмдi орындау өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы мәселе шешiлгенге дейiн тоқтатыла тұруы мүмкiн