«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар



бет21/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

Бақылау сұрақтары:
1.Қылмыстық процеске қатысушылардың ұғымы нені білдіреді
2. Тергеуші мен анықтау органы.
Глоссарий:
1. «Өкiлдер» - заңның немесе келiсiмнiң күшiне орай жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге уәкiлдiк берiлген адамдар;
2. «Заңды өкiлдер» - сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ сезiктiнi, айыпталушыны немесе жәбiрленушiнi қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкiлдерi;
3. «Туыстар» - үлкен атасы мен үлкен әжесiне дейiн ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар;
4. «Жақын туыстар» - ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бiрге туған және бiрге тумаған туыс аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi;
5. «Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар» - сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;
6. «Қылмыстық iс» - жасалды деп жорамалданған бiр немесе бiрнеше қылмыстар бойынша қылмыстық iзге түсу органы мен сот жүргiзетiн оқшауландырылған iс жүргiзу;
7. «Іс бойынша iс жүргiзу» - қозғау, сотқа дейiнгi дайындау, сотта талқылау және соттың үкiмiн (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық iс бойынша жүзеге асырылатын iс жүргiзу әрекеттерi мен шешiмдерiнiң жиынтығы;
8. «Қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу» - қылмыстық iс қозғалған кезден бастап оны мәнi бойынша қарау үшiн сотқа жолдағанға дейiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу (анықтау және алдын ала тергеу), сондай-ақ қылмыстық iс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдар дайындауы;
9. «Істiң материалдары» - iстiң құрамдас бөлiгi болып табылатын немесе оған қосу үшiн ұсынылған құжаттар мен заттар; хабарлаулар, сондай-ақ iс бойынша жағдайды белгiлеу үшiн маңызы болуы мүмкiн құжаттар мен заттар;
10. «Іс жүргiзу әрекеттерi» - қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн iс-әрекеттер;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет