«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар


Қай сот бірінші инстануциялы сот ретінде істі қарайды



бет12/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

3 .Қай сот бірінші инстануциялы сот ретінде істі қарайды
1. апелляциялық
2. қадағалау
3. жаңа ашылған мән-жайларға байланысты істі қараушы сот
4. ҚР-ның Жоғарғы соты
5. кассациялық
4 .Өкіл ретінде қатыса алмайды
1. қоғамдық ұйымның өкілі
2. зайыбы (жұбайы)
3. қамқоршы
4. ағасы (апасы)
5. барлығы өкіл бола алады
5 .Сезікті және айыпталушының міндеті болып табылмайды
1. іс бойынша көрсетпе беру
2. шақыру бойынша келу
3. салыстырмалы зерттеу үшін үлгілер беру
4. қылмыстық әрекеттерді жалғастырмау
5. барлығы міндеттері болып табылады


Дәріс 4. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу
Жоспар:
1. Қылмыстық істі біріктіру
2. Қылмыстық істі бөлектеу
3. Қылмыстық іс бойынша қылмыстық істі тоқтата тұру
4. Қылмыстық істі қысқарту
5. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді аяқтау
6. Қылмыстық іс жүргізу құпиялығы
1. Бiр iс жүргiзуде бiр немесе бiрнеше қылмыстарды жасағандығына, қатысқандығына бiрнеше адамдарды айыптау жөнiндегi iстер, адамның бiрнеше қылмыс жасағандығын айыптау жөнiндегi iстер, сондай-ақ бұл қылмыстарды күнi бұрын уәде берiлмей жасырғандығын немесе олар туралы айтпағандығын айыптау жөнiндегi iстер бiрiктiруi мүмкiн.
Бiр iс жүргiзуде:
1. Әртүрлi адамдарға қатысты бiрдей айыптау;
2. Жеке айыптау iсi қаралатын жағдайларды қоспағанда, бiр-бiрiне қатысты қылмыс жасағандығы таңылатын адамдарға қатысты айыптау;
3. Бiреуi бойынша қылмыстық iзге түсу жеке түрде, ал екiншiсi бойынша - жария түрде жүзеге асырылатын iстер;
4.Бiрiктiрiп қарау iстi объективтi қарауға бөгет жасайтын барлық басқа да айыптаулар бiрiктiрiлмеуi тиiс.
Iстердi бiрiктiру қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады. Бiрнеше iс бiрiктiрiлген iс бойынша iс жүргiзу мерзiмi уақыты бойынша соңғы iс қозғалған күннен бастап есептеледi. Егер бiрiктiрiлген iстердiң бiреуi бойынша жолын кесу шарасы ретiнде қамауға алу не үйiнде қамауда ұстау қолданылса, тергеу мерзiмi аталған жолын кесу шаралары қолданылған iс қозғалған күннен бастап есептеледi. Бiрнеше қылмыстық iс бiр iске бiрiктiрiлген жағдайда олар бойынша алдын ала тыңдауды өткiзу мерзiмi сотқа соңғы iс түскен күннен бастап есептеледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет