«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар


Сот қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық iстен



бет13/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
2. Сот қылмыстық iзге түсу органы қылмыстық iстен:
1. Қылмыстық iс тоқтатылуға тиiс болғанда жекелеген айыпталушыларға;
2. Мемлекеттiк құпияларды қорғауға байланысты жабық сот талқылауы үшiн негiз оған қатысты болатын, бiрақ басқа айыпталушыларға қатысты болмайтын жекелеген айыпталушыларға;
3. Ересектермен бiрге қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмаған айыпталушыға;
4. Қылмыстық жауаптылыққа тартуға жататын жекелеген анықталмаған тұлғаларға қатысты басқа
қылмыстық iстi жеке жүргiзуге бөлектеуге құқылы.
Егер ол iстi тергеу мен шешудiң жан-жақтылығына, тұтастығына әсер етпесе, қылмыстық iстердi бөлектеуге рұқсат етiледi. Iстi бөлектеу қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады. Бөлектелген iс бойынша iс жүргiзудiң мерзiмi жаңа қылмыс бойынша немесе жаңа адамға қатысты iстi бөлектеу туралы қаулы шығарылған күннен бастап есептеледi. Қалған жағдайларда мерзiм негiзгi қылмыстық iс қозғалған кезден бастап есептеледi.
3. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу тергеуші мен анықтаушымен:
1. Айыпталушы ретiнде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауы;
2. Айыпталушы тергеуден немесе соттан жасырынып қалған не оның тұратын жерi басқа себептермен анықталмаған;
3.Айыпталушыны қылмыстық iзге түсу иммунитетiнен айыру не оны шетелдiк мемлекеттердiң беруi туралы мәселелердiң шешiлуiне байланысты айыпталушының iске қатысуының нақты мүмкiндiктерi болмаған;
4. Айыпталушы жүйкесiнiң заңда көзделген тәртiпте куәландырылған уақытша бұзылуы немесе өзге де ауыр науқастануы;
5. Айыпталушының Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болуы;
6. Соттың аталған қылмыстық iсте қолданылуға тиiс заңның немесе өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң Конституцияға сәйкес еместiгiн тану не адамның және азаматтың Конституциямен бекiтiлген құқықтары мен бостандығын шектейтiндiгi туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне өтiнiш жасауы;
7. Қылмыстық iс бойынша одан әрi iс жүргiзуге уақытша кедергi келтiретiн тежеусiз күштiң iс-әрекетi;
8. Тиiстi сараптама жүргiзу үшін қылмыстық істі тоқтата тұрады;
Сотта қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу, егер жеке айыптау iсi бойынша жеке айыптаушы оның ауыр науқас екендiгiне, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде iс-сапарларда болуына немесе азаматтық борышын орындауына байланысты сотта қылмыстық iзге түсудi жүзеге асыра алмаған жағдайда да соттың қаулысымен толық немесе тиiстi бөлiгiнде тоқтатыла тұруы мүмкiн. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе жаңарту туралы процеске қатысушыларға хабарланады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қылмыстық iстi тоқтата тұру туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады.
4. Қылмыстық iс жүргізу кодекстің 37, 38-баптарында көзделген негiздер бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi органның қысқартуына жатады. Қылмыстық iс қысқартылғанға дейiн сезiктiге, айыпталушыға қысқартылу негiзi мен осы негiздер бойынша қысқартылуға қарсылығын мәлiмдеу құқығы түсiндiрiледi. Қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулының күшi жойылған жағдайда iс бойынша iс жүргiзу қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзiмiнiң ескiруi шегiнде жаңартылады. Қылмыстық iстiң қысқартылғандығы туралы және iс бойынша iс жүргiзудiң жаңартылғандығы туралы сезiктiге, айыпталушыға, қорғаушыға, сондай-ақ жәбiрленушiге, оның өкiлiне, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлiне өтiнiштерi бойынша iс қозғалған жеке және заңды тұлғаларға жазбаша хабарланады. Қылмыстық iзге түсу органы шығарған қылмыстық iстi қысқарту туралы және iс бойынша iс жүргiзудi жаңарту туралы қаулының көшiрмелерi жиырма төрт сағаттың iшiнде прокурорға жолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет